Смекни!
smekni.com

Жоспар (стр. 4 из 7)

- өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарының қолданылуын, сақталуын және жетілдірілуін, өлшем бірліктерінің көрсетілу өлшемдерін жасауды, өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік құжаттарын жасауды қамтамасыз ететін, мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық;

- сәйкес территорияда өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен қызметтерді, осы болімшелер туралы жалпы ережелер шегінде, жүзеге асыратын Мемлекеттік Стандарттың территориялық органдары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды:

1) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;

3) қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді;

4) метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;

5) өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;

6) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды;

7) өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;

8) өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды;

9) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді;

10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;

12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.

Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мақсаттарына сәйкес негізгі міндеттер аясына жатады:

1) өлшемдердің жүйелік талдауын, өнімдердің жеке түрлерінің жасалу, өндіру және пайдаланудың барлық сатыларындағы сынақтар мен бақылауларын жүргізу;

2) өлшем құралдарына, эталондарды сынақтан өткізу мен бақылауға, өлшем құралдарын тексеру үшін бастапқы өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге деген қажеттілікті зерттеу;

3) өлшеулердің құралдары мен әдістерін жасауға және оларды өндіріске енгізуге қатысу;

4) жасалып және шығарылып жатқан өлшем құралдарына метрологиялық қызмет көрсету үшін қажетті эталондарды, басқа да тексеріс құралдарын жасауға қатысу;

5) сынақтан өткізу және бақылау құралдарын аттестациялауға, оларды аттестациялау бағдарламалары мен әдістемелерін жасауға қатысу;

6) өлшем құралдарының олардың типін бекіту мақсатында сынақтан өткізуге уақытылы тапсырылуын қадағалау;

7) өлшем құралдарының импортына қатысты мәлімдемелерді қарастыруға қатысу және материалдарды дайындау;

8) өлшем құралдарын тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу, өлшем құралдарының уақытылы тексеруге тапсырылып отырылуын қамтамасыз ету;

9) қолданыстағы өлшем құралдарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу;

10) өлшем құралдарының есебін жүргізу, өлшем құралдарын тексеру кестелерін бекіту мен сақтау, ескірген конструкциядағы өлшем құралдарының уақытылы қолданыстан шығарылуы;

11) өлшем құралдарының уақытша қолданысқа алынуын жүзеге асыру;

12) ерекше нақты өлшеулерді жүргізу;

13) жергілікті бақылау сызбанұсқаларын жасау және сәйкестендіру;

14) өлшем құралдарын, басқа да тексеру құралдарын қалпына келтіру үшін эталондарды қажетті деңгейде ұстап тұру мен сақтау;

15) өлшем құралдарының жағдайы мен қолданылуына, өлшеулерді орындаудың аттестациялық әдістеріне, эталондарына метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру.

2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері

Мемлекеттік метрологиялық бақылау келесілерден тұрады:

1) өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу және олардың

типтерін бекіту;

2) өлшем құралдарының тексерісін және метрологиялық аттестациясын

жүргізу;

3) өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтардан, тексерістен, метрологиялық аттестация мен калибровкадан өткізілуін, өлшеулерді және оларды жүргізудің әдістемелерінің аккредитациясын жүргізуге құқық алуға қатысты аккредитациядан өткізу;

4) өлшем құралдарын дайындау, жөндеу, сату немесе уақытша қолданысқа беру бойынша заңды және жеке тұлғалардың лицензияланған қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау келесілерден тұрады:

1) өлшем құралдарын шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді жүргізу әдістерін қолдануға, метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға қадағалау жасау;

2) сауда операцияларын жүзеге асырудағы шеттелетін тауарлар санын қадағалау;

3) кез-келген орамадағы буып-түйілген тауарларды өлшеп орау, сату және импортқа шығаруды қадағалау.

Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңында метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылардың заңнамалық, физикалық және әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған.

Алдын алу шаралары – бұл әкімшілік айыппұлдың түрі, оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік инспекторлары пайдаланады.

Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тарту стандарттау туралы заңнаманы, сертификаттау және өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету қарастырылған б. 103-1 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексті бұзған үшін жүргізіледі. Олар келесідей көрініс табуы мүмкін:

- сертификациялық сынақтарды аккредитациясыз жүргізу;

- мемлекеттік сынақтардан, метрологиялық аттестациядан, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының және стандарттық үлгілірдің айналымы;

- өлшем құралдарын лицензиясыз дайындау, тексеру, жөндеу, сату және уақытша қолданысқа беру, сонымен қатар стандарттық үлгілерді дайындау, метрологиялық аттеста­циядан өткізу;

- өлшеулерді орындаудың мемлекеттік метрологиялық қадағалауына жататын және метрологиялық аттестациядан өтпеген әдістерін пайдалану;

- өлшем құралдарын қолдану ережелерін бұзу;

- стандарт талаптарын және сертификаттау мен метрологияның ережелерінің сақталуын мемлекеттік қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орындамау.

Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

- меншік формасына қарамастын, шаруашылық субъектілердің басшылары;

- өнімді еркін шығару құқығы бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;

- кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымдық тұлғалар.

Тәртіп бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет.

2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары

Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген.

Саудадағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

Тексерулер таңдамалы сипатта Мемлекеттік стандарттарды мемлекеттік қадағалау органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.