Мышьяк қосылыстары. Мышьяксутек AsH3 арсин. Мышьяктың қандай болмасын қосылысын, сутекпен бөлініп шығу моментінде тотықсыздандырса, арсин түзіледі. As2O3+ 6Zn+ 6H2SO4= 2AsH3 + 6ZnSO4+ 3H2O
AsH3- сұйытылған қышқылдармен арсенидтерге әсер ету нәтижесінде де түзіледі.
Mg3As2+ 6HCI= 3MgCI2+2AsH3
арсин түссіз, өте улы сарымсақ иісті газ, өзі тұрақсыз, қыздырса айырылып сутек және аморфты қара мышьяк береді. арсинның оңай түзіліп, оңай айырылатындық қасиетін, мышьякты табу үшін пайдаланады. аммиак сияқты емес, арсин су қосып алып реакциаласпайды, суды ерігіштігі де анағұрлым нашар, ауада мынадай реакция бойынша жанады.
2AsH3 +3O2= As2O3 +3H2O
мышьяктың оттекті қосылыстары. мышьяк екі оксид түзеді- димышьяк триоксиді As2O3 және димышьяк пентаоксиді As2O5, осыған сәйкес екі қышқылы және олардың тұздары бар, мышьякты қышқыл H3AsO3 және мышьяк қышқылы H3AsO4. мышьяк жанғанда димышьяк троиксиді As2O3 түзіледі, бұл ақ түсті кристалдық зат. суда еруі нашар, бірақ амфотерлі гидроксид түзеді.
As2O3+ 3H2O= 2 As(OH)3 = 2H3AsO3
As2O3- тің P2O3- тен ерекшелігі ол галогенсутек қышқылдармен әрекеттеседі.
As2O3+ 8HCI= HAsCI4 +3H2O
Бұл гидроксид суға еріген күйде ғана болады, қышқылдық қасиеті едәуір басым.
мышьякты қышқыл H3AsO3- өте әлсіз қышқыл. тұздары арсениттен сілтімен нейтралдағанда түзіледі.
As2O3+ 6NaOH= 2Na3AsO3 +3H2O
арсениттер көбіне метаарсенит NaAsO2 түрінде болады. Үш валентті мышьяктың қосылыстары- күшті тотықсыздардырғыш.
мышьякты қышқылды не димышьяк триоксиді, азот қышқылы сияқты, күшті тотықтырғышпен тотықтырғанда мышьяк қышқылы H3AsO4 түзіледі
3As2O3+ 4HNO3+7H2O= 6H3AsO4+ 4No
бұл қатты зат, суда ерімтал, осы орто- қышқылдан басқа, фосфор қышқылындағы сияқты, мета және ди- қышқылдары да белгілі. Мышьяк қышқылының күші- фосфор қышқылындай, тұздары арсенаттар, түссіз, еруі қиын тұздар. фосфаттарға өте ұқсас, мышьяк қышқылын қатты қыздырса, айырылып димышьяк пентаоксиді As2O5 береді, бұл ақ түсті сияқты масса.
мышьякты қышқыл мен мышьяк қышқылын салыстырсақ, соңғысының қышқылдық қасиеті күштірек. бұл барлық элементтерде де бар ортақ заңдылықтың көрінісі- элементтің валенттігі жоғарырақ гидроксидінің қышқылдық қасиеті күштірек, негіздік қасиеті әлсізірек болады.
Сурьма жаратылыста сурьма сульфиді не антимонит Sb2S3 (сурьма жылтыры) түрінде кездеседі. Сурьманы олу оңай, сурьма сульфидін қатты қыздырса, тотығып, оксидке Sb2O3 айналады, оны барып көмірмен тотықсыздандырады, не болмаса мына реакциямен алады:
Sb2S3 + 3Fe = 2Sb + 3FeS
Сурьма күмістей ақ жылтыр металлб қаттылығы 3 тең. Ме- талдық сурьмадан басқа оның аллотропиялық үш түрі бар: сары сурьма (ақ фосфор ж/е сары мышьякқа сәйкес), қара сурьма ж/е аморфтысурьма.
Сурьма құймаларға қаттылық беру үшін қосылады. Сурьма, қорғасын ж/е қалайы құймасынан баспахана шрифтарын жасайды. Подшипникке, бытыра, шрапнель оқтарын жасауға ұстайды.
Химилық қасиеттері жағынан сурьма мышьякқа ұқсайды, бірақ одан металдық қасиеттері басым.
Сурьмасутек SbH3 – стибин арсин сияқты, қасиеттері де сондай, улы газ.
Оксидтері мен гидроксидтері. Дисурьма триоксиді Sb2O3 сурьмалы ангидрид деп атағанмен ол нағыз амфотерлі оксид, мысалы:
Sb2O3 + 2KOH = 2KSbO2 + H2O
Sb2O3 + 6HCl = 2SbCl3 + 3H2O
шынына келгенде Sb2O3негіздік қасиеті басымырақ. Үш валентті сурьманың гидроксидін алу үшін тұзын сілтімен әрекеттейді:
SbCl3 + 3NaOH = ↓ Sb(OH)3 + 3NaCl
Sb(OH)3 амотерлі болғандықтан сілтіде де, қышқылда да ериді, өйткені оны сурьмалы қышқыл деп атайды.
Үш валентті сурьманың тұздары әлсіз негіздің тұздары болғандықтан суға еріткенде гидролизденеді. Гидролизінің бір ерекшелігі:
SbCl3 + 2H2O ↔ Sb(OH)2Cl + 2HCl,
Бұл түзілген негіздік тұз, бір молекула су бөліп шығарып негіздік тұздың басқа түріне ауады:
Sb(OH)2Cl = SbOCl + H2O
Осы тұздағы Sb тобы, бір валентті металл сияқты көрсетеді, оны антимонил деп, түзілген тұзды антимонил хлориді не оксосурьма хлориді деп атайды.
Бес валентті сурьманың оксиді Sb2O5 дисурьма пентаоксиді, оның қышқылдық қасиеті басым, үш қышқыл түзеді-мета(HSbO3), ди (H4Sb2O7) ж/е орто (H3SbO4) қышқылдары, әрқайсысына сай тұздар бар.
Сурьмада аралас оксид-дисурьма тетраоксиді-Sb2O4 бар, оның ішіндегі сурьманың біреуі үш, екіншісі бес валентті оны ортосурьма қышқылының сурьма тұзы SbSbO4 деп қарайды. Оксидтің тұз болып есептелетінімен ілгері де кездесеміз.
Сурьманың сульфидтері Sb2S3, Sb2S5 мышьяктың сульфидтеріне өте ұқсас, солар сияқты тиотұздар да түзеді, шырпы ж/е резина өндірісінде қолданылады.
Висмут жаратылыста дербес күйде, көбіне қосылыс – висмут охрасы Bi2O3, висмут жылтыры Bi2S3 түрінде кездеседі. Висмутты алу әдісі алдыңғы мышьяк пен сурьманікі сияқты.
Висмуттың қасиеттерінде металдық қасиет өте басым, ол оның периодтық системадағы орнына, яғни бейметалдардың тобында болғанымен, бұл 7 не 6 топта емес 5 топта, әрі оның ең соңғы элементі болғандығына тура келетін қасиет. Дербес күйде висмут қызғылт тартқан ақ түсті жылтыр, бірақ морт металл. Висмуттың балқуы оңай (45-470С), құймалар жасау үшін қолданылады.
Висмуттың қосылыстарынан мыналарды келтіруге болады. Висмутсутек BiH3 - өте тұрақсыз зат.
Оксидтері мен гидроксидтері. Висмуттың төрт оксиді бар BiO, Bi2O3, Bi2O4 ж/е Bi2O5.. Висмутты ауада қатты қыздырса Bi2O3 висмут оксидіне айналады, мұның тек қана негіздік қасиеті бар, қышқылдарда ғана ериді, ал Bi2O5. әлсіз қышқылдық қасиеті бар оксид. Висмут гидроксиді Bi(OH)3 мынадай реакциямен алынады:
Bi(NO3)3 + 3NaOH = ↓Bi(OH)3 + 3NaNO3
Висмут тұздарының көпшілігі суда ерімтал, оңай гидролизденіп негіздік тұз не оксовисмут(BiO) тұздарын түзеді. Мысалы:
Bi(NO3)3 + 2H2O ↔ Bi(OH)2NO3 + 2HNO3
BiCl3 + 2H2O ↔ Bi(OH)2Cl + 2HCl
Bi(OH)2Cl = BiOCl + H2O
102. 2KOH +CI2 KCI +KCIO +H2O
104. Na2SO3 + Br2 + H2O
Na2SO4 + 2HBr106. K2Cr2O7 + 14HCI
2KCI + 2CrCI3 +3CI2 + 7H2O108.а) 2KMnO4 + 5NaNO2 + 3H2SO4 2MnSO4 + K2SO4 + 5NaNO3 + 3H2O
В) 2KMnO4 + 3NaNO2 + H2O
2MnO2 + 2KOH + 3NaNO3110. HCIO- HCIO2 – HCIO3- HCIO4 қатаоында қалай өзгереді тұрақтылық, тотықтырғыш қасиеттер, қышқылдық қасиеттер.
Хлордың валенттігі өскен бағытта барлық оттекті қосылыстарының беріктігі өседі, жалпы тотықтырғыштығы кемиді, қышқылдарының күші артады.
HCIO (pk 7.2)- HCIO2 (pk 2.0)– HCIO3(pk -1)- HCIO4(pk-10 )
-қышқылдық күші артады
тотықтырғыштығы күшейеді-
CIO- CIO2- CIO3- CIO4- қатары бойынша хлордың тотығу дәрежесі өсетіндіктен, аниондарының тұрақтылығы артады. Оны CIO- дан CIO4- ке өткенде сигма және пи байланыстарын түзуге қатысатын валенттік электрондар санының өсуімен түсіндірге болады.
112. Азот қышқылының мырышпен, сынаппен, магниймен, мыспен, күкіртпен, көмірмен, иодпен әреккетесу реакцияларының теңдеулерін жазып, оларды электрондық балланс және жартылай реакциялар әдісмен теңестір.
Өте сұйт. 10HNO3 + 4Zn
4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2OСұйт. 10HNO3 + 4Mg
4Mg(NO3)2 + N2O + 5H2OСұйт. 8HNO3 + 3Cu
3Cu(NO3)2 + NO + 4H2OКонц. 4HNO3 + Cu
Cu(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O