Натрий хлориді ерітіндісінің болатты катод және графитті анодпен ваннадағы электролизі улы натр, хлор, сутекті бір электролизерде алуға мүмкіншілік береді. Натрий хлоридінің сулы ерітіндісі арқылы тұрақты токтың өтуі кезінде хлордың және оттегінің бөлінуін күтуге болады:
2OH—2e-→1\2I2+H2O (а)
Немесе
2Cl—2e-→Cl2
OH разрядының қалыпты электродты потенциалы +0,41 B құрайды, ал хлор иондарының разрядының қалыпты қалыпты электродты потенциалы +1,36 B құрайды. Натрий хлоридінің қаныққан бейтарап ерітіндісінде гидроксильді иондардың крнцентрациясы 1•10-7г- экв\л. 250C температурада гидроксильді иондардың тепе теңдік потенциалы jар=0.82 B болады.хлор иондарының разрядталуының тепе теңдік потенциалы NaCl концентрациясының ерітіндідегі 4,6г-экв\л jар=1,32 B болады.
Сәйкесінше, анодта кішкене кернеумен ең алдымен оттегі разрядталуы керек. Алайда, графитті анодтарда оттегінің кернеунің асырылуы хлор кернеуінен жоғары, сондықтан оларда негізінен (а) реакциясы бойынша газ тәрізді хлор бөлінуімен қатар Cl иондарының разрядталуы жүреді. Ерітіндідегі NaCl концентрациясын арттыру нәтижесінде хлор бөлінуі жеңілденеді, осының нәтижесінде тепе теңдік потенциалы кемиді. Бұл электролиз кезінде концентрленген натрий хлоридінің ерітіндісін қолданудың себептерінің бірі болып келеді. Сілтілі ерітіндіде катодта су молекулаларының разрядталуы мына теңдеу бойынша жүреді:
H2O+e-→H+OH-
Сутегі атомдары рекомбинациядан кейін молекулярлық сутегі түрінде түзіледі:
2H→H2
Натрий иондарының сулы ерітіндіде қатты катодта разрядталуы мүмкін емес, өйткені олар разрядтарының потенциалының сутегімен салыстырғандағы жоғары болуына байланысты. Сондықтан ерітіндіде қалған гидроксильді иондары натрий иондарымен сілті ерітіндісін түзеді. NaCl ыдырау процессін келесі реакциялар арқылы көрсетуге болады.
2Cl—2e-→ Cl2
H2O + e-= 2K+IK
2H→H2
Теңдеулерді қоссақ,
2H2O+2ClCl2+H2+2OH-
Немесе
2H2O+2NaCl Cl2 +H2+ 2NaOH
Яғни анодта хлор, катодта сутегі мен улы натр түзіледі.
Негізгі карастырылып кеткен процесстермен қатар электролиз кезінде қажет емес процесстер де жүреді. Осыған қарамастан, анода бөлінетін хлор электролитте ериді және мына реакция бойынша анықталады.
Cl2+H2O↔HOCl+HCl
Сілтінің анодқа диффузиясы жағдайында немесе аноды және катодты өнімдердің араластырылуы кезінде хлорлы және тұзды қышқылдар Натрий хлориді мен гипохлорит түзілуімен қатар сілтімен нейтралданады.
HOC+NaOH=NaOC+H2O HCl+ NaOH=NaCl+H2O
ClO иондары анодта ClO3 ке тотықсызданады. Сондықтан, натрий, хлорат, хлорид, гипохлорит түзіледі. Сілтілі ортада анодта оттегінің түзілуі еркін болады,сонымен ол электролиздің көрсеткішін нашарлатады. Қажет емес реакциялардың өтуін азайту үшін катодты және анодты өнімдердің араласуына кедергі жасайтын жағдайлар құру керек. Оларға анодты және катодты кеңістіктерді диафрагмалармен бөлуі, электролиттің диафрагма арқылы фильтрациясы. Бұл диафрагмаларды фильтрлік деп атайды және олар асбесттен жасалады.
9. өндірісте электролиздің қолданылуы.
Шаруашылықтың барлық салаларында және өндірісте электролиз барлық жақты қолданылады.
Электролиздің тұсті металлургияда қолданылуы: металдардың рафинирлеуі, рудалардан металды бөліп алу үшін. Балқыланған орталардан электролиз арқылы алынған металдар қатарына аллюминий, магний, цирконий, титан, уран, берилий және басқа металдардың қатары.
Сулы ерітінділерден бөлініп ала алмайтын металдарды жоғары теріс потенциал нәтижесінде түсті металлургияда балқыған орталадың электролизі нәтижесінде алады. Бұл балқыған орталар болып әртүрлі қоспалардың қосындысынан тұратын тұздар болады. Олар балқыманың балқу температурасын төмендету, электрөткізгіштікті мақсатында жоғарылату үшін қолданылады. Химиялық өндірісте электролиз арқылы хлорат және перхлорат, персульфат, калий перманганаты, хлор және сілтілер, органикалық қосылыстар, химиялық таза сутегі, оттегі фтор және басқа да маңызды өнімдерді алуға болады.
Машина жасау, радиотехника,полиграфты қндіріс салаларында электролизді металдар немесе бұйымдар бетіне жұқа жабылғы салу үшін қолданады, оның себебі бұл пленка коррозиядан сақтайды және декоротивті түрге келтіреді, ыстыққа төзімді болады. өндірістік ванналардың классификация негізіне әт.рлі белгілер жатқызылуы мүмкін. Мысалы, ванналардың полярлығы бойынша түрлері полярлы, биополярлы және комбинирленген болады.
Анодтардың типтері: шығынды (химиялық реакцияға кірісетін), қатты еритін, сұйық еритін, көпіршікті қатты ерімейтін және ерімейтін.
Ерімейтін анодтар үшін ең жақсы материал болып, тантал мен титан қоспалары, графит, манетит.
Электроит, электрод, электролизерлердің алуан түрлігіне қарамастан, техникалық электролиздің көптеген проблемалары болады. Оған зарядтардың, жылудың, массаның алмастырылуын, электр өрістерінің орналасуын жатқызуға болады. Электродтық процесстер шекті токтарының өлшенуімен қадағалана алады.
Электролиттік реакциялардың мақсаттарына қарай, катод және анодтардың түрлі типтерін қолданады: горизонтальді сұйық сынапты катодпен, верикальды катодпен және фильтрлейтін диафрагмамен, горизонтальды диафрагмамен өткізгішті электролитпен, қозғалыстағы электродтармен және т.б.
Электролиз үшін келесі электролит типтері қолдана алады: тұздар, қышқыл, негіздердің сулы ерітінділері; бейорганикалық еріткіштердегі сулы емес ерітінділері, органикалық еріткіштердегі сусыз ерітінділер; балқыған тұздар, қатты электролиттер.
Қорытынды.
Жасалынған жұмыстың негізінде қорытындылар мынада жатыр:
Біріншіден электролиз процесстерінің зерттеу облыстарында әзірге дейін өзінің актуалдығын жоғалтқан жоқ, осған орай бұл күрделі физико химиялық құбылыстың теориялық базасы үнемі толтырылып жатады.
Екіншіден, бұл зерттеулер бұл процесстерді қолданудың перспективалы бағдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Ол экономикалық тиімді және берілген сапаның алуымен мақсатымен.
Электролиз шаруашылықта кең қолданылады. Электролиздің ең маңызды қасиеті металдарды тазарту және бөліп алу, сілтілер, хлор, сутегінің алынуы болып табылады.
Ерітінділер электролизі немесе электролиттердің балқымаларының ерекшелігі химиялық тотығу тотықсыздану реакциямен бәсекелес жүретін электродтарды өту қабілеті болып табылады. Электролиз өнімдері мен электрод материалдарына әсерін тигізеді.
Қола, никель, қорғасынның тазартылуын толығымен электрохимиялық әдіспен ғана алады. Фтор өндірісі калий фторид қоспасының балқыған электролизінде және фторсутекті қышқылда электролизі негізінде, ал хлор, хлоридтер балқымасы немесе сулы ерітінділер электролизі кезінде алынады.
Аллюминий, магний, натрий, кадмий, кальций, берилий, титан тек балқымалардың электролизі арқылы алынады. өйткені олардың сулы ерітіндіден бөліну потенциалы сутектікіне қарағанда теріс болады. Жоғары дәрежелі таза оттегі мен сутегін сілтілердің сулы ерітінділері электролизі арқылы алады. Сол арқылы электролиз көмегімен тотығу тотықсыздану реакцияларының үлкен өнімділігімен жоғары селективті жүргізуге болады, олар қарапайым химиялық процестерде күрделі жолмен алынады. Электролиз қолданудың маңызды саласы болып металдарды коррозиядан сақтау болып келеді: осындай электрохимиялық әдіспен бір металл бұйымының бетіне коррозияға төзімді басқа металл қабаты жабылады. Сулы электролит ерітінділері электролизі кезінде анодтағы және катодтағы тотығу тотықсыздану процесстері катиондардың тотығу қабілеті мен электролит анионының сипатына тәуелді болады.
Катодтағы және анодтағы тотығу тотықсыздану процесстері электролиттік процестерге бөлшектердің электродты потенциал мәнімен анықталады.