Бүл кернеу қатары металдардьщ ерітінділердегі реакцияларда химиялық қандай өзгерістерге үшырайтындығын көрсетеді:
1. Бүл қатардағы өрбір металл (және қысымға алынғансутек) өзінен кейін орналасқан металдардьщ барлығын,
олардың түздарының ерітінділерінен ығыстырып (тотықсыздандырып) шығарады. Ал, оның өзін алдындатүрған металдың кез-келгені ығыстырып шығарады.
2. Сутек те сол сияқты, оның алдында түрған метаддароны қышқылдардың сүйытылған ерітіндісіненығыстырып шығарады. Сутектен кейін келетін металдарсутекті қышқылдардан ығыстырып шығара алмайды.
3. Қатар бойында сол жақта түрған металл активтеуболады. Реакцияласушы екі металдың арасы неғүрлымқашығырақ болса, бірінен біріне электрон кошуоңайырақ болады.
Коррозия. Қоршаған ортаның әсерінен металдың жаңа химиялық қосылыс түзе күйреуін коррозия ("жемірілу")
дейді.Коррозияның күнде кездесетін мысалы темірдің
таттануы — темір ауадағы оттекпен тотығып, беті таттанады( Fe2О3-Н2О не FeO(OH)).Коррозия — металдарды қоршаушы ортаның әсерінен,оздігінен тотығу процесі; былайша айтқанда, коррозия металдарды кеннен (оксид-кендерден) алу процесіне кері процес.Xалық шаруашылығының түрлі салаларына өте көп зиян келтіретін электрхимиялық коррозия.Электрохимиялық коррозия болу үшін электрхимиялық процесс өту керек; ондай процесс үшін екі электрод жөне электродтар батырылып түратын электролит болуы шарт.Металл таза болса коррозияланбайды. Тіпті темір сияқты металдың өзі де таза болса таттанбайды. Бірақ техникада алынатын металдар еш уақыт таза болмайды, оларда аралас көбіне басқа металдар қоспалары болады, міне, осыдан коррозияға қолайлы жағдай туады.Металдар өзінің сыртына ылғал адсорбциялайды, сондықтан олардыңсырты судың жүқа қабыршағыменқапталады,ауадан көшкен көмірқышқыл газ ол судың ішінде еріп көмір қышқылына айналады.
Коррозиямен күресудің қазіргі кезде көп адістері бар. Олардың маңыздылары: 1)сыртын қаптау, 2)түрақты құйма жасау, 3)қоршаушы ортаны өзгерту, 4) электрохимиялық қорғау. Металдардың ішінде көп өндірілетіні де, тез бүлінетіні де темір болғандықтан бұл өдістердің көбі темірге арналған.
I.Сыртын қаптаудыц өзі үш түрлі болады:
A)металмен қаптау -- ол үшін коррозияға беріктігі бар
Zn, Al, Pb, Sn, Cd, Ni, Cr т.б.металдарды алып,коррозияланатын металдың сыртын мынадай түрлі өдіспен қаптайды.
1.Балқытып батыру — оңай балқитын Zn (te 419°), Sn (te
232°), Pb (Іб 237°) сияктыметалдарды балқытып, сыртын
қорғаймыз деген затты батырып алады.
2. Металл бурку — Zn, Al, Pb, Cu - сияқты металдарды
балқыған күйде, қысылған ауаның жәрдемімен қорғайтын заттың бетіне бүркеді.
3. Плакирлау — екі металды қабаттап жаю, созу (іші темір,
сырты мыс не никель сымдар).
4. Гальваникалъщ әдіс ~ Zn, Cd, Sn, Pb, Ni, Cr, Au, Ag
жэне мысты электролиз арқылы коррозияланушы металдың сыртына жалату.
Б) Бейметалмен қаптауда түрлі заттар қолданылады:
1. Сырлау және бояу. 2. Эмаль жалату (эмальдаған темір
ыдыстар). 3. Торкирлау — жүқалап бетонмен сылау. 4.
Басқа түрлі заттармен — каучукпен(гуммирлау),
битуммен, асфальтпен, бакелитпен, целлюлозамен
қаптау.
B)Химиялық қатітау, оның мағынасы қорғаймыз деген
металдың бетінде коррозияға берік қосылыстар түзілдіреді, ол
әдістер:
1. Оттектендіру — коррозияланушы металдың бетін тотықтырғыштармен өдейі әрекеттеп, оның бетіне оксид түрғызу мысалы воронение Фосфаттандыру — бетіне металдың фосфатын түзілдіру.
3. Азоттандыру.
4. Циаидандыру.
IL Турақты қуйма жасау. Мысалы болатқа хром, марганец, никель сияқты металдар араластырылса, болатт&щ таттанбайтын түрлі, сорттары шығады. Олардан паровоз, турбиналар, тракторлар жөне химиялық қүралғылар жасалады.
III. Коршаушы ортаны өзгерту (металл сүйық затпен жанасқанда) сүйықтарда (суда) еріген түз, қышқыл немесе негіз болуы мүмкін. Бүлар коррозияны
тездетеді. Бұған күрес әдісі коррозияны тездететін еріген заттарды аластауға, немесе оның әсерін басатын тежегіш деп аталатын заттарды сұйыққа араластыруға негізделген. Тежегіш араластырғаннан коррозия процесі баяулайды.
Электрхимиялық қоргау. Коррозияланатын металлы қорғау үшін, екінші металдан гальваникалық жұп жасайды. Бірақ екінші металл қорғайтын металымыздан активті (кернеу қатарында сол жағында түратын) болуы керек. Мысалы, бу қазандарының бір жеріне бір кесек Zn жанастырып бекітіп қояды, бүл үздіксіз істейтін гальваникалық жүп болып шығады, бірақ қазан жасаған шойынымыз аман қалып мырыш коррозияланады. Осындай өдісті су кемелерін жүргізетін винттерін қоргау үшін, газ жолында қүбырларды қорғау үшін т.б. жерлерде қолданады.
42Бірінші А топшасы элементтердің ең маңызды элемеғнттері.
Бірінші топтағы элементтердің барлығының да сыртқы қабатында бір s-электрон болуы, олардың электрон қосып ала алмайтындығын, қайта жалғыз электронын беріп жіберіп, оң бір валентті катион түзеді деп күтуге мүмкіншілік береді.
Бүл топтағы элементтердің сырттан екінші қабатындағы электрон саны екі түрлі: бір топ элементтерде ол қабат 8 электронды, әрі соңғы электроны, s-, р-электрондар, бұл литий, натрий х<вне үлкен периодтардың жүп қатарларының элементтері --• калий, рубидий, цезий және франций. Қүрылымы мүндай элементтерді, әуелдегі келісім бойынша пегізгі тоща жатқызамыз. Қалған мыс, куміс және алтын элементтерінің сырттан екінші қабатында 18 электрон болады өрі соңғы электрондары -электрондар, олар қосымша топқа жатады.
Сілтілік металдардың сипаттамасы
17.2. Литий жұмсақ күмістей ақ металл, барлык металдардың ішінде ең жеңілі. Литий химиялық өте активті. Ауадағы О2 мен N2 -мен әрекеттесіп, қара қабыршақ Li2O жөне Li3O түзе отырып тез тотығады. Атмосферада Ғ2, С12, сонымен қатар буда Вг2 және І2 қалыпты температурада өздігінен жанады. Басқа барлық бейметалдармен (S, С, Н2 және т.б.) қыздырғанда қосылады.
Егер литийді қатты қыздырса, онда атмосферада СО2 жанып көптеген метаддармен интерметалдық қосылыстар түзеді, ал Mg, A1, Zn қатты ерітінділер береді. Li сумей, қышқылдармен шабытты әрекеттеседі:
2Li+2H2O=2LiOH+H2t
Литийдің косылыстары. Литийдің бинарлық қосылыстары түссіз кристалдық заттар; тұздар, немесе тұз тәрізді қоспаларболып табылады. Химиялық табиғаты, ерігіштігі мен қасиеттері жағынан кальций мен магнийдің туындыларына үқсас. Бинарлық қосылыстары мен тұздарының ішіндегі нашар еритіндері: LiF, Li2CO3, ЬізРО4 т.б.
Литийге асқын қосылыстар төн емес, бірақ пероксиды Li2O2, персульфид Li2S2 және перкарбид Li2C2 белгілі. Литий оксиді Li2O - ақ қатты зат. Жай заттардың әрекетімен алынады. Сумен гидроксид түзе активті әрекеттеседі. Қышқылдармен, қышқылдық жөне амфотерлік оксидтермен түздар түзеді.
Гидроксид LiOH - түссіз, өте гигроскопиялық зат, суда ериді. Күшті негіз. Бірақ, ерігіштігі мен күші жағынан LiOH I топтың қалған s -элементтерінен төмен. Қатты қыздырғанда LiOH (басқа сілтілік металдардың ЭОН салыстырғанда) ьщырайды:
2LiOH^Li2O+H2O
LiOH-ты LiCl-дың сулы ерітінділерін электролиздеу арқылы алады. Аккумуляторлардағы электрод ретінде қолданылады.
Натрий басқа да сілтілік металдар сияқты табиғатта, тек қосылыс күйінде ғана кездеседі. Натрий силикаттар қүрамында болады. Қүрамында натрий бар минералдардың маңыздылары — ас түзы NaCl - түзды көлдерде
шөккен түрде кездеседі.Натрий өте жүмсақ, оны пышақпен оңай кесуге болады. Кесілген жері жып-жылтыр болғанымен, тез тотығатындықтан лезде күңгірттенеді, сондықтан оны керосинге салып сақтайды.
Натрий оксидін тікелей тотықтырып емес, жанама жолмен алады, ол да ақ түсті қатты зат, сумен өте жақсы реакцияласады. Na2O әзір еш жерде қолданбайды.
Натрий гидроксиді NaOH - түссіз, өте гигроскоптық, өзі жанасқан затын күйдіргіш қатты зат. Сондықтан куйдіргіш сілті, куйдіргіш натр деп атайды. Күйдіргіш натр оңай балқығыш, әрі айрылмай үшатын зат, балқыған күйде шыны, фарфор, платина ыдыстарын "жеп" қояды, сондықтан мүны күміс, никель, темір ыдыстарды балқытады.
Натрий сульфаты Ntt2S04-10H20 суда жақсы ериді. Техникада, әсіресе шыны, натрий сульфиді (Na2S) т.б. өндіруде көп қолданылады. Бүл түз табиғатта ащы көлдерде шекісен түрде кездеседі. Техникада натрий сульфатын қысқартып "сульфат" дейді.