Смекни!
smekni.com

Мектеп жасына дейінгі бала а экологиялы т рбие беру ма ыздылы ы (стр. 8 из 14)

Үшінші топ үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық білім беру жүйесін реформалаудың философиялық мақсаттарына арналады. Ондай тұжырымдама экологиялық жүйенің даму болашағы мәселелерін анықтау негізінде жасалады (Д.Ж.Маркович және т.б.).

Төртінші топқа шартты түрде үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің қалыптасып, дамуына арналған отандық ғалымдар дайындаған тұжырымдамаларды жатқызуға болады (Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев және т.б.).

Бұл топтамалар бізге үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығына негізделген тұжырымдаманың бұрын-соңды болмағанын дәлелдеуге және «Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығы тұжырымдамасын жасауға» негіз болды.

Тұжырымдаманы жасауда алыс және жақын шетел ғалымдарының іргелі ғылыми теориялық, жалпы педагогикалық тәрбие қағидаларының, экологиялық білім мен тәрбие беру саласындағы тәжірибелері мен жаңашыл педагогтардың әдістемесі негізге алынды.

Тұжырымдаманың мазмұнында экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаты мен міндеттері, принциптері (ғылымилық, табиғилық, көрнекілік, бірізділік, жүйелілік, үздіксіздік, жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру, аймақтық және ұлттық ерекшеліктер, кешенділік, еңбек түрлерін атқаруға бейімдеу); отбасында, балабақша мен бастауыш мектептердегі экологиялық тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері; оқушылардың сыныптан тыс әрекеттері; оқушылардың сыныптан тыс әрекеттеріндегі экологиялық тәрбие сабақтастығын жүзеге асырудың шарттары; тәрбиешілер мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің экологиялық білімін жетілдіру ерекшеліктері; жоғары оқу орындарында даярлау; жоғары оқу орындарынан кейінгі даярлау; тәрбиешілер мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің экологиялық білімін жетілдіруге арналған курс бағдарламасы; тұжырымдаманың жүзеге асырылу жолдары қарастырылады.

Тұжырымдаманың мақсаты - қоғамның экологиялық саяси талабына жауап беретін, экологиялық білім-білік дағдылары дамыған, адами қасиет сапалары жетілген кіші жас тұлғасын қалыптастыруға ықпал жасайтын тиімді жағдайларды, оның негізгі басты факторын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі экологиялық бағыттағы тәрбиелеуін айқындау.

Отбасы мен балабақшадағы экологиялық тәрбие берудің маңызы оның мазмұнының бастауыш мектепте берілетін тәрбие жүйесімен сабақтастығында. Бұл сабақтастықтың негізінде берілетін тәрбиенің өміршеңдігі жүзеге асып, білім берудің әр буыны, сатысы бір-бірінен бөлініп, жекеленіп қалмай, өткенмен де, келешекте берілетін біліммен де сабақтастықта жүргізілгенде, бала өткенді еске түсіру арқылы жаңаны қабылдауға ұмтылыс жасайды. Біз осының бәрін ескере отырып, үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының құрылымдық жүйесін құрдық (сурет 1). Жүйеде экологиялық тәрбиенің сабақтастықта жүргізілетінін, дидактикалық принциптерге негізделгенін көрсетеді.

Бүгінгі күні негізге алынып жүрген бағдарламаларда экологиялық тәрбие беру жұмысы тоқсанға, айға, аптаға бөлініп берілгендіктен, біз 36 сағатқа арнап экологиялық тәрбие сабақтастығының күнтізбелік жоспарын жасадық. Әдетте тұжырымдама мазмұны өздігімен практикаға ендіріле қоймайтыны белгілі. Оны тиімді жүзеге асыратын – тәрбиеші мен мұғалім. Біз осыны ескере отырып, тәрбиешілер мен мұғалімдерге арнап зерттеу барысында «Экологиялық тәрбие» атты арнайы курс бағдарламасын даярладық. Курстың мақсаты – тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне табиғат қорғаудағы ұлттық тәрбие тағылымдарын меңгерту және меңгерген білім, іскерлік дағдыларын, тәрбие жұмысында тиімді пайдалануға үйрету. Барлығы 24 сағат, оның ішінде 18 сағаты лекция, 6 сағаты семинар (кесте 1).

Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздерін қамтыған «Экологиялық білім бағдарламасында» (1999) экологиялық тәрбие беру жұмысын жаңа инновациялық технологиялар негізінде жетілдіріп, сапасына мән беру мәселесі алға қойылды. Демек, үздіксіз білім беру процесіндегі баланың экологиялық танымын, белсенділігін, қызығушылығы мен табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыруда сабақтан тыс тәрбие жұмысының мүмкіндігі жоғары.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын тәрбиеші-мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылатын және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Сыныптан тыс жұмыстар «Экологиялық үйірме», «Экологиялық апталық», «Экологиялық соқпақ», «Танымжорық»,

«Экологиялық айлық» еліміздің экологиялық саясаты мен тәрбие жүйелерінің жоспарына сәйкестендіріп, кіші жас балаларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстар: біріншіден, экологиялық тәрбие сабақтастығының қамтамасыз етілуіне, экологиялық тәрбиенің мазмұндық және жүйелілік тұрғыдағы мәніне әсерін тигізсе, екіншіден, мектеп бағдарламасына сәйкес экологиялық тәрбие жұмыстарымен байланыстырылып, оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін жетілдіруге мүмкіндік берді, үшіншіден, оқушылардың табиғат қорғау жұмыстарын өз бетінше атқара алуына ықпалы ерекше.

Бағдарламаларды жасауда педагогикалық қағидалар мен талаптар (қоршаған орта, табиғат ұғымдарымен баланы сәби жастан таныстыру, оларды

О т б а с ы

Мазмұны

Құралы

Әдісі

1

Баланың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыруда ата-ананың ықпалы

Аңыз-әңгімелер, ырымдар, тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер Әңгімелеу, мысал келтіру, түсіндіру, көрсету, сендіру, іс жүзінде көрсету
2 Табиғаттағы жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырлары

Балаларға арналған теледидар хабарлары, ботаникалық бақ, хайуанаттар паркіне саяхатқа бару, әңгімелер, тақпақтар, сазды әуендер, ойындар

Бақылау, көргендерін бейнелеп әңгімелеп беру, табиғат туралы тақпақ - ән айтқызу, ойын түрлерін ұйымдастыру
3

Отбасындағы қарапайым еңбек түрлері

Құстарға, балықтарға жем беру, гүлдерді суару, ағаш отырғызуға көмектесу Еңбек түрлерін орындау, мақтау, мадақтау, сенім арту
4

Табиғаттың әдеби шығармаларда бейнеленуі

Табиғат туралы өлең, әңгіме, қызықты жағдаяттар, бейнелеу жұмыстары

Бейнелеу жұмыстары, қызықты жағдаяттар туғызу, әңгіме құрастыру

5 Табиғатпен қарым-қатынаста болу Саяжайдағы, саябақтағы демалыс кезіндегі серуен Табиғатқа деген қамқорлық белсенділік, жауапкершілік дағдысы

Б а л а б а қ ш а

1

Өлі және тірі табиғат туралы түсінік қалыптастырудағы балабақшаның орны

Өлі және тірі табиғаттың

ерекшеліктерін

бақылау

Табиғат және оның ерекшеліктерін әңгімелеу, түсіндіру, мысал келтіру бейнелеу
2 Жылдың төрт мезгіліндегі табиғат, құстар мен жануарлар

Жыл мезгілінің ерекшеліктеріне арналған әңгімелер, көріністер, кепкен жапырақтар, гербариилер

Балалардың табиғат туралы көзқарасы, бейнелеп-суреттеу, салыстырып көрсету
3

Балабақшаның табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттері

Табиғат бұрышындағы құстарға, балықтарға, қояндарға жем - су беру, астын тазалау, гүлдерге су құйып, түбін қопсыту және т.б. Тапсырма беру, мадақтау, ынталандыру, белсенділіктерін дамыту, ұқыптылыққа баулу
4 Баланың табиғаттағы әсері

Табиғаттың көрінісі бейнеленген көрнекіліктер, алдын-ала дайындалған жағдаяттар

Баланың қиялын дамыту, әсерін бөлісу, жағдаяттардан қорытынды шығару, тез шешім қабылдау
5 Табиғатпен қамқорлық қарым-қатынасы Балабақша ауласындағы ата-аналармен бірігіп жүргізілетін табиғат қорғау іс-шаралары, «экологиялық соқпақ» Бейнелеу өнері түрінен жарыс ұйымдастыру, балабақшадан тыс табиғат қорғау жұмыстары