Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.
Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.
Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.
Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.
4. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайық:
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен,
ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыту, қолдану бқл да ақпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, компьютер, алгоритм ұғымдары беріледі.
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: 1. жүйелік блок, 2. монитор, 3. пернелік тақта туралы олардың қызметі жөнінде айтылды. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т.б. ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізігі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1-F10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төмеңгі жағында қысқаша анықтама беріледі.
Дискұяшақты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн.
Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, өосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеу үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі – операциялық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft Disk Operation System (MS DOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жіктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін ең алдымен: DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың
Компьютерде орындайтын іс-әрекеті сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мқғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі – мұғалім оқушы
компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді.
Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлщемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген». NC-дің MS DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әрі уақыт та үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қоладнушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор – мәтіндік редактор – графикалық редактор – мәтіндік редактор – есептеу жұмыстары – электрондық кесте – берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару.