1.Оксид кендерінщ мысалдары - қызыл темір тас (Ғе2Оз),
қоңыр темір тас (2Ғб2Оз-ЗН2О), магнитті темір тас (ҒеО- Ғв2Оз);
боксит (А12Оз-2Н2О); пиролюзит (МпО2); қалайы тас (SnCh);қызыл мыс кені (Си2О), хромды темір тас [Ғе(СгО2)2І т.т.
2.Сульфид кендері, жер қыртысында біраз терендікте жатады, мысалы, колчедандар: мыс колчеданы (CuFeS2)i; темір колчеданы (FeS2); жалтырлар: мыс жалтыры (Cu2S); қорғасын жалтыры (PbS); алдауыштар: мырыштікі (ZnS), күмістікі (Ag2S);сыр (HgS) т.б. Сульфид кендерінің көпшілігінде бірнеше металл аралас болады, мысалы, қорғасын мен мырыш аралас, оның үстіне алтын, күміс т.б. қоспасы болады. Мұндай көп металды кенді полиметалды кен деп атайды.
3. Түз кендері. Кейбір металдар, әсіресе, периодтық жүйенің І-, ІІ-негізгі топтарындағы металдар және сирек металдардың біразы жаратылыста көбінесе тұздар түрінде кездеседі. Ол тұздар теңіздердің, не ащы көлдердің суында еріген күйде жөне қазба тұз түрінде жер қабатында болады (бұлар да бұрынғы теңіздердің қалдығы). Ол тұздардың да химиялық құрамына қарай химиялык атымен катар минералдық аты бар. Айталық, галогенидтер — карналит (KCl-MgCl2-6H2O), сильвинит (KCl-NaCl), сильвин (КС1), галит (NaCl), флюорит (СаҒ2), бишофит (MgCl2-6H2O).
Сулъфаттаркаинит (KCl-MgSO4-3H2O), серит (MgSO4-H2O),полигалит(K2SO4-MgSO4-2CaSO4-3H2O),
лангбейнит (K2SO4-2MgSO4), эпсомит (MgSO4-7H2O), гипс (CaSO4-2H2O), ангидрид (CaSO4), тенардит (NaSO4), мирабилит (Na2SO4-10H2O).
Карбонаттар — доломит (CaCO3-MgCO3), мрамор (СаСО3), сидерит (FeCO3), смитсонит (ZnCO3), церусит (РЬСО3), сода (Na2CO340H2O) т.б.
Енді кен ішінде осы қосылыстар түрінде болатын металдарды шыгарып алу мәселесіне келелік. Металды адам баласы мұнан 5000 жылдай бұрын өндіре бастаған. Содан кейінгі жердегі адамзаттың материалдық, рухани жөне мәдени тұрмысының дамуы, металл алу және оны пайдалана білумен байланысты болган. Бірақ, XX ғасырдың басында бар болғаны 15 металл, негізінен темір, мыс, қорғасын калайы, мырыш, күміс, алтын ғана қолданылып келді. Соңғы қысқы мерзімде алюминий, магний, хром, никель, марганец және басқа металдардың аңызы артып, сонымен қатар қазіргі ғылым мен техника металдардың бәріне де қолданылатын орын тауып, барлығын адам баласының қызметіне қосты.Қазіргі кезде адам керегіне түтынылатын металл мөлшері орасан көп, мысалы, осы ғасырдың ортасында бүкіл жер жүзінде жылына 150 миллион тонна темір, мыс, қорғасын, алюминий әрқайсысы 2 миллион тоннадан, қалайы, никель әрқайсысы 200 мың тоннадан артық өндіріледі.Металл қоры жағынан, оны өндіруде Қазақстанның қосар үлесі зор. Академик Қ.И. Сәтпаевтың айтуынша Қазақстан еліміздің гауһар қоры; Қазақстан хром және ванадий байлығынан жер жүзінде бірінші орын алады, ал темір, мыс, қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, ванадий, хром, вольфрам, молибден және баска кейбір метаддардың қоры жөнінде біздің елде бірінші орын алады.Кендегі металды шығарып алудан бүрын көп жағдайда ол кенді әуелі байыту керек. Кенде керекті бөлігімен қатар, керексіз құм, саз, әктас т.б. сияқты, бос жыныстар болады, ол бос жыныстар кейде өте көп те болады, кеннің сол керекті бөлімін бос жыныстан бөліп ажыратуды кенді байыту деп атайды. Кен байытудың қарапайым түрлерінен басқа флотация (ағылшыншы flotation қалқып шығу деген созден) көп қолданылады. Флотацияның техникасы оңай, оның негізі — кен мен бос жыныстың болшектерінің адсорбциялағыш қасиеттерінің әр түрлі болуыңда. Флотация жасау үшін кеңці өте үсақ етіп үнтақтап, сумен араластырып (пульпа түрінде) арнаулы ыдысқа қүяды; суға полюстілігі нашар бір органикалық зат, айталық қарағай майын қосады (1 т кенге 400 г есебінен). Бос жыныс бөлшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланады (өйткені олар гидрофильдік заттар), кеннің, әсіресе сульфидтің, болшектерінің сыртына су молекулалары адсорбцияланбайды (өйткені олар гидрофобтық заттар) ал майдың молекулалары адсорбцияланады.Ыдыстың астыңғы жағынан сығылган ауа жібергенде, сол ауа көпіршіктерінің сырты майдың жүқа қабыршағымен қапталады. Осындай ауаның көпіршігі жоғары көтеріліп ыдыстың бетінде көбік түзеді, оның сыртындағы маймен адсорбцияласқан кеннің бөлшектері, ілесіп жоғары шығып, кобік ішінде болады. Бөлшектеріне су сіңген бос жыныс ауырлап ыдыс түбіне шөгеді.
Көбікті сыпырып алып, сығып байытылған кенді алады.Кен ішіндегі металды алу әдісі — оның химиялық қүрамына байланысты. Оксид-кендерін тотықсыздандырып барып ішіндегі металды алады. Тотықсыздандырғыш ретінде көбінесе коміртек қолданылады, мысалы:
SnO2+2C=Sn+2CO Fe2O3+3C=2Fe+3CO
Кенменараласыппешкетүскенбосжыныстарды (оларкөбінеқұм) бөліпшығаруүшіншикіқүрамғафлюс, немесебалқытқышараластырады.Босжыныспенфлюсреакцияласыпоңайбалқитынқосылыстар— қожтүзеді. Қожжеңілболғандықтансүйықкүйдебалқығанметалдыңүстіндеболады, оныпештіңарнаулыаузынанбөлекағызыпалады. Кейбірқиынбалқитынметалдардыалудатотықсыздандырғышретіндеалюминийқолданады, өйткеніалюминийтотыққандаөтекөпжылубөліпшығарады (бірмоль(А12Оз) түзілгенде1,6'1033кДж), бүлреакциянышағыныдыстаөткізсе, 3500°-қадейінқызубереді. Бұләдістіалюминотермиядейді, оныорысғалымыН.Н.Бекетовүсынған. Хром, марганец, молибденжәнебасқақиынбалқитынметалдаросыалюминотермияарқылыалынады:
МоОз+2А1=Мо+А12О3
Таза металл жене сирек металдар алу үшін тотықсыздандырғыш ретінде сутек қолданылады:
WO3+3H2=W+3H2O
Сульфид кендерін әуелі арнаулы пештерде (конвертор, немесе ватер жакет) күйдіріп, қүрамындағы күкіртті де, металды да оксидке айналдырады:
2ZnS+3O2=2ZnO+2SO2 2Cu2S+302=2Cu2O+2SO2
"Қайнагантәріздікүйде" күйдіру. Үсақталғанқаттызаттарды "қайнағантәріздікүйде" әрекеттестіру, өнеркәсіптінтүрлісалаларындаөрісалды. Үсақұнтақталғанзаттышілтерүстінесалып, астынаншілтердіңтесік-тесігіненауа (басқагаз) үрлейді, сондаүнтақзаттыңауатесіпшыққанбетібүлкілдеп, қайнапжатқантәріздіболады. Соныңнәтижесіндеүнтақзат. тозаңтүріндекөтеріліп, ауамен (басқагазбен) жақсыараласып, бүл "қайнағантәріздікүйде" реакцияласуыөтежьшдамболады.
Тұзкендеріндегілитий, натрий, калий, кальций, магний, бериллийт.б. сияқтыметалдарды, олардыңтүздарынбалқытып, электролиздепалады. Алюминийдібалқығанглиноземді (АІ2О3) электролиздепалады.Тұздарқүрамындағыметалдар, оңзарядтыионтүріндеболады. Электролиздегендеолоңиондартерісэлектродқа(катодқа) келіп, тиістімөлшердеэлектронқосыпалып, бейтарапатомғаайналып, балқығантүзданбөлініпшығады.Электролизәдісінтекбалқыганемес, ерігентүздаргажәнемыс, никельт.б. металлытазалауга (рафинация) қолданады.
Электролизден басқа өдістердің барлығы жоғары температурада жүреді, оларды пирометаллургия әдістері деп атайды.Кейбір кендерде керекті метадцың аздығы сондай, олар флотациямен де байымайды, ондай кендерге гидрометаллургия өдістерін қолданады. Оның мазмүны — кенді өте үсақтап түрлі реагенттермен (қышқыл, сілтілердің ерітінділері) әрекеттестіреді. Сонда ерітіндіге тұз түрінде көшкен металды көбінесе электролиздеу арқылы шығарып алады.
Таза металдарды алу. Қазіргі металлургияның алдында түрған басты міндеттердің бірі : кейбір металдарды аса таза күйінде бөліп алу. Оның себебі, олар бүгінгі техникада шектен асқан таза күйінде қолданылады. Мөселен, жартылай (шала) өткізгіштерде ядролық реакторлар мен қазіргі аса төзімді болаттың арнайы түрлерінде м-еталдардың тазалығы өте жоғары болуы талап етіледі. Осыған орай өнеркәсіп кейбір металдардың тазалығын 99,999999%-дан астам етіп отыр.Металдарды тазалаудың әр түрлі әдістері бар. Мәселен, вакуумда айдау мен қайта балқыту арқылы металдардың өртүрлі үшқыштығына сай қоспадан бөліп алады. Ал, кейбір металдар төменгі температурада аса үшкыш қосылыстар түзеді, олардықатты қыздырса, ыдырап таза металл бөледі. Зоналап балқыту әдісі қоспаның қатты және балқыған металда әртүрлі еруіне негізделген. Өте жоғары қызуы бар зонадан өрлі-берлі баяу жылжып өтіп түратын металдың таза кристалдары ортасына шоғырланып, қоспасы шеттеріне ығысады. Осылайша көптеген қайталаулардан соң өте таза металл алынады.