Смекни!
smekni.com

диссертации на соискание (стр. 7 из 7)

Студенттердің бейнематериалдарды көру, отандық және шетелдік эстраданың атақты әртістерінің жазбаларын тыңдау және концерттік бағдарламаларына барумен қоса, әртүрлі оқу-танымдық іс-әрекет түрлеріндегі вокалшы-орындаушылардың эстрадалық музыкалық шығармаларды қабылдау және талдауда бағалау бағыттылығын көп жақсартқаны сараптамалық талдау негізінде байқалды. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуден алынған мәліметтер тиісті математикалық өңдеуден өткізіліп, жалпыланды және 4 кестеде ұсынылды.

4 кесте

Студенттерді құрылып жатқан эксперименттің кезеңінде вокалдық-эстрадалық өнердің құндылық бейімделуінің қалыптасу деңгейі бойынша бөлу (ІІІ курс: 16 студент, 2010-2011 оқу жылы)

Вокалдық-эстрадалық өнерді бағалаудың өлшемдері

Деңгейлер

Жоғары

Орта

Төмен

Саны

% арақатынас

Саны

% арақатынас

Саны

% арақатынас.

1

2

3

4

5

6

7

Вокалдық-эстрадалық шығарманы бағалаудың басым мәні

5

31,3%

10

62,4%

1

6,3%

Музыкалық өнер мен орындаушылық құндылықтары туралы білімі

6

37,5%

8

50,0%

2

12,5%

Вокалдық-эстрадалық өнердің құндылықты мазмұнын бағалауда қабілеттілігіне ие болудағы дербестігінің, шығармашылығының деңгейі

5

31,3%

9

56,2%

2

12,5%

Орташа:

5

33,3%

9

56,2%

2

10,5%

Біз тәжірибелік-эксперименттік кезеңді қалыптастыру барысында іздеу-белгілеу және вокалдық-эстрадалық өнердің орындаушы-музыканттарының құндылық бейімдерін қалыптастыру деңгейін қосу арқылы № 7 кестеде мәліметтерді белгілеп, олардың өсу серпінін анықтадық.

7-кесте

Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың үдерісінде эстрадалық өнердің болашақ вокалшы-әртісінде құндылық бейімделудің қалыптасу серпіні

(III курс, 2010 – 2011 оқу жылы, 16 студент)

Эстрадалық өнердің болашақ вокалшы-әртісінде құндылықты бейімделудің қалыптасу деңгейі

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Саны

% арақатынасы

Саны

% арақатынасы

Жоғары

2

12,5%

5

33,3%

Орта

9

56,2%

9

56,2%

Төмен

5

31,3%

2

10,5%

Сөйтіп, тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу эстрадалық өнердің болашақ вокалшы-әртісінде құндылық бейімделуді қалыптастыру деңгейлерінде едәуір қозғалыс бар екенін көрсетті. Сонымен, жоғарғы деңгей 12,5% -дан 33,3% -ға дейін, ал төменгі деңгей 31,3%-дан 10,5%-ға дейін азайды. Біз ұсынған құндылық бейімделуді қалыптастыру бойынша оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру эстрадалық өнердің болашақ музыкант-орындаушының дайындығы сапалы және сандық өзгерістерге әсерін тигізді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінің талдауы белгілі теоретикалық-әдістемелік қорытынды жасауға және жинақтауға мүмкіндік берді:

1. Вокалдық-эстрадалық музыканың болашақ орындаушысының құндылықты бейімделуі тұлғаның қиын интегративті қасиеті ретінде танылу керек.

2. Орындаушы-музыканттың құндылық бейімделу құрылымына келесілер кіреді: эмоционалдық-бағалау, когнитивті және (интеллектуалдық-танымдық), сенсорлы құрамдасы және белгісі: эстрадалық шығармашылық пен орындаушылыққа құндылықты көзқарас; эстрадалық шығармашылық пен орындаушылық саласында хабардар болу; эстрадалық музыканы қабылдауда есту қабілеттілігін дамыту. Болашақ әртісте құндылық бейімделуді қалыптастыру кезінде келесі әдістер ерекше маңыздылыққа ие болды: интонациялық-орындаушылық талдау, шығармашылық байланыс, тығыз өзара байланыс пен өзара іс-қимыл жасасуда шығармашылық тану, ақиқатты тануда, дербес шешім қабылдауда орындаушылық әрекеттің дамуы мен белсенділігіне көмек көрсету.

3. Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу оқу үрдесіне «вокалдық-эстрадалық музыка орындаушысының құндылық бейімделуі» факультативтік курсын әзірлеп енгізу қажет екенін көрсетті, ол эстрадалық өнердің болашақ вокалшы-әртісін даярлауда зерделеніп жатқан көріністің терең теоретикалық білімінің маңыздылығын және мәнді мінездемесін өңдеуді қажет етуге себепші болады.

Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстардың тізімі:

4. «Эстрадалық музыка орындаушысының кәсіби қызметінде құндылық бейімделуінің әсер етуі» / «Дәстүрлік дүниеге көзқарас жүйесі мен қазіргі заман өнері» халықаралық конференцияның материалдары, Алматы қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА, 2010. – С. 209 – 211.

5. «Эстрадалық музыка орындаушысында құндылықты бейімделуді құрастырудың технологиялық аспектілері» / «Жамбыл және түрік халқының эпостық мұрасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары Алматы қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА, 2011. – С. 500 – 503.

6. «Эстрадалық музыка орындаушысының құндылық бейімделуі» / «Iзденiс» - «Поиск» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы (№2), Алматы қ., Қазақстанның Жоғары Мектебі, 2011. – С. 127 – 130.