Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология, сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.
Барлық өлшемдердің, яғни экономиканың дамуының деңгейі физикалық шамалар бірліктерінің эталондық базасының дамуымен анықталады. Эталондық база, сонымен қатар, стандартизация және сертификация жүйелерінің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Сондықтан қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен дәл өлшемдерді, жинақталған ғылыми-техникалық потенциалды нығайту мен мақтауды метрологиялық қамтамасыз ету мақсатымен физикалық шамалардың бірліктерінің ұлттық эталондық базасының әрі қарай дамуы алдын-ала қарастырылады. Эталондық база – бұл мемлекеттік бірінші ретті, екінші ретті және жұмысшы эталондардың, сонымен қатар физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін сақтау, қайта өндіру және жіберудің жоғары дәлдігі мемлекет үшін шығыс бекітулердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының алдында келесі міндеттер тұр: өлшемлердің деңгейін жоғарлату, ұлттық өлшем жүйесін жетілдіру, физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін жіберудің бірегей тәртібін бекіту.
Осы міндеттер тұрғысынан метрологиялық қамтамасыз ету өлшемдердің талап етілетін дәлдіктегі нәтижелерін алу және қолдануды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені ретінде сипатталуы мүмкін. Осы, шығарылатын өнім сапасының метрологиялық қамтамасыз етілу тәжірибесі үшін спецификалық шаралар қатарына жатады:
- өлшеулер, сынақтар, бақылау кезінде бағалауға жататын материалдар, бұйымдар, процестер параметрлерінің номенклатурасын таңдау;
- өлшеулер, сынақтар және бақылаулар нәтижелерінің дәлдігінің (шынайылығының) көрсеткіштерінің, осы қорытындылар арналған есептің оптималды шешімін қамтамасыз ететін оларды ұсыну формаларының номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау;
- алдыңғы екі есепті шешудің нәтижелерінің дұрыстығын бақылау мақсатында жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың метрологиялық сараптамасы;
- өлшеу, сынақ және бақылау құралдарын жоспарлау, сынақтар мен бақылау МИ дайындалуы және метрологиялық аттестациясы;
- өлшеу, сынақ және бақылау процестерін сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- техникалық құралдарды метрологиялық қолдануға жарамды жағдайда ұстап тұру;
- өлшеу, сынақ және бақылау процестерін орындау, олардың нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);
- өлшеу, сынақ және бақылау нәтижелерін алу мен қолдануға байланысты персоналды оқыту және метрологиялық біліктілігін жоғарлату.
Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілген шаралар кешенін өлшеу ақпараттарын өңдеумен, оны алу процестерін нормативтік және жабдықпен қамтамасыз етумен байланысты министрліктердің, ведомствалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың органдары мен қызметтері жүзеге асырады.
1.3. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.
Өлшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу қажеттілігінің туындауына әкелді.
Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі өлшемдердің бірлігіне қол жеткізу болып табылады.
Бұл метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізін құрайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді,
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі мынандай міндеттерді орындауға арналған: өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді, барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.
Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік жүйесінің нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық институттардың әдістемелік нұсқаулары, 119 басқарушы құжаттар және 60 нұсқаулықтар мен ережелер.
Өлшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады.
Бірліктерді көрсету эталондар арқылы жүзеге асырылады.
Базалық стандарт болып эталондардың міндеттері мен біліктілігін, жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты саналады.
Басқа стандарттардың бірқатарымен эталондардың жасалу тәртібі, олардағы қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі.
Бірліктердің өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына бару алты базалық стандарттармен бекітілген.
Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен басқарылатын және берілген физикалық өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын, мемлекетте қолданылатын; ведомстволық – жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық органдарда тексерілуге жататын өлшем құралдарына арналған.
Базалық стандарттар тобымен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ » және т.б.
Өлшемдердің нәтижелерін орындау мен рәсімдеу ережелері СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық тексерістер (аттестация) бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз етіледі.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан жалықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жасалуда.
Сәйкестендіру Қазақстанның метрологиялық қызметінің әлемдік қоғамдастыққа кіруіне қажетті шарттарды жасау мен қолдау үшін қажет.
2000 жылы Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданған. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітеді, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет аясына қатысты қарым-қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғайды.
ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау
2.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің ұйымдастырушылық негізі
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады:
- мемлекеттік метрологиялық қызмет;
- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
- басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.
Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:
- шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді;
- өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;
- отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;
- материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау.
Мелекеттік метрологиялық қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары басқарады. Оның құрамына келесілер кіреді: