Жоспар:
Кіріспе
1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................
2. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................
3. Халықаралық сауда теориялары.........................................
Қорытынды
Пайдаланылған эдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».
2006жылы 1 наурыздағы Қ.Р. президентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті жөнінде «экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары экспортты азйтып, импортты жоғарлату жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдаған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалауды» тапсырды..
Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, ла теориалар жасауға божам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алйда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.
Казіргі халыкаралык байланыстардьң саяси, экономикалык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді баскарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қатая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен тусіндіріледі.
Бұл рефератта сауда саясатының сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты кажстті неізі санаттар, түсініктер мен жіктеулер кслтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылык астарына ерекше назар аударылады. Бұл кызметтің неігзі сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымыньң сипаттамасы бо-лып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары бім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті. Сондай-ақ, рефератта халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдал-дарыньң кызмет үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б. қарастырылды.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жолдауында:Біз 2030 жылы Азия Барысы.на айналуымыз керек.Бірнеше жылдан кейін Қазақстан Дүниежүзлік Сауда Ұйымына ДСҰ мүшелікке өтпек. Сөзсіз бұдан біздің ұтарымыз аз емес . Шекара ашылған соң кәсіпкерлеріміз өз тауарларын ешбір шектеусіз шетелге шығаруға мүмкіндік алады.
Сондықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлеріміздің алдында тұрған ең негізгі міндеттердің бірі – сапалы өнім шығаруға қол жеткізу, өйткені шетелдік өнімдерге бәсекелес бола алмаса, отандық бизнес өкілдері бонкротқа ұшырайды.
1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
"Солтүстік-Оңтүстік" жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін "Солтүстпік--оңтүстік" жүйесіндегі экономикалардың өзара қатнастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде кономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған, кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты — ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибе; 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір - бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан; енді кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елден алғашқы кездері тек қана экспортгық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әқелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференнцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірісі фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.
Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін ауыстыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарды таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларі терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Әлемдік нарықтың динамикалық, өзгермелі конъюнктура жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік шенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.