Күшіне 1998 жылы енген импорт алмастыру бағдарламасын іске асырумен байланысты 2000 жылғы ІЖӨ елеулі өсуі (14 пайыз) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары тұлғасында Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілдерімен ұсынылған ресми айқындамалары дәлел бола алады.
Алайда көпшіліктің ойынша республика экономикасының өсуі бірінші кезекте соңғы кезеңдегі мұнайға деген әлемдегі жоғары бағам, тек содан кейін ғана елеулі артта қалумен ішкі экономикалық факторлар жатыр деген ой.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін
өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастыру
сияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.
1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық кызметі
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер , басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге , тәуелсіздігіне үласады , сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде ? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа
анықтаманы франсуз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист
А.Маршал(1842-1924ж.ж) береді. «Нарықзаттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін , кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың «тығыздығына» назар аударады . Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.
Байқасаңыздар , келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден , нарық (market) деген түсінік , бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден , нарық-өндіріс , бөлу , айырбас және тұтыну процестерін қамтитын , адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын , қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген , экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар , нарық қатынастарына мыналар жатады:
— екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
— еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
— шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
— белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 — тауар , қор , валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын ,
нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды . Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .
Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр . Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді . Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды .
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар . Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады . Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады . Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы , әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді .
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші , баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп)отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды . Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды , яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады . Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады . Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке . Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді . Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмІнің формасы болып табылады . А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген . «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес , өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады . Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданыңнормасының, проценттің, т . б . мөлшерін анықтау болып табылады .
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым
жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді .
1.З. Мемлекет және бизнес
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы . Шағын кәсіпкерлік (ШК) қазіргі кезеңде мемлекеттік және қогамдық қолдауға зәру.
Осы саладағы мемлекеттік шаралардың орталық орнын шағын нарықтық инфрақұрылымды дамыту алады. Нарықтық экономикасы дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей ШК ұлттық экономикада маңызды қызмет атқарады : сұраныс пен ұсынысты тендестіру арқылы нарықтық қатынастар өндірісінің негізгі тетігін қамтамасыз етеді, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан көбін өндіреді, 70% ке дейін жұмыс орнын құрайды , адам ресурсы мен инновациялық күштерді белсендіруге елеулі әсер етеді.