Смекни!
smekni.com

Инструктивно-методическое (стр. 8 из 26)

Оқыту орыс, ұйғыр тілдерінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні

Оқыту орыс, ұйғыр тілдерінде жүргізілетін мектептердің 5–9 сыныптарында «Қазақ әдебиетi» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелері негізінде дайындалған бастауыш білім негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 26 қаңтардағы №20 бұйрығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010–2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі № 152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ әдебиетi» пәнiн оқытудағы мақсат – Республика халқын құрап отырған негізгі ұлттың, яғни қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған өлшеусіз байлығы – әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыны етене таныстыру.

Қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен қазақ тілінде таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғым қалыптастыру, көркем әдеби мәтіндерді оқыту негізінде тілдік ортаның кеңеюіне мүмкіндік жасау арқылы оқушылардың қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиетін оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру да негізгі мақсаттар болып табылады.

Сонымен қатар оқушыларды қазақ әдебиеті шығармаларымен әдебиеттік оқу деңгейінде табыстыру арқылы көркем мәтіндерді қазақ тілінде өз беттерінше еркін оқуға, саналы түсініп, еркін әңгімелеуге дағдыландыруды, қазақ халқының өмірінің, тұрмыс-салтының, мәдениетінің, мінез-құлқының көркем шығармалардағы көріністері арқылы оқушыларға рухани адамгершілік, толеранттық тәрбие беруді, қазақстандық патриотизм негіздерін қалыптастыруды көздейді.

Осы мақсатты iске асырудағы қазақ әдебиетi пәнiн оқыту мiндеттері:

· қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін құрметтеу, Қазақстан халықтарының өзара келісімінің ұйытқысы ретіндегі қазақ халқының қоғамдық-тарихи миссиясын құрметтеу сезімдеріне баулу;

· көркем әдеби мәтіндерді оқыту негізінде қазақ тілдік ортаны кеңейтуді қамтамасыз ету;

· қазақ әдебиетінің жекелеген үздік үлгілерімен әдебиеттік оқу деңгейінде көркемдік-мазмұндық табыстыру;

· өз бетінше оқу дағдыларын меңгерту, сөз әрекеті түрлерін дамыту;

· өз бетінше ауызша және жазбаша әңгімелеу дағдыларын меңгерту, қазақ тiлiнде еркiн сөйлеуге үйрету;

· көркем шығармалар негізінде оқушыларға эстетикалық-адамгершілік, қазақстандық патриотизм негіздерін қалыптастыру, толеранттық тәрбие беру.

Қазақ әдебиетi пән ретiнде 5–сыныптан бастап оқытылады. Алғашқы базалық бiлiм 5–9 сыныптарда әдеби нұсқаларды оқып үйренуге негiзделген әдеби-оқу сипатында жүзеге асады.

Оқу мазмұнын түзуде оқылатын шығармалардың тілінің түсініктілігі, мазмұнының көкейкестілігі, көркемдік жағынан жоғары сапалылығы, оқушының рухани-эстетикалық дамуына әсері, жас ерекшелігіне сай болуы басты нысана ретінде ескерілген.

Білім мазмұны қазақ әдебиетінің фольклор, ежелгі дәуір әдебиеті, ХҮІІІ-ХХІ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерін қамтиды.

Орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептердегі оқушылардың қазақ халқының әдеби, мәдени, тарихи құндылықтарын қазақ тілінде оқуы арқылы тілдік орта молайып, олардың мемлекеттік тілді меңгеру біліктілігі артады. Орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерде «Қазақ әдебиетін» оқытудың ерекшелігі бар. Мұнда қазақ фольклоры мен классикалық көркем туындылардың мәтіндері ықшамдалып, бейімге келтіріліп берілген. Оқушылардың көркем шығармалармен қазақ тілінде оқып-танысуы қазақ әдебиетін оқытудың дидактикалық ұстанымы болып табылады.

Орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ әдебиеті жалпы дәстүрлі пәндік ұстанымдарға сүйенеді. Оның түсінікті және қолжетімді болуы үшін оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескерумен қатар, олардың екінші тілде көркем мәтіңді қабылдаудағы дайыңдық деңгейлері мұқият ескеріледі.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты оның қолданыс аясы да кеңейе түсуі – заңдылық. «Қазақ әдебиеті» пәнін өзге тілді мектептерде қазақ тілінде оқыту осы мақсатпен енгізілді.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 30-мамырдағы № 404 бұйрығымен орыс, ұйғыр, өзбек, тәжiк тiлдерiнде оқытатын жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 5–11 сыныптарында «Қазақ әдебиетi» пәнi қазақ тiлiнде оқытылады.

Орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ әдебиетiн оқытуда «Қазақ әдебиетiнiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм стандартында» белгiленген мақсаттар мен мiндеттерге орай басшылыққа алынатын негiзгi ұстанымдар:

· қазақ әдебиетiн оқытуды қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк талаптармен ұштастыру;

· оқыту үдерісін коммуникативтiк оқыту мақсатына бағындыру;

· түпнұсқада оқыту (аутентичность);

· бiлiмнiң ұлттық- философиялық қағидамен сабақтастығы;

· жас және психологиялық ерекшелiгі;

· оқушыны субьект деп тани отырып оқыту;

· салыстырмалылық.

Сонымен, қорыта айтқанда қазақ әдебиетінен берілетін әдеби білім:

· орта мектептегі оқушылардың қазақ әдебиеті туралы біртұтас түсінік негіздерін қазақ тілінде меңгеруіне қолайлы болуы керек;

· қазақ тілінде еркін сөйлей алатын мәдениетті дара тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қызмет етуі керек.

Умумий билим бериш мәһкимилириниң 5-9 синипларда «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш алаһидиликлири һәққидә

Яш әвлатниң йеңичә ойлишиға, уларниң дуниятонушиниң шәкиллинишигә, дунияйүзлүк сүпәт дәрижисидики билим асаслирини өзләштүришигә, өз хәлқиниң тарихини, мәдәнийитини пухта билип, уни қайта тикләш арқилиқ роһий дуниясини бейитишиға, мәктәптә алған билиминиң шәхсий өмүридә әһмийитиниң зор болушиға, һәр бир шәхсни һаятқа тәйярлап, кәсип таллашқа йол-йоруқ беришкә мүмкинчилик яритидиған «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини йеңичә оқутуш, заманивий шәхскә, нәтижидарлиққа вә әмәлиятқа йүзләнгән технологияләрни пайдилиниш арқилиқ билим мәзмуниниң мәхсәт вә вәзипилирини әмәлгә ашуруш мүмкин.

2010–2011 – оқуш жилида Уйғур мәктәплириниң асасий басқучида «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 09.07.2010ж. № 367 буйруғи билән тәстиқләнгән Қазақстан Жумһурийитиниң Дөләтлик Умумий Мәжбурий Билим Бериш Стандарти, шундақла 09.07. 2010-жилиниң. № 367 буйриғи билән тәстиқләнгән программилириға асаслиниду.

Йеңи 2010–2011- оқуш жилида Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 5 апрель 2010 жилиниң № 152 буйруғи (2010 жылғы 9 апрель № 160 буйриғи, 2010 жылғы 1 июнь № 268 буйриғи) билән тәстиқләнгән дәрисликләр вә оқуш-методикилиқ қураллар билән оқутулиду.

2010–2011- оқуш жилида «Уйғур тили» вә «Уйғур әдәбияти» пәнлирини оқутуш алаһидилиги Қазақстан Жумһурийитиниң ижтимаий, ихтисадий вә сәясий һаятиға паал арилишишқа тәйяр, риқабәтчиликкә қабил шәхсни тәрбийиләштин ибарәттур. Шуңлашқиму бүгүнки билим бериш системиси шәхскә йүзләнгән болуп, оқуғучиниң өз алдиға билим елип, паалийәт елип беришиға имканийәт яритиду. Оқуғучиларниң пәқәт нәзәрийәвий билими вә маһарити әмәс шундақла алған билимини әмәлиятта пайдилинишни билиши, йәни униң компетенцияси баһалиниду.