қалыптастыру, Венн диаграммасы, жеке тұлғалық шығармашылық жұмыс, тестік бақылау, өзін-өзі бағалау әдістері бойынша бағаланды.
Балабақша балаларының берген жауаптарына жасаған талдау кезінде эксперимент тобы балаларының 69%-ы, бақылау тобы балаларының 24%-ы дұрыс жауап бергені байқалды. Бұл біздің тақырыпты түсіндіру барысындағы пайдаланған әдістемеміздің тиімділігін көрсетеді.
Қалыптастыру экспериментінің 3-ші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие мазмұны күрделене түсті: оқушылар қоршаған орта, табиғат олардың адам өміріндегі қажеттілігі туралы көзқарасы мен қоршаған ортаға қамқорлық бағытындағы атқарылатын іс-әрекет түрлерін меңгерді.
Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігі әр түрлі әдістер арқылы тексерілді. Көрнекіліктерді пайдалану, сынып тақтасы (сұрақтарға жауапты сурет түрінде салып беру, өсімдіктің, жануарлар мен құстардың дене мүшелерін құрастыру, тірек сызба арқылы көрсету т.б.), оқушыларды топ-топқа бөліп жарыстыру, белгіленген уақыт бойынша ақылдасып, белгі көрсету арқылы жауап беру. Мәселен, оқушылардың экологиялық тәрбиелілігі мынадай сұрақтар арқылы айқындалды: 1.Жапырақтың түсі неге өзгереді? 2.Сен тұратын жерде қандай қорық бар, болса сол туралы әңгімелеп бер. 3.Сенің ойыңша «Қызыл кітап» – деген не?» 4.«Қызыл кітапқа» кірген өзің білетін жануарларды атай аласың ба? 5.Табиғатқа қамқор болу тек үлкендердің ісі деп ойлайсың ба? 6.Өздерің білетін дәрілік өсімдіктерді атаңдар. 7.Табиғатқа қамқорлық мәселесіне байланысты көл жағасында қандай ережелерді есте ұстап, орындау қажет? 8.Сенің үй жануарларымен қарым – қатынасың қандай?
9. Сен және сенің достарың табиғатқа қандай пайда келтірді? 10.Табиғат туралы қандай мақал-мәтел, тыйым сөздерді білесің?
Бұл сұрақтар оқушыларының теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау, көрнекіліктерді пайдалану арқылы ойын мен жаттығу түрлерін орындату олардың белсенділігін арттырып, көңіл-күйін көтеріп, өтілген материалды меңгерудегі жетістіктерін дәлелдеді.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігін арттыруда ұлттық тәрбиенің мүмкіндіктері ескерілді, оқушылардың отбасында, балабақшада меңгерген экологиялық ұғымдарынан түсініктер толықтырылды.
Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде оқушылардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы экологиялық тәрбиелілігін жетілдіру мақсатында алдын-ала дайындалған жоспар бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмыстары (экологиялық тақырыптағы тәрбие сағаттары, жарыс ойындары, суретке жарияланған конкурс түрлері, дөңгелек үстел т.б.) тұрақты өткізіліп, жұмыстың тиімділігі әр іс-әрекеттің соңында бағаланды. Жұмыс барысында табиғат аясында оқушылардың құрдастарының жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерін әңгімелеуі, бейнелеп суретін салуы сияқты және т.б. жұмыс түрлері орындалды, әңгіме мазмұнының тақырыпқа сәйкестілігі, ойын түсініп жеткізе білуі ескерілді. Оқушылардың мұндай жұмыстарына жасаған талдау олардың экологиялық тақырыпты түсініп, күнделікті өмірде пайдалана білуімен ерекшеленді, ал бұл олардың экологиялық тәрбиелілігінің анағұрлым көтерілгенін байқатты.
Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігінің осындай жоғары нәтиже беруі жыл сайын өткізілетін аудандық, қалалық деңгейдегі «Кіші академия» жанындағы «Наурыз» байқауында қорытындыланып, жүлдегер атанғандар (А.Доспанова, Р.Мәуленов (№139), С.Асқарова, А.Дастенов (№146 және т.б.) марапатталып отырды. Бұл жетістіктер, әрине, педагогикалық эксперимент жұмыстарының нәтижесі екені белгілі.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының бақылау кезеңінде балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейін байқау мақсатында соңғы кесінді жүргізілді. Балаларға анықтау эксперименті барысында тапсырмалар қайтара ұсынылды. Тапсырмалар нәтижесі балалардың экологиядан білім іскерлік дағдысының айтарлықтай деңгейде көтерілгенін, табиғатқа деген қызығушылығының артқанын дәлелдейді.
Оны эксперименттің басы мен соңындағы үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштерінен және экологиялық тәрбиелілігі деңгейінің қорытынды динамикасынан көруге болады (кесте 3, сурет 4).
Кесте 3 - Балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері
(%) эксперименттің басы және соңы
Компонеттер | Жұмыс кезеңдері | Эксперимент тобы- 490, бақылау тобы – 390 оқушы | ||||||
Жоғары | Орта | Төмен | ||||||
ЭТ | БТ | ЭТ | БТ | ЭТ | БТ | |||
Мотивациялық-құндылық | Басы | - | - | 28,1 | 30,6 | 71,9 | 69,4 | |
Соңы | 25,9 | - | 63,8 | 31,2 | 10,3 | 68,8 | ||
Эмоционалдық-сезімдік | Басы | - | - | 30,9 | 28,2 | 69,1 | 71,8 | |
Соңы | 20,6 | - | 67,3 | 32,6 | 12,1 | 67,4 | ||
Іс-әрекеттік | Басы | - | - | 27,7 | 29,2 | 72,3 | 70,8 | |
Соңы | 16,6 | - | 72,1 | 34,1 | 1,3 | 65,9 | ||
Барлық компоненттер бойынша | Басы | - | - | 29,3 | 29,4 | 70,7 | 70,6 | |
Соңы | 11,2 | - | 67,7 | 33,6 | 21,1 | 66,4 |
Қорытынды нәтиже бойынша: егер анықтау эксперименті барысында эксперимент тобында төмен деңгейді көрсеткен оқушылардың саны пайызға шаққанда 70,7% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткен оқушы саны 11,2%, орта деңгейдегі 29,3% болса, соңында 67,7%-ға көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешқандай оқушы көрсетпесе, соңында олардың саны 21,1%-ке жетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.
Сонымен, педагогикалық эксперимент жұмысы үздіксіз білім беру процесіндегі балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігі моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын, экологиялық тәрбие сабақтастығы әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
1.Бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық ахуалдың нашарлауы қолайсыз экологиялық жағдайлардың өріс алуы экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып, оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.
2.«Сабақтастық», «экологиялық тәрбие сабақтастығы» ұғымдарының мәнін анықтау, оларға берілген анықтамалар мен тұжырымдарды бір жүйеге келтіріп, мазмұнды сипаттама беруге және өз анықтамамызды ұсынуға негіз болды: сабақтастық - үздіксіз білім беру процесіндегі баланың дене және рухани дамуының ішкі үйлесімді байланысы мен жеке басы дамуының бір сатыдан екінші сатыға өтудегі ішкі дайындығы., экологиялық тәрбие сабақтастығы – баланың қоршаған ортадағы әсемдікті сезініп,оны бағалай білу қасиеттері мен дағдыларының мектепке дейінгі кезеңнен бүкіл ғұмырындағы түрлі сатылар арасындағы байланысы