Смекни!
smekni.com

Мектеп жасына дейінгі бала а экологиялы т рбие беру ма ыздылы ы (стр. 9 из 14)

Б а с т а у ы ш м е к т е п

1 Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы. «Су- тіршілік көзі», «Күте білсең жер жомарт» әңгімелері

Әңгімелеу, түсіндіру, табиғатпен жағымды қарым- қатынасын тәрбиелеу

2 Өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер, мәдени өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

Мәдени өсімдіктердің түрлері, өсуіне жағдай жасау, тұқымын өсіру.

Мәдени өсімдіктерді кептіріп гербарий құрастыру, пайдалы еңбек түрлерін орындау.
3 Жануарлар мен құстардағы маусымдық өзгерістер Құстарды ұя жасап қарсы алу, жемдеу, төлдеген жануарларға күту Проблемалық жағдаяттарды шешу, жаңа технологияның элементтерін пайдалану
4 Табиғат қорғау жұмыстары «Қызыл кітап», «Қорықтар» «Наурыз экологиялық мереке» Табиғаттағы мінез-құлық ережелері, пайдалы еңбек түрлері Халықтық пед. эл. пайдалану, көзін жеткізу, мысал келтіру, үлгі болу, нәтижесін көру
5

Табиғатқа қамқорлық бағытындағы іс-шаралар

«Алтын күз», «Арайлы көктем», «Экологиялық апталық», «Үйірме жұмыстары»

Ұжымдық ойындар,

оқушының «Менін» қалыптастыру, ынталандыру.

Сурет 1-Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының құрылымдық жүйесі

Кесте 1 - «Экологиялық тәрбие» арнайы курс жұмысының жоспары

Күні Тақырыптар Лекция Семи- нар Практика
І. 1. Үздіксіз білім беру процесіндегі (отбасында, балабақша мен бастауыш сыныпта) экологиялық тәрбие сабақтастығының теориялық және әдістемелік негіздері. 2.Экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандырудағы негізгі ұстанымдар. 3.Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің формалары мен интерактивті әдістері. 4 2
ІІ. 1.Экологиялық тәрбие беруде пайдаланылатын көркем туындылар – баланың тілін, қиялын дамытып, олардың өз ойларын бейнелеп жеткізе білудегі тәрбие құралы. 2.Экологиялық тәрбие беруде балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес сабақтардың жоспарларын дайындау үлгісі. 3.Балалардың танымын, ой ұшқырлығын дамыту мақсатында пайдаланылатын дидактикалық, логикалық ойын түрлерін ұйымдастыру жолдары. 2 2 2
ІІІ. 1.Экологиялық білім беруде эстетикалық тәрбие құралдары мен көрнекіліктерді тиімді пайдалану. 2.«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру арқылы оқушының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру. 3.Табиғатты қорғау жөніндегі нақыл және тыйым сөздерді, балалардың күнделікті іс-әрекетінде тиімді пайдалануға дағдыландыру. 2 2 2
ІҮ. 1.Балалардың табиғи құндылықтарға деген ұқыптылық қарым-қатынасын этнопедагогикалық шығармаларды және (мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштарды) тақырыпқа сәйкес пайдалану арқылы тәрбиелеу. 2.Экологиялық, білім беру жұмыстарында бейнелеу өнері мен музыкалық шығармаларды пайдалана отырып, кешенді сабақ түрлерін ұйымдастыру. 3.Балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтау жолдары (диагностика және деңгейлік тапсырмалар ) көмегімен. 4. Дөңгелек үстел. Тақырыбы: «Экологиялық сауатты ұрпақ - ел болашағы». Барлығы (сағ):

4

12

6

2

6

аялай білуге, қызығушылықпен қабылдауға үйрету материалдың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай болуын ескеру, эстетикалық талғамын жетілдіру және т.б.), дидактикалық принциптер негізге алынды. Кіші жас балаларына өзінің туған жері мен оның табиғатына деген көзқарастары туралы терең мазмұнды түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында біз бағдарламалардың мазмұнына қазақ фольклоры жанрларын енгіздік. Өйткені өз тағдырын табиғатпен тамырластыра білген халық қана табиғатқа және оның жекелеген байлықтарына үнемі мейірімділікпен, жанашырлықпен қарауға ұмтылады. Қазақ халқының ұлан байтақ кең далада көшіп-қонып, әрбір аймақтың табиғат жағдайларына қарай бейімделіп, шаруашылық салаларын жүргізе білуінің өзі байсалды байқампаздықты, терең білімділікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқымыздың, мағыналы да мазмұнды ұғымдары ерте кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.

Күнделікті отбасында қолданылатын «сүтті жерге төкпе», «тұзды, нанды аяққа баспа», «бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және т.б. тыйым сөздер жаман әдет, жағымсыз іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелесе, суға байланысты айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме» т.б. тыйым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі үшін қаншалықты қажет екендігін аңғартады. «Өрмекшіні өлтірме», «аққуды атпа», «балалы үйрекке оқ атпа» және т.б. жануарлар дүниесін қорғауға, олардың адам баласы үшін ерекше маңыздылығын білдіріп, баланы ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеп, туған жердің сұлу көрінісін сезініп, табиғатын аялай білу жөнгіндегі түсініктерді меңгертеді.

Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін аңыз ертегілері мен мақал-мәтелдерінің, нақыл сөздерінен басқа, күнделікті тұрмыстық тұтыну заттарында, оларға түсірілген ою-өрнектерінен де көруге болады. Мысалы, тұскиізге түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйшешегін, бұлақ суларын, тау жоталарын бейнелесе, сырмақтарға әшекейлеп салынған қошқар мүйіз, құс тұмсықтар мен қарлығаш қанаттарын көз алдыңа елестетеді.

Ұрпағына ізгі тәрбие беруді мақсат еткен халқымыз тәрбие мәселесіндегі өз тәжірибесін, ойға түйген, ұстанған қағидасын, ұсынар тағылымын мақал-мәтелдер арқылы терең де ұшқыр оймен жеткізіп отырған. Мәселен, «күте білсең жер жомарт», «туған жердің топырағы да киелі», «жері байдың елі бай», «ер елінде, гүл жерінде» және т.б. мақал-мәтелдерден өзінің елі мен қасиетті жерін көздің қарашығындай сақтай білу қажеттігін кейінгі ұрпаққа қатаң ескерткен халықтық қағидалар екенін аңғарамыз. Бұның бәрі халық педагогикасының жетекші құралдарының бірі-фольклор жанрларының жалпы тәрбиедегі, соның ішінде экологиялық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

Үздіксіз білім беру процесінде (отбасы → балабақша→ бастауыш мектеп) сабақтастықта жүзеге асырылған бағдарламалар бойынша білім алып, іскерлігін шыңдаған кіші жас балаларының экологиялық тәрбиелілігі деңгейі арнайы жасалған модель арқылы зерттеліп отырды. Модель мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді қарастырады және деңгейлерді анықтайды (кесте2).

Жоғары деңгей: табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын түсінеді, ойын еркін жеткізе біледі, халық фольклоры жанрларын табиғаттың әсем көрінісін эмоционалдық сезіммен, қызығушылықпен қабылдайды. Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс-әрекетте белсенді пайдаланады, қоршаған орта, табиғат мәселелерін талдауда өзінің көзқарасын сенімді дәлелдей алады.