Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты (стр. 6 из 6)

Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделген, еркін сауда және протекционизм . Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан, ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.

Қазақстан Републикасының сыртқы сауда айналымыда Ресей Федерациясымен жасалатын сауда жетекші роль атқарады, ол бұрынғы тарихи қалыптасқан процестердің арқасында Қазақстанның негізгі сауда әріптесі және қазақстан өнімінің негізгі тұтынушысы болып табылады.

Біз Қазақстанның жаһандану экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ед болуын қалаймыз. Әлемдегі жаалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген , дүниежүзлік шаруашылықтан шағында болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиалық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, және жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.

Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтпусыз жүргізіліп жатыр.Республиканың сыртқы сауда режимін реттйтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.

Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүлік рыноктағы бесекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ж. 18 ақпан.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2006 ж. 1 наурыз.

4. Актілер жинағы 2007 жылы №115, 116 бет

5. Дала мен қала 2006 29 қыркүиек

6. Әубәкіров Ә.Я. «Экономикалық теория», Алматы: «Экономика», 2001

7. Камалин Сыртқы сауда эканомикасы Алматы 2005

8. Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005жыл. 506 – 513 бет