Смекни!
smekni.com

Жоспар (стр. 1 из 7)

Жоспар

Кіріспе

І тарау. Метрологияның даму тарихы. Метрологиялық қамтамасыз ету

1.1. Метрологияның даму тарихы.

1.2. Метрологиялық қамтамасыз ету.

1.3. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі.

ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау

2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің

ұйымдастырушылық негізі.

2.2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері.

2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары.

ІІІ тарау. Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге

асырудың тәртібі

3.1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері.

3.2 Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың

тәртібі.

3.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нәтижелері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».

Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.

Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.

Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.

Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.

Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес.

Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.

Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады. Біз мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырамыз.

І тарау. Метрологияның даму тарихы. Метрологиялық қамтамасыз ету

1.1. Метрологияның даму тарихы

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді. Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.

Өндіріс пен тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран), бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут) қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.

Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі жүйесі ретінде көне египеттік өлшем бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.

Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ (локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин пайда болған кезде пядь (1/4 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. «Табиғи» өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан айналу орташа периодының 1/86400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды. Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар. Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) «алтын белбеуі» ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі Всеволодтың (1136 ж.) жарлығында «торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий взвешивать ...» деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550 ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың – осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар, олардың «заморскелік» өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ ұйымдастыруды талап етті.