78-билет
Фосфордың сутекпен екі қосылысы бар:PH3(газ),P2H4(сұйық)
Фосфор сутекпен нашар қосылысады:2P+3H2=2PH3Бұл реакция тиімсіз,сондықтан фосфинді алу үшін кальций фосфоридін тұз қышқылымен,тіпті суменәрекеттестіреді:
Ca3P2+6HCI=3CaCI2+2PH3
Ca3P2+6H2O=3Ca(OH)2+2PH3
Ақ фосфорды реакцияластырсада,фосфин алады.
P4+3KOH+3H2O= PH3+3KH2PO2
Газ түріндегі фосфин –түссіз,сарымсақ иісті,улы зат;күштң тотықсыздандырғыш,ауада 150градуста өзінен өзі оталады.құрылымы аммиак сияқты пирамида тәрізді.Фосфиннің бөлінбеген қос электронды бұлты нашнар гибридтенгендіктен оның электрон донорлық қасиеті аммиакка қара,анда әлсіздеу,сондықтан фосфин аммиак сияқты емес,қосып алу реакцияларына бейімділігі кем,фосфоний тұздары тұрақсыз тұздар,фосфин да фосфоний туындылары да күшті тотықсыздандырғыштар,ауада қздігінен тұтанады.
80-билет
Германий топшасы.Топшалардағы элементтердің барлығы үлкен периодтың элементтері,олардың сыртқы екінші қабатында 18 электрон бар.міне,соның салдарынан олардың қасиеттері негізгі топтың бастапқы элементтеріне қарағанда металдық қасиет біліне бастайды,Осы өзгешеліек селен топшасында нашарлау болса,бұл топшада одан күштірек,германий топшасында әжептеуір айқын көрінеді.Қасиеттердің өзгерісі периодтық жүйенің жалпы заңына сәйкес,топ ішінде жоғарыдан төмен,топтар арасында оңнан солға қарай металдық қасиет өсіп отыр.Германий да металдық қасиетпен бейметалдық теңдей,қалайы,қорғасында металдық қасиет басым,Қалайымен қорғасын физикалық қасиеттері нағыз металдар,тек химиялық қосылыстарында өте нашар бейметалдық қасиет көрсетеді.Германий күмістей ақ металл,өте морт сынғыш,қыздырғандада онша тотықпайды.Қышқылдарды тотықтырады,ал сілтілерде еріп кетеді.Галогендермен жоғары температурада ғана реакцияласады.Германий қазіргі заманда ерекше маңызды элемент, ол шала өткізгіштержасауда таптырмайтынөте қажетзат болады,кейбір құймаларғада араластырылады.
Қалайы күмісше жалтырайтын ақ түсті, ауада өзгермейтін ,оңай балқитын металл.Қалайы мырыштан жұмсақ, қорғасыннан қаттырақ.Қалайы төмен температурада сұр түсті ұнтаққа айналады.Ол сұр қалайы деп аталатын аллотроптық екінші түрі.
Қорғасынның маңызды кені қорғасын жылтырыPbS.Қорғасын өндіру үшін оның кенін флотация арқылы байытады,одан шыққан концентратта 40-80%Pb болады.Концентраттағы қорғасынды көбіне пориметталлургия әдісімен алады,ол екі сатыдан тұрады.Өртеп күйдіру:
2PbS+3O2= 2PbO+2SO2 Тотықсыздандыру:PbO+C=Pb+CO .
83. Кремний, алынуы,физикалық және химиялық қасиеттері,қолданылуы Төртінші негізгі топтың коміртектен соңғы келесі элементі - кремний. Кремний, жаратылыста таралуы жағынан салмақ пайызы бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың қүрамындағы негізгі элемент болатын болса, кремний жер қыртысын түзетін минералдық заттардың қүрамындағы негізгі элемент. Кремний жаратылыста қосылыстар түрінде гана болады; ол қосылыстары: кремний қос тотығы Si02 (кварц, қүм), жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар (далалық шпат, слюда каолин т.б.). Кремнийдің түрақты үш изотопы бар: 28Si (92,27%), 29Si (4,68%), 30Si (3,05%).
Si+2KOH+H20=K2Si03+2H2
Қүм мен кокеты тиісті мөлшерде араластырып қыздырса, кремний мен көміртектің қосылысы — кремний карбиді SiC түзіледі, оны көбіне карборунд деп атайды.
Si02+3C=SiC+2CO
Таза карборунд — түссіз кристалдык, өте катты зат, қаттылығы алмаздан ғана кем, тығыздығы 3,2 г/см3. Техникада карборунд көп мөлшерде өндіріп, қаттылығын пайдаланып, қайрақ тастар, шлифтайтын дөңгелектер жасауға т.б. және отқа берік материал ретінде пайдаланады.
Қүм мен магний арасындағы реакцияда, магнийді артығырақ алса, тотықсызданып шыққан кремний магниймен косылып магний силицидін Mg2Si түзеді:
4Mg+Si02=Mg2Si+2MgO
Металдарды кремниймен тотықтырғанда (700-1200°С) металл оксидімен кремнийді араластырып инертті атмосферада қыздырғанда да силицидтер түзіледі:
6MnO+5Si=2Mn3Si+3Si02
Силицидтер қасиеті және қүрылымы жағынан да карбидтарға үқсамайды. Қосылушы металдың қасиетіне тәуелді силицидтердегі байланыс ионды, коваленттіден металдыққа дейін өзгере береді, осыған байланысты кейбір силицидтер өткізгіш, кейбіреулері шалаөткізгіш болып келеді.
Силицидтер қатты қыздырғанда айрылмайтын қосылыстар, кейбір активті металдың силицидтері сумен, қышқылмен реакцияласады.
Силицидтерді отқа берік, қышқылға төзімді қүймалар, жоғары температурада үсталатын шала өткізгіштер (CrSi2, COSi2, ReSi2) жасауда қолданады. Кейбір силицидтер атомдық техникада пайдаланылады.
Магний силицидіне хлорсутекпен әрекет етсек, кремний сутексилан деп аталатын зат түзіледі:
Mg2Si+4HCl=2MgCl2+SiH4
Силан SiH4 - түссіз, ауада өзінен-өзі түтанып, жанып кететін газ, жанғанда кремнийдің диоксиді және су түзіледі.
Кремнийдің оттекті қосылыстары.
Кремнийдің көп кездесетін, әрі өте түрақты қосылысы оның диоксиді Si02, оның элементтерден түзілуі оңай, орі көп жылу бөліп шығаратын реакциялар қатарына жатады:
Si+02=Si0
ДН°=-848,5 кДж/моль
Кремний диоксиді — түссіз қатты зат, t6=1713°C.
Кремнийдің бүдан басқа оксиді (SiO)x бар, жаратшыста кездеспейді, қолдан сшады (1700°С):
Si02+Si=2SiO
Қошқыл сары түсті борпылдақ, үнтақ, баяу тотыгыпS1O2 айналады, "монокс " деген бояу жасау үшін жоне изоляцияга қолданылады.
Кремнийдің диоксиді — кремний ангидриді жоне кремнезем деп те аталады; бүл жаратылыста көп кездесетін зат, дербес күйінің өзі жер қыртысы масасының жартысынан артығы кремний диоксиді үлесіне келеді. Кремнезем кристалдық жоне аморфты күйде болады.
Кристалдық кремнеземнің маңыздысы кварц деген минерал, ол түссіз, молдір алты қырлы пирамида болып бітетін кристалдар, оны may хрусталі (ІЗ.З.-сурет) деп атайды.
Тау хрусталі түрлі түздар
араласуынан түсі өзгереді, оның
жасылдауын — аметист,
3708 |
күңгірттеуін тутінді(дымчатый) топаз дейді. Кварцтың бір түрі шақпақ тас. Кварцтың өте үсақ кристаллы түрін агат, яшма деп атайды.
Кәдімгі қүм да кварц. Ақ қиыршық қүм таза кварц, бірақ түрлі қоспалардың (көбінесе темір түздарының) араласканынан түсі өзгеріп сары қүм, қызыл қүм, қара қүм деп аталады.
Аморфты кремнезем жаратылыста азырақ. Кейбір қарапайым су осімдіктерінің панцырі (тас қабығы) негізінде аморфты кремнеземнен қүрылған. Сондай панцырлардың көп жиылып қалған жерінде трепел, инфузор топырагы деп аталатын тау жынысының бір түрі пайда болады. Кремний кышқылын қыздырса, суы үшып, қалған кремний диоксиді ақ түсті, аморфты, сусылдак үнтаққа айналады.
86 билет. Металдардың жалпы сипаттамасы
Барлық химиялық элементтердің 4/5-нен көбі металдар. Менделеев кестесін сол жақтағы жоғарғы бүрышынан оң жақтағы төменгі бүрышына қарай, Be, А1, Ge, Sb, Ро элементтерінің үстімен екіге бөлсек, астыңғы үшбүрышта (және 8-топта) металдар болады. Кестеден металдар негізгі топтарда да, қосымша топтарда да бар екенін, ал косымша топтардағы элементтердің барлығы металдар, негізгі топтардан, біз әлі оқымаған III—, II-, І-топтардың да элементтерінің көпшілігі металдар екенін көреміз.
Бүл тарауда металдардың жалпы сипаттамасына, табиғатта таралуына, алу тәсілдері, физикалық және химиялық қасиеттеріне т.т. тоқталамыз.
Табиғаттағы металдар және оларды алудың негізгі тәсілдері. Табиғатта металдар көбіне түрлі қосылыстар түрінде кездеседі, кейбіреулері бос, еш затпен қосылыспаған күйде болады. Ондай жеке кездесетін түрін сап металдар дейді, ол- платина, алтын, күміс және мыс, қалайы, сынап сияқты металдар. Соңғы үш металл, көбіне қосылыс түрінде болады.
Металдардың жер қыртысында кездесетін қосылыстары, түрлі минералдар түрінде болады.