1980-ші жылдар көркем туындылар композицияларында интертекстуалды меңзеу пайда болады, ондағы басты нысан ұлттық символдар болды. Бұл уақыт жаппай әр ұлттың өзінің бірегейлігін таныту үрдісінің басталуымен сипатталады және ол өнерде өзінің мәнерлік шешімін таппай қоймады. Ол әрине бейнелеу өнерінде, музыкада, әдебиетте және тағы басқа өнер түрлерінде.
1980-ші жылдары сол кездегі қоғамның белсенді «диссидент буыны» деп аталған С.Айтбаев, Ш. Сариев, М.Әуезов сынды мүшелері өздерінің қоғамға деген көзқарастарын ашық білдіріп, айқын шығармашылықтарымен көзге түседі.
1980-ші жылдардың орта шені мен 1990-шы жылдардың басында дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысының классификациялық тәсімі «модификациялау» кезеңін аяқтайды. Өнердегі белсенді ұлттық ізденіс жолдары жалғаса түседі. Сондай-ақ витраж өнері де бұл үрдістен қалыс қалмайды. Бұл өзгерістердің барлығы тек қана сюжеттік деңгейде ғана емес, сонымен бірге бүкіл көркем мәнерлеу құралдарында көрініс табады. Олар жаңартылып, жаңа ұлттық тақырыптар мен нақыштар, туған өлкеге деген махаббатқа толы. Осы кезеңнің витраж өнеріне сонылық, айқындылық пен мәнерлілік тән.
Ендігі жерде, суретші дәуірлік идеалдарын кеңес кезеңі қаһарманы бейнесі емес, ұлттық, архетиптік бейнелерді сомдауға ұмтылады.
Бұл уақыттың витраж өнері шығыс миниатюрасымен тығыз байланысты болып келеді. 1980-ші жылдардың соңында қоғамдағы саяси, экономикалық өзгерістер және осыған тікелей байланысты мәдени жағдайдың өзгеруіне әкеледі. Жағдайдың біртіндеп өзгеруіне елдегі тәуелсіздіктің жариялануы мен ондағы демократиялық реформалар, елдің капитализациялануы үлкен ықпал-әсерін тигізді.
Елімізде шетел фирмалары, дипломатиялық өкілеттіктер, елшіліктердің пайда болуымен байланысты шетел тұтынушылар нарығы туындайды. Қазіргі нарықтық экономика және әлеуметтік-мәдени жағдайында витраж өнері белсенді түрде коммерциялық болуға ұмтылуда.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты ұлттық сана-сезім серпінімен қолданбалы-монументалды өнердегі түбегейлі өзгерістер байқалады. Көптеген қазақ суретшілерінің көркем туындыларында ұлттық-романтикалық бағытпен байланысты өзіндік көркем ой-пайым айқындалады.
Екінші тараудың екінші тараушасында технологиялардың витраждық кескіндеме өнеріне тигізген ықпал-әсері мәселелері қарастырылады.
Бүгінгі күнде орындау техникасына байланысты витраждың бірнеше түрі айқындалған.
Классикалық витраж (Тиффани технологиясы) – араларына жұмсақ иілгіш металл немесе пластикалық материалы өткізілген мөлдір шыны шақпақтарынан тұратын өнердегі көркем туынды түрінің жасалуы ерекше көркем мәнерлеу құралдарының синтезі болып табылады.
Витраждың өзіндік көркем мәнерлеу құралы, сурет, түс, түстік түзілім (колорит) және жарық арқылы көркем бейне шынайылықты көрсетуге көмегін тигізеді. Егерде фреска мен мозаика интерьерді көркемдесе, ал витраж құлпыртып жібереді. Оның өзіндік ерекшелігі витраж туындысының жарық түсуіне байланысты, әр кезде әртүрлі болады. Мұның өзі витраж өнерін қайталанбас ерекшелікке жеткізеді. Шыныдан өтетін жарық жан-жаққа түрлі –түстермен сәулеленіп, күнделікті тіршілікті мерекеге, ал жабырқаулықты жалындағын отқа айналдырады.
· Жапсырмалы витраж — фьюзинг технологиясы бойынша жоғары температурамен қайнату, кейде элементтерді бір-біріне жапсыру арқылы жасалады.
· Өрнектелген витраж — шынының сыртқы бетіне мөлдір түссіз бояулармен сурет салынады.
· Плёнкалы витраж — шынының сыртқы бетіне қорғасын жолақ пен түрлі-түсті пленка жабыстырылады.
Аралас витраж — үйлестірілген витраж, түрлі технологияларды үйлестіру арқылы жасалады.
Екінші тараудың үшінші тараушасында ХХ-ХХІ ғғ. ширегіндегі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнеріндегі витраждық кескіндеме өнерінің мәселелері зерттеледі.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы оқиғалар, оның ішінде ең бастысы республикамыздың егемендік алуы – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуіне себепкер болды. Осы себептен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі қала құрылысы мен сәулет құрылысы салаларындағы ізденіс бағыттары сипатын анықтайды.
Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік даму жолдарының ізденісі өзгерген күрделі геосаяси жағдайында өтеді. Кеңес заманы идеологиялық әміршілдігінен еркіндік алған суретшілер алғаш өздерін нарық арқылы жариялауға мүмкіндік алады. Сонымен жалпымәдени тенденциялардың әсерімен витраж өнері белгілі бір өзгерістерге ұшырайды және олардың хронологиялық шектерін ажыратып белгілеу қиынға соғады. Дегенмен жеке шеберханалар өзара байланыстарымен анықталады.
Витраж өнері осы уақытқа жете келе жоғары деңгейге жетеді. Бұл өнер түріне жалпы кескіндеме өнерлерінің ықпал-әсері тиеді. Жаңа бояу түстерінің пайда болуы (басты түстер ертеготикалық «ыстық қызыл» және «о дүниелік көк» деп аталатын түстер) суретші палитраларын кеңейте, байыта түсіп, нәзік түстік түзілім нюанстарын, жарық пен көлеңкенің ойнауын айқындайтын мүмкіндіктер туғызады. Витраждық кескіндеме күрделеніп, терезелер өрнектеліп көркемделеді. Осы кездегі қарқынды құрылыстармен бірге, витраж өнерінің қалыптасуы мен дамуы қатар жүреді.
Негізгі тапсырыс берушілер жеке меншік және мемлекеттік мекемелер болды. Мұның өзі құрылыс пе витраж байланысын анықтап және бұған 1994 жылдан бастап белсенді түрде білім беру орталықтары мен демеушілер қолдау көрсетеді.
«Домовой», «Алкион», «Стеклянная фантазия», «Art Glass» «Stounhead», «Sat Glass» серіктестіктеріне қатысты бірталай витраж өнері туындылары тарих есінде қалады.
Автордың алғашқы рет зерттеу мәселесіне назар аударуы, көрме идеясының сабақтастық сипат алуына мүмкіндік туғызады. Өйткені көрмеге қатысушы студенттердің республикамыздың әр түрлі аймақтарынан келуі, болашақта академияны аяқтап, еліміздің әр өңірінде жаңа ұлттық витраж шеберханаларын ашу мүмкіндігін қарастырады.
Сонымен витраж – өнердің ерекше қайталанбас түрі, ол күннен-күнге тек қана суретшілер қауымы қызығушылығын туғызбай, сондай-ақ талғамы жоғары қайталанбас интерьермен айналсатындардың қызығушылығын оятатыны анық. Осы жылдағы 31 наурыз көрменің ашылу күні үлкен жұмыстың нәтижесі деп санап және бұдан былай дәстүрлі көрменң ашылу күні болатынына кәміл сенеміз.
ХХ ғасыр витраж өнері туралы Қазақстандағы 2009 жылда өткізілген мануфактуралық құрылыс көрмелерінің нұсқаулықтары мен каталогтары маңызды деректер болып табылады. Автордың ұымдастыруымен және диссертациялық жұмысына байланысты Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы қатысқан көркем-өндірістік көрмелер сипаттамалары да қажетті ақпарат екені анық.
ХХ ғасырдың соңындағы арнайы кезеңдік басылымдар мәліметтері де ұсынылған зерттеу жұмысына дереккөз болды. Ондағы газет, журналдардағы көркемөнер тіршілігіне арналған материалдарда көркем-өндіріс сипаты да баяндалады. Студенттердің туындылары келер ұрпаққа біздердің идеалдарымыз бен дүниетанымымызды көрсетеді. Бұның өзі студенттерге жоғары талаптар мен нақты азаматтық позицияны талап етеді.
Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрменің басты мақсаты – витраж өнері түрлерінің қайталанбас ерекшелігі мен әсемдігін насихаттау, витраж ісінің жас, әрі дарынды шеберлерімен таныстыру. Сонымен қатар Қазақстандағы витраж ісінің дамуына өнер адамдары ғана емес, еліміздің басқарушы орындарының да қызығушылық танытқанын атап өтуіміз қажет.
Қорытынды
Бүгінгі таңда витраж өнері қайта өзектілікке ие болды. Барлық әлемдегідей ол дамудың жаңа серпінінен пайда болып және өткеннің жетістігін қайталап қана қоймай, сондай-ақ жаңа технологияларға сүйенген қызықты жаңалықтар алып келді. Енді өз кезегінде бұл өнер түріне қызығушылықтың күннен-күнге өсіп келе жатқаны неліктен және Қазақстанның заманауи интерьерінде қалай жүзеге асырылып жатқанын анықтап алу керек. Тек осыны түсінгеннен кейін ғана зерттеу пәніне көзқарасымызды қалыптастырып және оны өмірге енгізуге тырысамыз. Өнерге жақындаған сайын біз рухани байып, дамып, өсеміз.