Смекни!
smekni.com

Жол оз алысы ауіпсіздігін амтамасыз етуді м селелері ж не оны шешу жолдары (стр. 2 из 4)

Бұл жоспарды әзірлеуге БҰҰ Даму бағдарламасы, еліміздегі Ни­дерланды Корольдігі мен Ұлыбри­та­ния елшіліктері, халықаралық және үкіметтік емесұйымдар үлес қосты. Еліміз мұндай жос­пар­ды алғаш рет қабылдай отырып, оны ТМД аумағында алғаш рет қолданған да ел болып отыр. Сон­дық­тан Адам құқықтары саласын­дағы ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру Қазақстанға құқық­тық мемлекет құруда, адам құқық­тарын қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін нығайтуда, жал­пыға ортақ танылған халық­ара­лық нормалар деңгейінде кемел­ден­ген азаматтыққоғам құруда жаңа бастамаларға қол жеткізуге мүм­кін­дік береді, — деп атап көрсетті С.Тұрсынов. Және де еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін дамытуға, азамат­тардың саяси, әлеуметтік, эко­но­микалық, және мәдениқұқық­та­рын, соның ішінде, халықтыңәлеу­меттік жағынан қорғалатын топ­тары­ныңқұқықтарын халықаралықөлшемдер деңгейінде қамтамасыз ету баса көрсетілген.

Ал БҰҰ-ның еліміздегі рези­дент-үйлестірушісі Хаолянь Шу мырза өз сөзінде бұл жоспарды дайындаудан бұрын Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы толық зерттеулер жүргізілгенін, бұл үшін арнайы есептер әзірленгенін, ал, бұл жұмысұлттық жоспардың адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық нормаларына сай екен­дігіне орай талдауға мүмкіндік бергенін айтып өтті. Адам құқық­тары жөніндегі комиссия мен Ұлт­тық жоспарды дайындау жөніндегі жұмыс тобы мүшелері халықаралық тәжірибені назарға алды. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Адамқұқықтары жөніндегі кеңесініңқұ­рылуын және оның жұмысын бел­сенді түрдеқорғады. Мен сіздердің елдеріңіздегі азаматтыққоғам мен Үкімет арасындағы диалогтың жаңа деңгейге көшуіне жақсы жағдай жасайтынына сенімдімін. Атап айт­қанда, бұл Ұлттық жоспар Қазақ­стан Үкіметінің “Еуропаға жол” бағдар­лама­сын жүзеге асыруда, және 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етуі қар­са­ңын­дағы ұлттық заң­наманы халық­ара­лық стандарт­тар­ға сәйкес келтіру жөніндегі Үкіметтің атқаратын жұ­мысында да маңызы өте зор деп білемін, – деді өкіл.

ЖОЛ АПАТЫН БОЛДЫРМАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жыл сайын жол-көлік апаты мыңдаған адам өмірін қиып, орасан қайғы-қасіретәкеледі. Оған қарсы жасалып жатқан ша­ралар әзірге айтарлықтай нәтиже бермей тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері 251,6 мың жол апаты тіркеліп, онда 57 мың адам көз жұмды. 300 мыңға жуық адам жарақат алған. Сондықтан да бұл мәселе кеше Президент Әкімшілігі Бас­шы­сының орынбасары Т.До­нақовтың төр­ағалығымен өткен Қазақстан Рес­публи­касындағы жол қауіпсіздігінің жағ­дайы туралы кеңесте жан-жақты талқыланды.

Бұл кеңес Президент Әкімшілігініңжұ­мыс жоспарына сәйкес өтіп отырған­дық­тан онда жол қауіпсіздігініңқазіргі жағ­дайы және ЖКО болдырмауға бай­ла­нысты атқарылып жатқан шаралардың жай-күйі ортаға салынды. Кеңеске Бас про­курор, Жоғарғы Сот Төраға­сы, Ішкі істер, ТЖ министрлері және бірқатар ведомстовалардың бірінші басшылары қа­тысты. Аталған мәселе бұдан бұрын Мем­лекет басшысыныңқатысуымен де қа­рал­ған болатын. Соған орай онда әуелі Ел­ба­сыныңқойған талаптарыныңқанша­лық­ты дәрежеде орындалып жатқандығы сараланды. Жағдайға бай­ланысты алда тұрған күрмеуі қиын мәсе­лелерді шешудің ша­ралары талқыланды. БҰҰ мәліметіне қа­рағанда, жыл сайын жол-көлік оқиға­сы­нан әлемде 1 млн. 200 мың адам опат бо­ла­ды екен. Елу мыңға жуық адам түрлі жа­рақат алады. Сонда жалпы алғанда бұдан келетін шығын 50 млрд. доллардан асып жығылады.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2020 жылдарға қарай әлемде жол-көлік оқиғасынан зардап шегу 65-70 пайызға артатын көрінеді. Сөйтіп ол жаһандықөлім себебінің арасында үшінші орынға көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанда соңғы он жыл ішінде көлік саны екі есе ұлғайып, 3,2 миллионға жетті. Соған байланысты жүргізушілердің жол ережесін бұзу деректері де көбейіп кетті. Бұған тосқауылқойылуы үшін 2008 жылы Қазақстанда алғаш рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заңқабылданды. Осы орайда, жол қоз­ға­лысықауіпсіздігін бақылайтын иннова­ция­лық технологиялар енгізіле бастады. Астана, Алматы секілді ірі қалаларда қоз­ғалыс режімінің шапшандығын бақы­лай­тын 141 автоматты жүйе орнатылды. Үс­тіміздегі жылдан бастап берілген әкімшілік шаралар мен олардың орындалғаны туралы мәлімет сақтайтын біртұтас автоматтандырыл­ған банк жүйесі іске аса бастады. Жүргізу­ші­лерді дайындау жөніндегі оқыту орталық­тарыныңқызметін лицензиялау жүзеге асты.

Сөйтіп, осындай атқарылған жұмыстар нәтижесі көлік жолдарындағы апат пен жарақат алудың азаюына біршама әсерін тигізді. Мәселен, 2008 жылы ЖКО 2007 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға төмендеді. Оның ішінде опат болғандар 23,2 пайызға, жарақат алғандар саны 13,5 пайызға азайды. Сол сияқты үстіміздегі жылы да ЖКО 8,4 пайызға, қайтыс бол­ғандар 17,8 пайызға және жарақаттан­ған­дар 9,5 пайызға кеміді. Біраққанша жер­ден саны азайды десек те, жол-көлік оқи­ғасы тыйылар емес. Сондықтан кеңесте жол-көлік оқиғасының нақты болмысы жолқозғалысы қауіпсіздігін жүйелі түрде шешуді және өкілетті мемлекеттік орган­дар­дыңқызметін тиімді үйлестіру қажет­тілігін көрсететіні айтылды. Қазақстанда ЖКО салдарынан 100 мың адамға 21 опат болып келеді. Бұл дамыған елдер дең­гейі­нен екі есе асып түседі. Демек, ауруын жа­сырған өледі дегендей, жол-көлік апатының алдын алу мәселесінде әлі де атқарылмай жатқан істердің бар екендігін мойындау қажет.

Көшеде кетіп бара жатқан жаяу жүр­гінші, не көлік жүргізушісі болсын олар­дың бәрі де жол қозғалысының мүшелері болып табы­лады. Сондықтан жазығы жоқ жандардыңөмі­ріне қауіп төндірген жол ережесін бұзу­шыны да аяудың еш қажеті жоқ. Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде еліміздің автожол­дарында 2028 опат болып, 10 327 адам түрлі жарақат алды. Олардың 80 пайызы тепсе темір үзетін жастағы еңбек қабілеті жоғары жандар десек, әрбір сегізіншісі (132 бала мерт болып, 1428-і ауыр жарақаттанды) кәмелетке толмаған балдырғандар.

Қалыптасқан ауыр жағдайдың себебі неде? Кеңеске қатысушылар оның себебі мен салдарын да айтып өтті. Қауіпті жағдайды алдын ала болдырмауға мүдделі мемлекеттік органдардыңөзара әрекеті мен үйлесімді қызметі өте төмен. Оныңүстіне жол қауіпсіздігінің нақты жағдайын, беталысын және өсуін ретімен сараптау мен мониторинг жүйесі мүлде жоқ. Бұған көлік құралдарын жүргізу мәдениетінің төмендігін қоссаңыз жағдай тіптен күрделене түседі. Бұл аз десеңіз, жолдарымыздың жағдайы мен жалпы көлік инфрақұрылымы қанағаттанар­лықсыз екенін жұрттың бәрі біледі. Демек, мұндай жағдайға әлі де әкімшілік заңдылық­тарды тиімді, соның ішінде оның профилак­тикалықәлеуетін тиісінше пайдаланбау себеп болып тұр. Мәселен, бұл орайда басты назар бір жақты, яғни тек автокөлікқұралдарының иелері мен жүргізушілер тарапынан болатын құқық бұзушылықты анықтауға ғана аударылады. Ал өлімнің 30 пайызын құрауға себепкер жаяу жүргіншілердіңүлесі ескерілмей қалады. Сонымен қатар, кеңесте жол қозғалысықауіпсіздігі саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын өкілетті органдар қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықбасым екендігі айтылды. Ал бұл ортақ тәртіптің нығаюына орасан кедергі келтіреді.

Тиісінше, жарақаттанғандар мен қаза болған азаматтардың саны да азайды. Жол полициясы басшылығының айтуынша, бұған негізінен, жолда жүру ережесі мен заңға енгізілген бірқатар өзгертулер себеп болған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бүкіл республика жолдарында 11999 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 2795 адам қайтыс болды, 13875 адам жарақаттанды. Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жол апаты 4 пайызға, қайтыс болған азаматтардың саны 3 пайызға, жарақат алғандардың саны 6 пайызға төмендеп отыр.