Бiлiм, түсiнiк, машық
Оқыту өнiмдi зерттеу мен дайындау өзiне мына циклдарды қамтуға тиiстiгi туралы идеяны растауы тиiс: зерттеу, идеяны дамыту, келешек жұмыстың маңыздылығын бағалау, дайындау.
1. Идеяны зерттеу және дамыту:
а) өзiнiң идеясы туралы жазу және оның қажеттiлiгiн, маңыздылығын негiздеу;
b) жұмыс барысында туындайтын мәселелердi дамытып және жазып отыру, сондай ақ жұмыс жоспарын құра бiлу.
2. Өнiмдi жасау:
a) өнiмдi дайындау үшiн әр түрлi материалды зерттеу;
b) жұмыс барысында керек болатын, сондай–ақ нобай жасауға керек болатын техника мен аспаптарды таңдап алу;
c) өз бақылаулары, қорытындылары, болжамдарым, идеялары және түйсiнулерi, сондай-ақ дизайн идеялары мен оның ақырғы бейнесi бойынша ой бөлiсу.
3. Жұмысты бағалау және оны жетiлдiру:
a) өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын бағалау мен талдау және жұмыстар тудыратын әсерлермен пiкiр бөлiсу;
b) одан әрi түзету немесе жетiлдiру және жұмысты өзгерту ненi талап ететiнiн анықтау.
4. Бiлiм және түсiнiк:
a) түс, ою-өрнек, текстура, сызық, реңк, форма, пiшiн, кеңiстiк және т.б. деген не екенiн бiлу;
b) живопись, қол өнер және дизайнға қандай материалдар пайдаланылатынын бiлу;
c) әр түрлi уақыт пен мәдениеттiң әр түрлi суретшiлерi, қол өнершiлерi мен дизайнерлерiнiң жұмыстарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көру.
Таным тереңдiгi
Оқушылар:
1) кез келген жұмысты қалай және неден бастауға болатындығын және адамның жаңа дүниенi жасауға не итермелейтiнiн зерттеу (адамның өзi, табиғат жасаған немесе адам қолымен жасалған орта, әдеби шығармалар, фильм және т.б.);
2) жеке және топтық жұмыс машығын, сондай-ақ жобамен жұмыс iстеудi дамыту;
3) сол бiр мақсатты жүзеге асыру үшiн әр түрлi материалды пайдалану;
4) қол өнер шеберi, дизайнер, суретшi, бейнелеушi және т.б. дайындаған ақырғы өнiмдi зерттеу және салыстыру;
5) галереяға, мұражайға бару, фильмдердi, репродукцияларды және т.б. қарап шығу арқылы өнер шығармаларымен танысу.
2-деңгей
Оқытудың бұл кезеңiнде де жоғарыдағы циклдарды қайталай отырып, күрделiрек iс-әрекет арқылы оқушылардың шығармашылығы мен қиялын мына бағыттарда дамытады:
1.Идеяны зерттеу және дамыту;
2.өнiмдi жасау;
3.жұмысты бағалау және оны жетiлдiру;
4.бiлiм және түсiнiк.
Таным тереңдiгi
Оқушылар:
a) шығармашылықтың қайнар көздерi, сондай-ақ шығармашылық өнiмдерi/нәтижелерi туралы зерттеу жүргiзуi және пайымдауы;
b) жеке және топтасып мына үш бағытта жұмыс iстеу: дизайн, табиғат суретi, қол өнерi;
c) технология құрауыштарын қамти отырып, әр түрлi материалдарды пайдалануы;
d) өз қаласындағы, елiндегi әр түрлi жанрдағы, үлгiлердегi және үрдiстердегi өнер түрлерiн зерттеуi тиiс.
Тарих
1-деңгей – бұл кезеңде оқушылар тарихи дәуiрлердегi әр түрлi адамдардың өмiр сүру салты туралы бiледi. Олар тек өткендегi көрнектi адамдар мен оқиғалар туралы ғана емес, қазiргi замандастар мен оқиғалар туралы да бiледi. Бұл тек өз елiн ғана емес, басқа елдердi де зерттеп бiлу едi. Олар өткендегi мен қазiргi адамдардың тұрмыстағы айырмашылығын табуға тырысады. Өткен дәуiрдегi картиналарды осы кезеңде жаңғырту тәсiлi – бұл: суреттер, пьесалар, фильмдер, макеттердiң моделiн дайындау, ақпараты бар дисплей, мектептiк теледидар бағдарламалары және ойдан шығарылған әңгiмелер мен тақпақтар.
Бiлiм, түсiнiк, машық
1. Хронологиялық реттi жете түсiну
Оқушылар:
a) оқиғаларды дұрыс хронологиялық ретпен орналастыруы;
b) өткендегi оқиғаларды сипаттау үшiн “дейiн”, “кейiн”, “осыдан да бұрын”, “осыдан кейiн”, “өткенде” және т.б. үстеулердi дұрыс пайдалануы тиiс.
2. Тарихи материалдармен таныстыру
Оқушылар өткендегi оқиғаларды таныстырудың әр түрлi әдiстерiн пайдалануы тиiс.
3. Тарихи деректер мен оқиғаларды зерттеу:
a) әр түрлi көздерден өткендегi уақиғалар туралы ақпараттар iздеп табу;
b) сұрақ қоюды, ақпарат алуды, сұрақтарға нақты жауап бере бiлу.
4. Бiлiм және нақты материал түсiнiгi
a) оқиғалардың себебi мен олардың салдарын түсiну;
b) әр түрлi уақыттағы адамдардың өмiр сүру салттарының арасындағы айырмашылықты көре бiлу және негiздеу.
5. Ұйымдастыру және хабар жасау
Оқушылар тарих бойынша алынған бiлiм жазбасынан қажеттi ақпаратты талғап алып, оны жаңғырта бiлуi тиiс және оны әр түрде (график, схема, кесте) көрсете бiлуi тиiс.
Таным тереңдiгi:
оқушылар:
a) өзiнiң тұрмыс салтын талдап және оны басқа тарихи дәуiрдегi адамдардың тұрмысымен салыстыра бiлуi;
b) әр түрлi уақытта өз елiнiң аумағанда өмiр сүрген адамдардың тұрмысы туралы пiкiр айта бiлуi;
c) өз елiнiң және басқа елдердiң ұлы суретшiлерiн, құрылысшыларын, зерттеушiлерiн, өнертапқыштарын, алғашқы жаңа жердi ашушыларын, үкiмет басқарушыларын, әулиелерiн, ғалымдарын және басқа мәдениеттердi бiлуi;
d) тарих үшiн өз елiнiң және басқа елдердiң ұлы немесе төтенше уақиғалары (олимпиялық ойындар, президенттiң пайда болуы, қалалардың және т.б. пайда болуы) туралы пайымдауы болуы тиiс.
2-деңгей
Бiлiм, түсiнiк, машық
Жоғарыдағы циклдар кеңiтiлiп және тереңдетiлiп қайталанады. Ерекшелiгi сол бұл деңгейде өз елiнiң тарихын, Еуропаның тарихын және әлем тарихын зерттеу арқылы оқушылар бiлiм алуы және түсiнiгi мен машығын қалыптастыруы тиiс. Зерттеу мына тақырыптар бойынша жүргiзiледi:
1. Өз елi мен халықтардың тарихы
2. Еуропа тарихы
3. Әлем тарихы
Түйiндi аспектiлер мыналарды қамтиды:
a) басқа қоғамдастықтарға қатысы бойынша қоғамдастық;
b) хронология;
c) өркениеттiлiктiң көтерiлуi және құлау себептерi
d) маңызды орындар, аумақтар және тұлғалар;
e) әлемдiк тарихқа үлес.
Сондай-ақ әлем тарихы әр елдердегi қазiргi заманғы тұрмысты:
a) олардың үй-жайын, қаласын;
b) өнерi мен архитектурасын;
c) технологиясын, жұмысы мен демалысын;
d) денсаулығы мен медицинасын;
e) үкiмет басшыларын;
f) сенiмiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн;
g) экономикасы мен өркендеуiн;
h) тасымал көлiгiн;
i) соғыс және соғысқа қатысушылар дайыында зерттейдi.
Тiл
Әрбiр мектеп пәнiнiң мақсаты пән ұсынатын ақпаратты оқуға болатын, қоршаған ортада өз ойыңды дұрыс және түсiнiктi түрде жеткiзе бiлетiн тiлдi пайдалану болып саналады. Ағылшын тiлi барлық пәндер оқытылатын тiл болғандықтан оқушылар стандартты ағылшын тiлiн меңгеруi тиiс. Онда мына мәселерге баса назар аударылады.
a) Жазу
Оқушы жазба тiлде сауатты/дұрыс жазу ережесiн, емленi және граматиканы қолдануды бiлуi тиiс. Ол сондай-ақ өзiнiң жазба тiлiн немесе жазба хабарын дәйектi және логикалық түрде дұрыс ұйымдастыруы тиiс.
б) Сөйлеу
Оқушы әңгiмеде тiлдi дәл және дәлелдi түрде пайдалануы тиiс.
в) Тыңдау
Оқушы басқаларды тыңдай бiлуi және айтушының сұрақтары мен идеяларына назар аудара бiлуi, сондай-ақ айтушының айтқан идеясы туралы өз көзқарасын айта бiлуi тиiс.
г) Оқу
Түсiнiстiкпен оқуға мүмкiндiк беретiн стратегияларды меңгеруi, керектi ақпаратты (әр түрлi көздерден) табуы және пайдалануы тиiс, оқығанды қайталап айта бiлуi және ең бастысы, оқыған ақпаратты жiктей және бейiмдей бiлуi тиiс.
д) Лексика
Оқушылар арнайы пәндiк терминдермен таныс болуы, осы терминдер қалай қолданылатынын және жазылатынын бiлуi тиiс. Олар әр түрлi тiл стилдерi үшiн қандай сөз байланыстары көбiрек пайдаланылатынын түсiнуi тиiс (мысалы, оқушы тiл хронологияларын, логиканы, үсыныстар мен болжамдарды, санаттарды салыстыруды, мәселелер мен аргументтер тiлiн бiлуi маңызды).
Осы құрылым “Ағылшын тiлi” пәнi стандартында ұдайы негiз ретiнде сақталады және жетiлдiрiле отырып, тереңдетiледi. Сондай-ақ кез келген пән сияқты Ағылшын тiлi бағдарламасында екi талап қойылады: бiлiм – түсiнiк –машықтар және таным тереңдiгi, бұл жанама мәтiндi, бiлiм беру мазмұнын, iс-әрекеттi және т.б. қамтиды.
Ендi Ағылшын тiлi стандарты құрылымының қысқартылып алынған негiзiне назар аударыңыздар. Бiз тек негiзгi тақырыптарын ғана көрсетiп отырмыз.
Тыңдау, қабылдау және сөйлеу: бiлiм, машық пен түсiнiк.
Сөйлеу
Тыңдау
Топтық пiкiр алмасу мен өзара әрекет.
Драма
Нормативтiк/стандарттық тiл
Тiлдiң әр түрлiлiгi
Тыңдау, қабылдау және сөйлеу, таным тереңдiгi
Сөйлеу
Тыңдау
Топтық пiкiр алмасу мен өзара әрекет.
Драма
Оқу: бiлiм, машық, түсiнiк.