1 Петр жүргізген қайта құрулар нәтижесінде, флотта және кеме құрастыруда кеңінен қолданылған ағылшын өлшемдері – фунт және дюйм айналымға енгізілді. Есептеулерді жеңілдету үшін орыс және шетел өлшемдерінің арақатынасы мен өлшемдерінің кестесі жасалған болатын. Кейбір метрологиялық орталықтар ерекшелене бастады. Коммерц-коллегия сауда саласындағы метрологиялық қызмет көрсетулердің және өлшемдердің біртұтастығының сұрақтарымен айналысты. Адмиралтейст-коллегиясы бұрышты өлшейтін жабдықтардың, компастардың және сәйкес өлшемдердің қолданылуының дұрыстығын қадағалады. 1725 жылы негізі қаланған Петербург ғылымдар академиясы бұрыштық өлшемдерді, уақыт және температура өлшемдерін қайта жаңғыртумен айналысты. 1736 жылы Сенаттың шешімі бойынша таразылар мен өлшемдер Комиссиясы құрылды. Комиссия ұзындықтың бастапқы өлшемі ретінде мыс аршинын және ағаш саженьді дайындады, сұйық заттар өлшемі ретінде мәскеулік Каменномостск ауласының шелегі қабылданды. Алтынмен қапталған қоладан дайындалған кір (гирь) салмақтың орыс өлшемдеріның бірінші ретті үлгісі (мемлекеттік эталон) ретінде заңмен бекітілген. Бұл фунт жүз жылға жуық мерзімде мемлекеттегі жалғыз эталон болып қала берді. /7,28/
XVIII ғасырдың аяғында Еуропада өлшемдердің біртұтас халықаралық жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы Францияда өлшемдердің ондық метрлік жүйесін дайындау мен қабылдауға әкелді. Ұзындық пен салмақтың өлшемдерінің платиналық протатиптері – метр мен килограмм дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен енгізілді, отандық метрологияға көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады. 1899 жылдан бастап ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты.
«Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу туралы» Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды. Декретті шығару отандық метрологиянығ дамуындағы нормативтік сатының басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.
Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған болатын.
Фундаментальді және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық метрологияның құрылуы жүзеге асты. /7,45/
Заңнамалық метрология – бұл өлшемдердің біртұтастығын және өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағыттылған, өзіне өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау жатады.
Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары сәйкес халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен біріктірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер етеді.
1.2 Метрологиялық қамтамасыз ету
Метрология метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.
Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік метрологиялыққызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын жүйелер:
- физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
- эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің көлемдерін үлгілі СИ көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге жіберу;
- өлшемдердің жұмыс құралдарының өндірісі мен айналымға шығару үшін дайындаулар менбекітулер;
- өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық аттестациясы;
- өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері;
- физикалық константтар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтер.
Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі – «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып табылады:
- өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану деңгейін көтеру;
- бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;
- ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;
- есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету және материалдық құндылықтарды және энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарлату;
- транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;
- байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;
- тұтынушыны қорғау.
Өндірістің қазіргі даму сатысында метрологиялық қамтамасыз ету, негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың, автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының белсенді құралына айналды.
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік метрологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартпен басқарылады. Оның құрамына стандарттар мен стандарттық үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, Қазақстандық метрологиялық институт (ҚазМетИн), территориалдық органдар кіреді.