Смекни!
smekni.com

диссертации (стр. 5 из 12)

Впервые витраж исследован как самостоятельное художественное явление; определена хронология его эволюции;

- впервые предметом специального изучения стала творческая практика современных казахстанских витражистов;

- впервые вводится в научный оборот исследованный и обработанный иллюстрированный материал по истории витража Казахстана..

Экспозиция под названием «Современные тенденции в художественных витражах и мозаике 2011» прошла под патронажем Фонда первого президента и при организации Академии искусств имени Т. Жургенева.

Выставка посвящалась 20-летию независимости РК. Проходила при поддержке Фонда Первого Президента РК, акимата Алматы, Фонда развития молодежной политики и с участием творческих ТОО «Домовой», «Алкион», «Стеклянная фантазия», «Этномұра», «Art Glass», «Stounhead», «Sat Glass» и КазНУ имени аль-Фараби.

Выставка позволила наладить и укрепить связи со многими фирмами, открыв тем самым миру богатейшее, культурное наследие народов Востока. Приятно было узнать, что вместе с группой наших молодых талантливых студентов, таких как Аубакирова А., Ким М., Умербаев Е.,Абдукаримов Н., Жумагулов Т., Бекназаров Д., Жаканов Д., Ибрашов Е., успешно участвовали преподаватели КазНАИ им.Т. Жургенева.

В итоге, большая часть представленных витражей имеют позитивный характер, даже если в них звучат подчас ностальгические ноты. Ожидаемое будущее в современных витражах выглядит не просто началом нового мира, скорее принципиальным приходом Нового Бытия. Человеческие помыслы благородны, деяния прекрасны, жизнь полна высоких смыслов.

В заключение необходимо сказать, что витражи, как и другие произведения искусства, не существуют сами по себе. Своеобразная стеклянная композиция должно гармонично сочетаться с другими элементами интерьера.

Не вызывает сомнения, что развитие исследований в этой области будет стимулировать дальнейшее совершенствование всех элементов (составляющих) витражного искусства: составов стекол с заданными свойствами, их технологий изготовления, экспериментальных и теоретических методов производства.

Как показывает практика, витражное искусство, благодаря своим уникальным особенностям, выполнять одновременно и художественные и декоративные задачи, не утрачивает своей актуальности на протяжении веков. И особенно становится популярным в наши дни, так как позволяет приблизить образцы «высокого искусства» к повседневной жизни человека, тем самым украшая, обогащая его будни.

Т.ЖУРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

ТЫНЫБЕКОВА ЖАННА ТУҒАНБАЙҚЫЗЫ

«Қазақстанның ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы витраж өнерінің композициялық, декоративтік және технологиялық аспектілері»

Академиялық магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

Авторефераты

Ғылыми жетекшісі:

Өнертану кандидаты

доцент Батурина О.В.

Ресми оппонент:

Өнертану кандидаты

Султанова М.Э.

Алматы, 2011

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Табиғи болып табылатын шыны материалы өзінің физикалық және декоративтік бірегей қасиеттерімен бірге, өзінің эмоционалды сипаттарымен де ерекшеленеді. Сондықтан көркем шыны жасау өнеріне қызығушылық ықылым заманнан келе жатқаны белгілі. Мұндай факт нәзік материалдың шексіз көркем мәнерлік мүмкінкідігімен айқындалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ-ХХІ ғасырлар шегіндегі көркем мәдениет алуан түрлі және ерекше оқиғаларға толы. Осындай күрделі қарама-қайшы көріністе көркемөнердің өткенін жаңаша бағалау мен бүгінгі күндегі көркемөнер үрдістерінің дамуының мүмкіндіктерін көрсететін құбылыстар анықталады. Мұндай көзқарас тұрғысында ХХ ғасырдың соңында заманауи интерьердің жаңа бейнесіне үйлесімді бейімделген және өзінің шығармашылық тәжірибесінде декоративті өнердің дамуының маңызды тенденцияларын айқындаушы витраж өнері, түбегейлі зерттеуге тұрарлық. Витраж өнері қайта көшіріп, көбейту жолына келе бермейтін көркемөнер формаларының бірі болып табылады. Сондықтан қайта көшірудің шексіз мүмкіндіктерін туындатқан жоғары технологиялар дәуірі контексінде витраж өнері айрықша құндылыққа ие.

Заманауи көркемөнер тәжірибесіне өзінің пішінінің кең диапазонымен, эстетикалық сипатымен енген витраж өнері, шағын қабырға шамынан бастап монументалды панноға дейін, декоративті штрихтан сәулеттік декоративтік көркемдеу доминанты мен қондырғылы көркем туындыларынан арт дизайн құрылымдарымен және ою-өрнектік пішіндерден сюжеттік шешімдерге дейін танылған көркемөнер түрі. [1]

Витраждың жарық пен әшекейді синтездеу тәрізді ерекше мүмкіндігі, оның көркемдік жан-жақтылығымен, функционалдығымен айқындалады. Оның мұндай бірегей ерекшелігі әр түрлі мәдениеттегі тағдыры мен бүгінгі күндегі сұранысының анықталуы шығармашылық тәжірибесін зерттеу мен тарихи-мәдени контекст арқылы пайымдалуын өзектендіреді. Витраж өнерінің Қазақстанда өнер түрі ретінде жөнсіз ұмытылуға ұшырап, тек қана кейінгі онжылдықтарда қайта қолға алынған жайы бар. Сол кезде бұл өнер түрінің өзіндік бірегей қайталанбас даму тарихы бар және бүгінгі күндегі заманауи интерьер дизайнында маңызды рөл атқарады.

Қазіргі заман авторлық дизайнерлік шешімдердегі витраж өнерінің өзектілігі мен жоғары сұранысы, аталмыш көркем материалды зерттеу мен жүйелеудің маңыздылығын анықтайды. Ұсынылған магистерлік диссертация витраж өнерінің Қазақстандағы сан алуан түрлі бейнелеу өнері жүйесіндегі маңызы мен рөлін анықтап, оны өнердегі жеке кәсіп ретінде зерттеуге арналған.

Витраж өнері үшін басты маңыздылық бояу түстері болып табылады. Осыған байланысты түстің негізгі теориясына тоқталып кету қажет. Түссіз денелерге қатысты, яғни түссіз мөлдір шынының түсі шыны арқылы өтетін жарық сәулесіне байланысты болса, боялған (мөлдір емес) шыныға сыртқы жарық түсуінің сәулеленуіне байланысты болып келеді. Түрлі түстердің әр түрлі толқынды ұзындықтары арқылы сәулеленуі олардың жазықтық қасиеттері мен түссіз мөлдір шыны арқылы өтетін ортасының қасиеттеріне қатысты болып табылады. [2]

Шыны өндірісінің дәстүрлерін зерттеу көркем-композициялық және технологиялық әдіс-тәсілдер ерекшелктерін айқындауға мүмкіндік береді. Витраж өнерінде кәсіби мүмкіндіктер туындататын тәжірибелік машықтарды игерумен материалдың өзіндік қасиеттерін зерттеуде, көркем шыны технологияларының классикалық үлгісінде шығармашылық ой-жобаларды орындауда және заманауи жаңа техникалардың дамуында үлкен рөл атқаратын технологиялық тұстар маңызды болып келеді.

Кейінгі уақытта Қазақстан республикасында витраж өнерінің дамуы оған заманауи дизайнерлердің қызығушылығының өсуімен байланысты деп пайымдалады. Егерде өткен заманда витраж өнері негізінен күн көзі аз түсетін елдерде кеңінен таралған болса, күн көзі жарқыраған оңтүстік ел болып саналатын Қазақстан территориясында бүгінгі күнде жарық түсуімен байытылған витраж интерьер дизайнында ерекше орын алады. Қазақстанда жыл бойында 2400 сағат «жарық күн» бар деп есептелінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда витраж өнері қарқынды дамуда. Витраж өнерінің соңғы жаңа технологияларын қолданатын өндірістік витраж шеберханаларында терезелерді әшекейлейтін декоративтік шынылар, түрлі жиһаздар мен шағын сувенирлер дайындалады. Қазақстанда витраж өнерінің Еуропа мен Ресей жерлеріндегідей көне болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл өнердің дәстүрлері біздің елімізде аз көлемде зерттелген. [3] Витраждардың көп бөлігі кеңес кезеңін қамтиды. Қазақстанда витраж өнері жайлы кең таралымдағы әдебиеттер жоқтың қасы. Ғылыми еңбектерде витраж өнерінің қалыптасуы мен дамуы мәселелері көтерілмеген деуге болады. Витраж өнері саласының қазіргі кездегі және өткен ғасырлардағы жетістіктері бейнелеу өнерінің жеке дербес өнер түрі ретінде, оның тенденциялары мен даму перспективалары тәрізді мәселелердің бәрі ұсынылған магистерлік диссертация жұмысының тақырыбы мен зерттеу пәні болды. Бұл тақырыптың зерттелу дәрежесінің аздығы, мағлұматтардың жұтаңдығына әкелді, тіпті ҚР электронды ресурстарының өзінде аз көлемде кездеседі. Ресейде витраж өнерімен қызығушыларды біріктіретін сайттың құрылуы суретшілер мен тарихшыларға, витражистер мен өнертанушыларға және осы нәзік өнер түрін бағалаушыларға ақпарат, мағлұмат алысып тұруға мүмкіндік береді. Фотогалереяларда тарихи ретроспективтік витраж фотографиялары және қазіргі заман суретшілерінің жұмыстары орналастырылған. Аталмыш сайтта витраж өнері жайлы ғылыми мақалалар, осы өнер түрінің тарихы, қоғамдық және жеке меншік интерьерлерінің дизайнындағы декоративті шынылаудың рөлі туралы мағлұматтар мен орыс тілді әдебиеттер ұсынылған. Сайтқа кірушілер ақпараттық тақтада сату немесе сатып алу және авторлық витраждарды талқылау сынды мәселелерді жүзеге асыра алады. Сол сияқты ғажайып шыны әлемін игеріп, витражды өз қолымен жасап үйренемін деушілерге витраж шеберлігіне үйрету орталықтары жайлы ақпараттар алу жақтары да қарастырылған.