Смекни!
smekni.com

Абай нанбаев 1845-1904 (стр. 2 из 2)

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық, - деп түйіндейді.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға , ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін , мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсатын былайша баяндайды. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл ел қамын ойлаған ұлы ойшыл-ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.

Қара сөздердің жалпы саны – қырық алты. Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой-пікір білдіреді.

Абайдың көптеген өлеңдеріндегі сияқты қара сөздерінде де нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі.

Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу-тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым-тұл».

«Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады», «Азат басың – болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл», т.б.

Абай – табиғат бейнесіне адамның көңіл-күйін, психологиясын жанастырып, жанды фигуралық бейне ретінде беруде асқан шеберлік танытқан ақын. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде ай сәулесінің су бетінде дірілдеуін, тасыған өзеннің гүрілдеуін, ағаш жапырақтарының сыбдырлауын жанды бейненің қимыл әрекетіндей көзге елестетеді.

Абай шығармаларында бір затты екінші затқа қарама-қарсы қойып, шендестіру арқылы сипаттау тәсілі де шебер қолданылады.

«Қара сөздер» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады.Себебі 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарына ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған.Сөйтіп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.

Ғалымның хаты өлмейді, демекші Абай атамыз артында өшпес із қалдырып, жарқ еткен жұлдыздай ағып кетті.

.