Смекни!
smekni.com

диссертации на соискание (стр. 6 из 7)

Диссертация құрылымы қойылған міндеттердің логикалық өзара байланысымен айқындалған. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Диссертацияның негізгі мазмұны.

Жеке тұлғаның рухани дамуында басты орынды құнды қатынастар түрлерінің бірі бола тұрып, субъект үшін осы немесе басқа объектіні айқындайтын және құндылық мәніне ие бола тұрып, айрықша құрмет болатын құндылық бейімделу алады. Құндылық бейімделулер- жетілген жеке тұлғаның негізгі құрылымдық білімнің бірі. Осылайша, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүдделеріне қатысты олардың үйлестіруші рөлі анық, ол өз кезегінде, рухани мәдениет құндылықтарына қатысты сипатта көрінеді. Ал бұл түрлі деңгейлерде: қажеттіліктер-қатынасы, орнатулар-қатынасы, мүдделер-қатынасында көрініс тауып, сананың жекелеген компоненті болып табылмайтынын куәландырады.

Біздің зерттеуімізде огрындаушы-музыканттың құндылық бейімделуінің негізгі құрылымдық компоненттері мыналар болды: эмоционалды-бағалау, когнитивті (интеллектуалды - танымдық), сенсорлық және критерийлер: эстрадалық шығармашылыққа және орындаушылыққа құндылықты қатынас; эстрадалық өнер және шығармашылық саласынан мәліметі болуы; эстрадалық музыканы қабылдау үшін есту қабілетін дамыту (1 кесте).

1 кесте

Эстрада өнері орындаушы- музыкантының құндылық бейімделуінің компонентті-критерийлі талдауы.

Компоненттер

Критерийлер

Көрсеткіштер

1

2

3

Эмоционалды - бағалау Эстрадалық шығармашылыққа және орындаушылыққа құнды қатынас. - бағалау нормалары, талғамдар, эстрада өнерінде қажетті бейімдерді игерудегі идеалдар; - эстрадалық музыка және орындаушылық шығармаларын бағалауда тәжірибені кеңейту; - музыкалық өнер құндылықтарына орындаушының эмоционалды әрекеттері.
Когнитивті Эстрадалық өнер және орындаушылық саласында мәліметі болуы. - эстрадалы музыкалық шығармалар туралы түсініктерінің кеңдігі; - эстрадалық орындаушылықты бағалау белгілерін білу.
Сенсорлық Эстрадалық музыканы қабылдауға тыңдау қабілеттерін дамыту. - шығарманың дыбыстық арқауын қабылдау белсенділігі; - эстрадалық музыканың бейнелі-көркемдік мазмұнын көрсету қабілеті.

Біз әзірлеген компоненттер, критерийлер және көрсеткіштер эстрада музыкасы орындаушысының құндылық бейімделуінің түрлі деңгейлерін сипаттауға мүмкіндік берді. Төмен-эмпирикалық деңгей –олардың эстрада өнерінің өзіндік ерекшелігі туралы белгілі бір шекте түсініктері барын куәландырады. Орта-саналы-пассивті деңгей эстрада өнерінің өзіндік ерекшелігі туралы жеке түсініктер деңгейлерімен айқындалады. Жоғары – іскерік – шығармашылық деңгей эстрада өнерінің өзіндік ерекшеліктері туралы терең ұғымдарымен ерекшеленеді.

Эстрадалық музыка тек жеке тұлғаның баю көзі болып қана табылмайды, сонымен қатар нақты шынайылық, адамдық қатынастар өзара қатысты болатын материал, эталон болып табылады. Құндылық бейімділікті игеру орындаушы-вокалшыға шығарманың мазмұны мен түрін терең түсінуге, оның құндылығын, стиль ерекшелігін, музыка тілін, мәнерлілік құралдарын барабар айқындауға мүмкіндік береді. Бағалау критерийлері теориялық білім және өзіндік музыкалық пайымдары базасында қаланады, сонысымен қажетті құндылық бейімдерді, көбінесе зерделеуге алынған шығармалардың көркемдік деңгейіне тәуелді болатын өнімділікті қамтамасыз етеді.

Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу жұмысында эстрада музыкасының вокалшы-орындаушысының құндылық бейімделуін қалыптастыру жағдайларын айқындаудың маңызы зор болды. Зерттеліп отырған проблеманың басты құралы ретінде мыналар белгіленді: түрлі бағдарламалық орнату білім беру жағдайларын бейімдеу үшін бағдарларды орнатумен эстрадалық вокал бойынша жеке сабақтар, «Вокалды-эстрадалық музыканың орындаушысының құндылық бейімделуі» факультативтік курс. Зерттеудің маңызды жағдайлары мыналар болды: диалогтік өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, психологиялық жайлы жағдай жасау, жеке тұлғалық құрылымдарды белсендендіру. Эстраданың болашақ әртісінің құндылық бейімделуін қалыптастыруда мына әдістер аса маңызды болды: шынайылықты тану, өз бетінше шешім қабылдауда орындаушылық іс-әрекетті дамыту және белсендендіруге жағдай жасаумен интонациялы – орындаушылық талдауы, көркемдік ассоциация, тығыз қарым-қатынас пен өзара әрекеттегі көркемдік тану.

Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу екі кезеңнен тұрды: Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА музыка өнері факультеті базасында өткізілген іздеу-белгілеу және қалыптастыру кезеңдерінен. Көрініс тапқан құндылық бейімделу дигностикасы және апробациясы бойынша ұйымдастыру-мазмұндық жұмыс барысына «Эстрада өнері» мамандығы (мамандандыру: «Эстрадалық вокал») бойынша білім алып жатқан III курстың 16 студенті қатыстырылды.

Іздеу-белгілеу экспериментінде диагностикалық зерттеу вокалды-эстрадалық музыканың құндылық бейімделуін қалыптастыру үдерісіндегі қайшылықтар талдауына бағытталды. Осының салдарынан диагностика бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді: олардың орындаушылық дайындықтары барысында вокалшы-студенттердің құндылық бейімделулерінің сипаты және тиімділік деңгейі айқындалды; вокалды-эстрадалық өнер музыкалық шығармаларын бағалауда олардың құндылық бейімделуінің қалыптасу деңгейі анықталды.

Белгілеуші зерттеудің міндеттерін шешу үшін біз ішіне әңгіме, бақылау, сауалнама жүргізу кіретін диагностикалық әдістемелер кешенін пайдаландық. Сыналғандарға берілген сауалнама мазмұнына эстрадалық вокалдық шығарманың құндылық бейімделуінің басым мәнін айқындауға, эстрадалық музыканы игеру кезінде студенттердің вокалдық дайындықтары үдерісінде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді айқындауға бағытталған сұрақтар берілді.

Жалпы, біз өлшемдер мен белгілер бойынша эстраданың болашақ орындаушы-музыкант вокалшысының құндылық бейімдерінің қалыптасу деңгейіне диагностика жүргіздік (2 кесте).

2 кесте

Вокалдық өнерді бағалау өлшемдері мен белгілері

р/№

Бағалау өлшемдері

Бағалау белгілері

1

2

3

1. Эстрадалық-вокалдық шығарманы бағалаудың басым мәні Қоршаған музыкалық шынайылықтың көркемді –бейнелік көрінісі. Адамгершілік-эстетикалық идеалдар. Эмоционалды-психологиялық дем беру, қуат алу.
2. Эстрадалық вокалдық өнер және орындаушылық құндылықтары туралы білім Сахна мәдениеті, эстрадалық-вокалдық музыка шығармасының сипаты мен мазмұнының жоғары көркем деңгейде іске асырылуы, кәсібилік және орындаушылық.
3. Вокалды- эстрадалық өнердің құндылықты мазмұнын бағалауда қабілеттерді игерудегі шығармашылық, дербестік деңгейі. Вокалды эстрадалық музыканы бағалаудағы кәсіби ұстаным. Алға шығарылған пікірлер мен талқылаулардың дәлелдемесі.

Іздеу- белгілеу экспериментінің жалпылама талдауы бізге сыналатын вокалды-эстрадалық өнердің көбі олар үшін олардың рухани және кәсіби өзін-өзі айқындау контексінде құнды бейімделуді қалыптастырудың жоқтығын куәландырып, сәйкес бағаны алмайды деген қорытынды шығаруға мүмкіндік берді (3 кесте).

3 кесте

Студенттерді іздеу-белгілеу эксперименті кезеңінде вокалдық-эстрадалық өнердің құндылық бейімделуінің қалыптасу деңгейі бойынша бөлу

Вокалдық-эстрадалық өнерді бағалаудың өлшемдері

Деңгейлер

Жоғары

Орта

Төмен

Саны

% арақатынас

Саны

% арақатынас

Саны

% арақатынас.

1

2

3

4

5

6

7

Вокалдық-эстрадалық шығарманы бағалаудың басым мәні

3

18,8 %

9

56,2 %

4

25,0%

Музыкалық өнер мен орындаушылық құндылықтары туралы білімі

2

12,5 %

9

56,2 %

5

31,3 %

Вокалдық-эстрадалық өнердің құндылық мазмұнын бағалауда қабілеттілігіне ие болудағы дербестігінің, шығармашылығының деңгейі

1

6,3%

9

56,2 %

6

37, 3 %

Орташа:

5

33,3%

9

56,2%

2

31,3 %

Қалыптастыратын эксперимент кезеңінде біз ІІІ курста оқитындарға осы бағыттағы теориялық мәліметтердің қажетті көлемін ұсынып, зерттеліп отырған проблеманың мәні, мазмұны, құрылымы материалына құрылған «вокалдық-эстрадалық музыканың құндылық бейімделуі» факультативтік курсының әзірленуін жүзеге асыруды мақсатқа сай деп есептедік.