3. “The pop music performer’s value orientations” / international scientific and pedagogical magazine “Ізденіс” – “Search” (#2), Almaty, Kazakhstan High School, 2011. – Р. 127 – 130.
Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
Басюк Степанида Степановна
Вокалдық-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру
«Музыкалық өнер» факультеті
6М040800 «Эстрада өнері» мамандығы
Магистрдің академиялық дәрежесін
алу үшін диссертация
рефераты
Ғылыми жетекші:
Педагогикалық ғылым докторы,
профессор Р.Р.Джердималиева
Алматы, 2011
Кіріспе.
Мәдениет пен өнердің шығармашылық жоғары орындарының музыкалық мамандандырылу студенттерінде құндылық бейімдеуін қалыптастыру музыкалық өнер шығармашылығына таңдамалы қарым-қатынас жағдайын жасап, отандық эстрада мен шоу-бизнес орындаушылығы құбылысының шығармашылық түсінігімен байланысады. Осы мәселе зерттеушілердің еңбегінде де оқу жоспарлары мен эстрадалық музыканы орындаушылардың жоғары оқу орындар бағдарламаларында да жеткілікті деңгейде ғылыми негіздемені алған емес. Өнердің музыкалық кеңістігіндегі аса маңызды және басты қарастырылып жатқан аспектіге тұлғаның эстетикалық қарым-қатынасының даму мәселесін зерттеп жатқан ғалымдар бекер назар аудармайды (М.С. Каган (1), Л.С. Выготский (2), С.Х. Раппопорт (3), және т.б.); көркем шығармашылық (А.Н. Сохор (4), В.С. Цуккерман (5), В.И. Петрушин (6) және т.б.); музыкалық-педагогикалық (Г.М. Цыпин (7), Ю.В. Степняк (8), А.Г. Болгарский (9), М.Х. Болтабаев (10) және т.б.); театрлық педогогика эстетиктері, социологтары, психологтары (К.С. Станиславский (11) және т.б.); эстрадалық орындаушылық (А.Голубев (12), А.Н. Малюков (13) және басқалар.) эстраданың болашақ мамандарын вокалдық дайындау проблемаларымен байланысты музыкалы-эстрадалық өнер шығармаларын бағалаудағы құндылық бейімдер тек жеке зерттеулерде ғана көрініс тапты (О.Я. Клипп (14), Д.О. Карамолдаева (15), И.В. Сахнова (16) және басқаларында).
Зерттеу мақсаты: болашақ вокалдық-эстрадалық өнер музыкант-орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру әдістемесін теориялық дәлелдеу және эксперименттік тексеру.
Зерттеу объектісі: эстрадалық музыканың орындаушы-вокалшысын жоғары оқу орындарында дайындау.
Зерттеу пәні: вокалдық-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу болжамы: егер оқу үдерісінде мақсатты және жүйелі түрде эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының біліммен сусындау, оның қоршаған ортаны қабылдаудағы орындаушылық тәжірибесі, өмірлік ұстанымдары, әдемілік талғам бойынша белсенді-іздеу, интеллектуалды-саналы, шығармашылықты бағытталған вокалдық дайындығын жүзеге асырса, онда оның музыкалық кеңістікте құндылық бейімделуін тиімді қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасалатын болады, өйткені мұнда кәсіби өсуді табысты жетілдірулері, таңдаған мамандықтарында жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерді игерулері қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің басты идеясы: эстраданың болашақ орындаушы-вокалшысының кәсіби жетілуінің даму табыстылығы музыка өнері саласында құндылық бейімделуді қалыптастыру тиімділігіне тәуелді болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Эстрада музыкасы орындаушысының құндылық бейімделуінің мәнді-мазмұнды және құрылымдық аспектілерін ашу.
2. Құнды бейімделу орындаушысының құнды бейімдерін қалыптастырудағы эстрада музыкасының мүмкіндіктерін айқындау
3. Эстарда музыкасы орындаушы-вокалшысының құндылықты бейімделуін қалыптастыру жағдайларын анықтау.
4. Эстарда музыкасы болашақ орындаушы-вокалшысындағы құндылық бейімделу көріністерінің диагностикасын және апробациясын жүзеге асыру.
Зерттеудің теория-әдіснамалық негізін құндылықтардың рөлі, қоғамдық дамудағы баға, қызметтің құндылық-бағалау критерийлері ретінде қолданылатын өнердің эстетикалық үлгілерінің тәрбие функциясы туралы философиялық, музыкатанушылық, психология-педагогикалық теориялар және тұжырымдамалар; қоғам өмірінің қазіргі кезеңіндегі мәдениет пен өнердің, теория мен практиканың диалектикалық байланысының, қызметтік және жүйелік тәсілдегі жеке тұлғаның шығармашылық табиғатының дамуының шешуші проблемалары құрады (Н.А. Бердяев (17), П.А. Флоренский (18), Б.М. Теплов (19), Б.В. Асафьев (20), С.Л. Рубинштейн (21), Г.К. Нургалиева (22) және т.б.).
Зерттеу әдістері. Болжамдарды тексеру және қойылған міндеттерді шешу мақсатында зерттеу әдістерінің кешені қолданылды: әдебиеттің теориялық талдауы, салыстыру жұмыстары және ғылыми еңбектердің және іс жүзіндегі қолда бар материалдардың нәтижелерін жалпылау. Зерттеу негізіне диагностика мен апробацияны қолданумен мәліметтерді математикалық өңдеу эксперименті енгізілген.
Зерттеу қойылған міндеттерді шешуге кешенді тәсілдер негізінде екі кезеңде жүзеге асырылды.
Бірінші кезең (2009 – 2010 о.ж.) – зерттеу проблемасы бойынша деректемелерді және проблемамен жұмыс істеудің қазіргі жағдайын талдау, компоненттерді, критерийлерді, эстрада өнері музыкант-орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру көрсеткіштерін анықтау. Осы кезеңде белгіленген зерттеудегі вокалды-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылық бейімделу жағдайлары және диагностикасы анықталды.
Екінші кезең (2010 -2011 о.ж.) қалыптастыру эксперименті барысында эстрада өнерінің болашақ орындаушы-вокалшысының құндылық бейімделуін қалыптастырудың әзірленген әдістемесінің апробациясын қарастырды; Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқу-тәрбие үдерісіне жұмыстың ұйымдастырушылық түрлерін енгізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
- эстрада музыкасы орындаушыларының құндылық бейімделуінің мәнді-мазмұнды және құрылымдық сипаттарын анықтау;
- орындаушының құндылық бейімделуін қалыптастырудағы эстрада музыкасының мүмкіндіктері ашылды;
- эстрада музыкасы болашақ әртіс вокалшысының құндылық бейімделуін табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін жағдайлар айқындалды;
- тәжірибелі зерттеуде вокалды-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру әдістемесі ашылды.
Қорғауға келесі жайлар шығарылады:
4. Вокалдық-эстрадалық музыканың орындаушы-музыкантының құндылық бейімделуі қазіргі заманғы шығармашылық пен орындаушылықты қоса алғандағы музыка өнері шығармаларын көркемдік-құндылықтық талдауда көрінетін жеке білім ретінде болады.
5. Музыкалық эстраданың болашақ маманының құндылық бейімделуінің қалыптасу компоненттері, критерийлері, көрсеткіштері және деңгейлері.
6. Жоғары оқу орнында дайындау оқу-тәрбие үдерісінің тиімді жағдайларына сүйенген эстрада-вокалдық музыканың болашақ орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру әдістемесі.
Жұмыстың практикалық мәні әзірленген материалдардың, қорытындылардың, әдістемелік ұсынымдардың Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА музыка өнері факультетінің студент-вокалшылардың бойында эстрада өнеріне құндылық бейімделуді қалыптастыру үдерісінде жұмыс тәжірибесіне енгізілуінде.
Алынған нәтижелердің шынайылығы және ғылыми дәлелділігі вокалды-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылықты бейімделуін қалыптастыру мәселелерін зерделеудің теориялық жағдайы және практикалық тәсілінің әдіснамалық негізделуімен; қойылған міндеттерге зерттеу әдістерінің сәйкестігімен; теория мен практиканың жетістіктерін пайдаланумен; оқу үдерісіне эксперименталдық әдістемені енгізумен қамтамасыз етілген.
Зерттеу базасы: Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА музыка өнері факультеті. Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк колледжі.
Зерттеу нәтижелері апробациясы және енгізілуі.
Зерттеу материалдары Т. Жүргенов атындағы Қаз ҰӨА (2009 – 2011 ж.) «Эстрада вокалы» кафедрасының отырысында талқыланды; халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда «Эстрадалық музыка орындаушысының кәсіби қызметінде құндылық бейімделуінің әсер етуі», Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2010), «Эстрадалық музыка орындаушысында құндылықты бейімделуді құрастырудың технологиялық аспектілері», Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, 2011) баяндалды, ғылыми конференциялар жинақтарында жарық көрді; «Iзденiс» - «Поиск» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналда жарық көрді («Эстрадалық музыка орындаушысының құндылық бейімделуі», Алматы қ., Қазақстан Жоғары Мектебі, 2011).