Смекни!
smekni.com

Жол оз алысы ауіпсіздігін амтамасыз етуді м селелері ж не оны шешу жолдары (стр. 3 из 4)

Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбековтың айтуынша, көрсеткіштердің жақсара түсуіне бірнеше себеп бар. 2006 жылы Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, жол көлік қауіпсіздігі мәселесі де қаралып, қалыптасып отырған күрделі жағдайды түзеу үшін, бірнеше тапсырмалар берілген болатын. Оған сәйкес, қолданыстағы Заңдарға өзгерістер енгізілді. Ерекше атап өтері, көлікке ішімдік ішіп алып отырғандарға қатысты бап қатаңдатылды.

Жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.

Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы: - Ең бірінші олардың құжаттарын айыру мәселесі, 2, 5, 7 жылға дейін, екінші оларды әкімшілік қамауға алу мәселесі және де кейбір жол ережесін бұзғаны үшін, штарфтардың мөлшерінінің жоғары болғандығы. Сол қабылданған мәселелердің арқасында мына бүгін 2007 жылмен салыстыратын болсақ, жол-көлік оқиғасы республика деңгейінде 22 пайызға, қайтыс болғандардың саны 20 пайызға, жарақаттанғандардың саны 30 пайызға дейін төмендеп отыр.

Бұған қоса, жол апаттарының азая түсуіне, соңғы жылдары жолдар сапасының артуы да себін тигізді. Әсіресе Астана мен Бурабайды жалғап жатқан 250 шақырымдық А-1 санатындағы алты жолақты тас жолды алар болсақ, 2007 жылы осы аралықтағы жол апатының саны 101 болса, биыл ол 31-ге дейін төмендеген. Қаза болғандардың саны да 65-тен 17-ге дейін азайды. Төрағаның айтуынша, қаза болған азаматтар 22 мен 40 жас аралығындағылар.

Жол апаттарының азаюына фото және бейнекамералар да көмектескен.

Қазір республика жолдарында 176 бейне камера оррнатылған екен. Жол апатының негізгі үш себебі бар. Олар жүргізуші, көлік және жолдың сапасы. Биылғы шілденің бірінен бастап, еліміз Еуро-3 стандартына көшпек. Бұл елімізге әкелінетін көліктерге де тікелей қатысты. Яғни, шілденің бірінен 2001 жылға дейін шығарылған шет елдік автокөлікті республикаға әкелуге болмайды. Көлік паркінің жаңара түсуі де, жол апатының азаюына сеп болар деген үміт бар. Ал оларды техникалық байқаудан өткізу, 2012 жылдан бастап, Көлік және коммунникациялар министрлігінің құзырына көшпек. Бұған қоса, 2011-дің соңы, немесе 2012-нің басында, жол жүру Заңы қабылданбақ. Ішкі істер министрлігінде құрылатын арнайы сараптамалық топ, заң жобасын әзірлеумен айналысады. Әзірге, заңның жұмсақтығы немесе қаттылығы туралы айту ертерек болғанымен, онда адам құқықтары ерекше ескерілетіні және жол бойындағы қауіпсіздіктің күшейтілетіні белгілі. Қалай болғанда да, басты рөлді жүргізушінің атқарарын ұмытпаған абзал. Көлік жүргізу, қозғалыс еркіндігін

Елімізде жол-көлік апатынан жыл сайын 4 мың адам, ал күніне 10-15 адам қаза табады

Парламент Мәжілісінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған ҚР Ішкі істер вице-министрі А. Шпекбаев осындай деректер келтірді.

Елімізде жыл сайын 4 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан қаза тауып, 19 мыңнан астам адам мертіксе, күн сайын республика бойынша 10-15 адам жол апатынан ажал құшады.

Желтоқсанның 26-сы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев осындай деректер келтірді.

«Тиісті мәліметтерге сүйенсек, соңғы 10 жылда еліміздің жолдарында 27 мың адам опат болып, 156 мың адам түрлі дәрежеде жарақат алыпты. Бұның ар жағында көзге көрінбейтін орасан зор экономикалық шығын да жатыр. Сарапшылардың бағалауынша, жол-көлік апаттарынан келетін шығын жыл сайын Ішкі жалпы өнімнің 2 пайызға жуығын құрайды», деді вице министр. Оның айтуынша, жол–көлік апаттарының өсімі негізінен жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, шектеулі жылдамдық тәртібін бұзу, қарсы бағытқа шығу секілді әрекеттердің ұлғаюымен байланысты.

Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігі жол–көлік апаттарының алдын алу мақсатында автоматтандырылған электрондық жүйені, яғни фоторадарларды республиканың барлық облыс орталықтарында енгізбек ниетте. А. Шпекбаевтың сөзіне қарағанда, АҚШ пен Еуропалық Одақта енгізілген жол ережесін бұзуды автоматты тіркеу тәжірибесі жолдағы апат деңгейін 30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсеткен. «Жол ережесін бұзу дерегін автоматты тіркеудің (фоторадар) мұндай жүйесі қазіргі таңда Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында қолданылып, өз тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, Астана қаласында осы жүйе орнатылғалы бері апаттылық деңгейін 21 пайызға, жол апатынан болатын өлім 6 пайызға, жарақаттану 27 пайызға азайған», деді вице-министр.

Жол ережесін сақтау мәселедері

Жыл өткен сайын автокөлiктердiң жылдам жүретiн түрлерi көшелерде көбейе бастады. Бұдан бiрнеше жыл бұрын салынған тар жолдар қазiргi көлiктердiң тасқынына төтеп бере алар емес және осы заманғы автокөлiктердiң талабына дайын еместiгi айдан анық. Сондықтан жол тәртiбiн сақтауда түйткiлдер көп-ақ. Жол-көлiк оқиғалары көбеймесе, азаяр түрi жоқ. Осы жылдың жарты жылдығында атқарған жұмыстар жайлы Қызылорда облыстық iшкi iстер департаментi жол полициясының бастығы, полиция полковнигi Дәулет Сүлейменов ойын ортағасалды:
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2006 жылғы 13 қарашасындағы шешiмiне және облыстық iшкi iстер департаментiнiң 2007 жылға арналған негiзгi ұйымдастырушылық iс-шаралар жоспарына сай Қызылорда облысының 2007-2009 жылдарға жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң өңiрлiк бағдарламасы дайындалған болатын.
Аталған бағдарлама бойынша, жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында 373 млн.284 мың теңге мөлшерiнде қаржы бөлу мәселесi, оның iшiнде 215 млн. 469 мың теңге жол полиция қызметiн жарақтандыруға қарастырылды.
Жол полицейлерiнiң штаттық санын кезең-кезеңмен тиiстi мөлшерiне дейiн жеткiзу мақсатында 62 штаттық сан алуға 49 млн.174 мың теңге қарастырылды. Сондай-ақ, басқарманың материалдық-техникалық базасын күшейтуге 54 автокөлiк, 10 мотокөлiк, көше-жол тораптарының пайдалану жағдайын бақылауға – 1, көлiк құралдарының техникалық ақауларын тексеруге – 7 жылжымалы зертханалар, 20 бейне айқындаушысы бар жылдамдық өлшеуiш құралдар, 60 жылжымалы, 54 автомобильдiк, 7 тұрақты радиостанциялар, 20 компьютер алынды.
Облыстық салық комитетi, қаржы мен экономика және бюджеттi жоспарлау департаменттерiмен бiрлесе отырып, салынған айыппұлдар мен салық төлемдерiн төлеу жөнiнде салыстырмалы мәлiметтер жасау, жол апаттары мен жол көлiк оқиғасына қатысты iздеу жарияланғандарды және көлiк құралдарын iздеуге арналған жол полициясына 4,5 млн. теңге бөлiндi. Жаңа үлгiдегi жүргiзу куәлiктерiн, микропроцессорлық карталар жұмысын iске қосу мақсатында жол полициясына электронды терминал құрылғысын орнату және iске қосу қарастырылды. Сонымен қатар,көше-жол тораптарында жылдамдықтарын шамадан тыс арттырып жүргiзген жүргiзушiлердi фотобелгiлерге түсiрiп, анықтайтын 5 жылдамдық өлшегiш құралдары алынып, күнделiктi жұмыстарға пайдаланылуда. Саптық бөлiмшелер, ТЭБ және әкiмшiлiк практика бөлiмшелерiнiң көтерiлген жұмыс үлгiсiн ескере отырып, жаңадан 8 штаттық бiрлiктерi енгiзiлсе, ағымдағы жылда ОIIД жол полициясы қызметiн жарақтандыру мақсатында 13 автокөлiк алынып, 10 жылдамдық өлшегiш құралдарына және 30 жылжымалы байланыс құралдарына қаржы бөлiнiп тендер өткiзiлдi.
Жыл басынан берi облыс жолдарында 129 апат тiркелiп, соның салдарынан 54 адам қаза тапса, 131 адам әр түрлi дене жарақаттарын алған. 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда жол апаттары – 17,8; қаза болғандар – 21,7; жарақат алғандар – 27,6 пайызға төмендедi. Облысымыздың жолдары мен қала көше-жол тораптарында 2007 жылдың 6 айы көлемiнде жасөспiрiмдердiң қатысуымен 20 жол-көлiк оқиғасы орын алып, соның салдарынан 5 бала өмiрмен қош айтысса, 16 бала әр түрлi дене жарақатын алған. Жасөспiрiмдер арасында орын алып отырған жол-көлiк оқиғалары 2006 жылдың ақпарлы мерзiмiмен салыстырғанда – 25,9 пайызға, жарақат алғандар – 27,3 пайызға, қайтыс болғандар саны – 37,5 пайызға төмендеген.
Осы мерзiмде облыс көлемiндегi мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерде балалар арасында, еңбек ұжымдарында көше ережелерiн кеңiнен насихаттау мақсатында барлығы 1764 рет әңгiмелер мен лекциялар өткiзiлдi, соның iшiнде мектептерде 832, балабақшаларда 171, еңбек ұжымдарында 761 рет өткiзiлген.
Жол полиция басқармасының тiкелей араласуымен облыс орталығындағы, «Жiбек жолы» көшесiндегi №101 орта мектеп алдында жаңа үлгiдегi «Балалар», «Мектеп», «Жылдамдықты шектеу» бiрiккен жол белгiлерi орнатылды.
Қазiргi уақытта жол-көлiк оқиғаларын алдын алуда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында «АРТ» студиясы арқылы «Балалар жол үстiнде», «Мас күйiнде автокөлiк басқарған жүргiзушi» тақырыбында жарнамалық роликтер түсiрiлiп, жергiлiктi телеарналардан облыс тұрғындарына насихатталып жатыр.
«Қауiпсiз қала», «Автобус» атты iс-шаралар аясында жергiлiктi телеарна қызметкерлерiмен бiрлесе шыққан арнайы шолудың қорытындысы мен бейне көрiнiстер кеңiнен көрсетiлуде.
Көлiк құралдарының қозғалысын бақылау кезiнде жол полициясы қызметкерлерi осы мерзiмде 52793 жол ережесiн бұзушылықты анықтап, бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 22,1 пайызға артты. Ереженi бұзған 32322 жүргiзушiге 374297144 теңге айыппұл салынды және оның 91,6 пайызы өндiрiлдi.
Анықталған ереже бұзушылардың 37187 немесе 70,4 пайызы жол тәртiбiн өрескел бұзушылар. Спирт iшiмдiгiн iшiп, көлiк құралдарын басқарғаны үшiн 2045 жүргiзушi ұсталып отыр. Жол апаттары санының өсуiн тоқтату және алдын алу, сонымен қатар, iшiмдiк iшiп автокөлiктi басқарып жүрген жүргiзушiлердi анықтау мақсатында облыс орталығында «Абайлаңыз, балалар», «Түнгi қала», «Құрсау», «Жаяу жүргiншi», «Автобус», «Жол қозғалысының қауiпсiздiгi апталығы» атты iс-шара жоспарланып, үнемi атқарылуда.
ОIIД және ЖПБ-нiң ұйымдастырушылық және тәжiрибелiк iс-шараларының нәтижесiнде жол полция бөлiмшелерi қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау мен қылмыстың алдын алуда бiршама табыстарға қол жеткiздi. Жыл басынан берi жол полициясы қызметкерлерi 560 қылмыстың бетiн ашты, бұл барлық тiркелiп ашылған қылмыстардың 43,5 пайызын құраса, 95 қылмыс жол полицейлерiнiң өз ынтасымен анықталған.
Қоғамдық тәртiптi сақтау барысында 2468 азамат сауықтыру орнына жатқызылып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшiн 1354 азаматқа әкiмгершiлiк құжаттар толтырылды.
2007 жылдың 6 айында облыс көлемiнде көлiк құралын қуып кетудiң 140 дерегi тiркелiп, оның 8-i ашылса, ұрлықтың 12 дерегiнiң 11 ашылды. Есiрткi заттарын заңсыз сатудың 11 дерегi анықталып, 95,4 грамм есiрткi тәркiлендi.
Акциздiк өнiмдер заңсыз тасымалданған 14 дерек анықталды. Оның iшiнде 110 литр спирт, 30 литр арақ-шарап, 604 қорап темекi, 185 тонна мұнай өнiмдерi мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, 8684000 теңге сомасын құрайтын басқа да құнды заттарды тасымалдаған 9 дерек анықталып отыр. Заңсыз қару-жарақ тасымалдағаны мен сақтау ережелерiн бұзғаны үшiн иелерiнен 192 аңшы мылтығы тәркiлендi.
2007 жылдың маусым айының 25-29 жұлдыздары аралығында ОIIД-нiң қызмет салаларының күшiмен облыс және аудан орталықтарында «Ауыл жолы» жедел профилактикалық iс-шарасы өткiзiлдi.
Iс-шараны өткiзу барысында жол тәртiбiн бұзғандар 1940, оның iшiнде автокөлiгiн спирт iшiмдiгiн iшiп басқарғандар –123, жылдамдықты арттыру – 327 анықталды.
Облыс көлемiнен өтетiн республикалық маңызы бар автожолдарда жол полициясы пилотты кезекшiлiктерiнiң орналасуына сәйкес нақты патрульдiк учаскедегi жол полициясы саптық бөлiмшелерiнiң жеке құрамына нұсқамалар өткiзу және желiде қызмет өткерудi бақылау үшiн ОIIД жол полициясы басқармасы аппараты мен саптық бөлiмше құрамы қатарынан белгiленген патрульдiк учаскелердiң әрқайсысына жауапты қызметкер бекiту мақсатында ОIIД 23.02.07 ж. №74 санды бұйрығына сәйкес қызмет атқарылуда. Облыс әкiмiне жылдамдық өлшегiш құралдарын алу жөнiнде ұсыныс жолданып, оның 10 данасы алынды. Биылғы жылдың басынан берi ай сайын жол полициясы қызметкерлерi барынша жұмылдырылып, «Автобус» жедел-профилактикалық iс-шаралары өткiзiлдi. Iс-шаралар барысында автобус және шағын автобустармен барлығы 2477 жол ережесiн бұзушылар анықталды, оның iшiнде 28 жүргiзушi iшiмдiк iшiп, көлiк басқарғандар. Осындай көлiк құралдарының кiнәсiнен 5 жол апаты тiркелiп, соның салдарынан 2 адам қаза болып, 10 адам дене жарақатын алды. Ақпарлы мерзiмде 4986 азаматтарға жүргiзушiлiк куәлiгi берiлсе, оның 32 мотокөлiк жүргiзуге, 4954 автокөлiк жүргiзуге рұқсат беретiн құжаттар. Сондай-ақ жыл басынан берi облыс көлемiндегi жүргiзушiлер дайындаумен айналысатын 26 оқу мекемелерiнiң 15-i тексерiлiп, табылған кемшiлiктерге актiлер толтырылып, кемшiлiктердi жоюға нұсқаулар берiлдi. Сонымен қатар, автокөлiктердi есепке тiркеу кезiнде азаматтардың уақытын үнемдеу үшiн «бiр терезе» қағидасы бойынша жұмыс атқарылып, автокөлiктердi уақытша есепке тiркеу барысында сенiмхаттар мен көлiк техникалық құжаттарды қабылдау, диагностикалық станциясының бiрiншi қабатында қабылданып, сол жерде тексерiлiп, сенiмхаттармен көлiк құралдарына техникалық құжаттар және мемлекеттiк белгiлер берiлуде.
Жол апаттарының алдын алудағы тағы бiр өзектi мәселелердiң бiрi – ол автомобиль жолдары мен көше жол тораптарының және көлiк құралдарының техникалық жағдайлары.
Жол жағдайларына 330 рет тексерулер жүргiзiлiп, 12739 шақырымның, оның iшiнде жолаушылар тасымалдауымен айналысатын автобус жолдарының 4969 шақырымы ақаулы екенi анықталып, лаузымды адамдарға айыппұл салынса, облыстық, қалалық, аудандық әкiмдiктермен жауапты мекемелерге 109 хабарламалар жiберiлдi.
Сонымен қатар, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құрылғылар да (бағдаршамдар, жол белгiлерi, жолүстi сызықтары және т.б.) назардан тыс қалмай, үнемi қадағаланып келедi.
Облыс көлемiнде көше жол тораптары мен автожолдарда жол полициясы ықпалымен жаңадан 197 жол белгiлерi жаңартылып орнатылса, 553 жол белгiлерi қалпына келтiрiлдi. Сондай-ақ облыс көлемiндегi 22 бағдаршамның 21-iнiң үздiксiз пайдалануы қамтамасыз етiлiп, облыс орталығында екi бағдаршам объектiсi диодтыға ауыстырылды, екi қауiптi көше қиылыстарына жаңадан диодты бағдаршам орнатылды. Республикалық жолдарда 10 мың, облыс орталығында 3 мың шаршы метр жол сызықтары қалпына келтiрiлдi.
2007 жылдың 6 айында облыс көлемiнде техникалық байқауды мерзiмiнде өткiзу мақсатында iс-шаралар жоспарланып, жарты жылдық техникалық байқаулармен облыс көлемiндегi көлiк құралдары толық қамтылды.
Көлiк құралдарына МТБ жүргiзу қорытындысы бойынша көлiк құралын тiркеу куәлiгi мәлiметтермен агрегат нөмiрлерiнiң сәйкес келмейтiн 35 дерегi және қозғалтқыш нөмерiнiң қолдан жасаған 5 дерегi, техникалық құжатын қолдан жасаған 1 дерегi анықталды. Жол полиция басқармасының қызметкерлерi арасында әскери-қызметтiк тәртiптi нығайту, заңдылықты қызметкерлерi арасында сақтау мәселелерi жедел мәжiлiстерде қаралып, үнемi талқыланып отырды. Жеке құрам арасында тәртiптi қатаң сақтап, заңдылықты бұзу деректерiне жол бермеу мақсатында бiрлескен тексерулер жүргiзiлдi. Осы шолулар кезiнде қызметкерлер арасында тәртiптi сақтаумен қатар, жол қозғалысы ережелерiнiң сақталуын қадағалауға қатаң көңiл бөлiнiп, сырттай және ашық тексерулер жүргiзу жалғасын табуда.
Ақпарлы мерзiмде бақылау-профилактикалық бөлiмше қызметкерлерi 60 рет құпия тексерулер жүргiзiп, нәтижесiнде кемшiлiктерге жол берген 17 қызметкерлерге, оның iшiнде 4 басшы құрамына тәртiптiк шара қолданылды, 2 қызметкер басқа салаға ауыстырылды.
Жол полициясы қызметкерлерiнiң қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлық деректерiнiң жолын кесу мен оған ықпал ететiн себептерiн анықтау мақсатындағы арнайы жоспарға сай, айтарлықтай ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылып, нәтижесiнде жол полиция қызметкерлерiне пара берудiң 6 дерегi анықталды. Күнделiктi жол полиция басқармасы бойынша бөлiм, бөлiмше басшыларынан арнайы кестеге сай жауаптылар бекiтiлiп, жол полициясы жеке құрамының жұмыстары бақылауға алынып, жеке құрам арасында тәртiп пен заңдылықты сақтау мен сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететiн себептерi үнемi зерделенуде.
2007 жылдың 6 айында облыстық iшкi iстер департаментiнiң жеке құрамы арасында автокөлiк құралдарын басқару кезiнде жолда жүру ережесiн бұзған 63 қызметкер, оның iшiнде автокөлiктi iшiмдiк iшiп басқарғаны үшiн 5 қызметкер анықталып, оларға әкiмшiлiк хаттамалар толтырылып, тиiстi шаралар жүзеге асырылды. Жол полициясы жеке құрам арасында заң бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық деректерiн болдырмау мақсатындағы жұмыстар облыстық жол полициясы департаментiнiң басшылығы тарапынан қатаң бақылауда.