Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен, бір ер- тұрманы, ақын М.Мақатаевтың осы бір өлеңдегі ойды талдап, тереңіне бойлап көрелік.
Өлеңнің ішіне зейін салып үңілсек, ой түбіндегі аузын ашса, көмекей көрінгені, қолы ашық, жүрегін суырып беруге әзір ақынның жан-д.ниесінің құпия қалтарысының кейбір сәттерін бүкпей, ашық айтқан дер едік.Өйткені өлеңдегі «бүтінделмей кетке, бір ер-тұрманы» дегенде, қазақта «жомартың қолын, жоқ байлайды» деген сөз бар. Әрине Алатаудай өр тұлғалы асқақ ақын ағасына керемет сый жасағысы келіп, талпынып, қолдың қысқалығына қол байлау болғанына қынжыла отырып, ең соңында иығына әкесінің аппақ тонын жауып, сый тартпақ болып, соны жырына арқау етеді.Содан ардақты ағаға жүректен жарып шыққан кәусар жырын арнайды.
Ақын М.Мақатаев қадірлі ағасына арнаған өлеңін «Бауыржан Момышұлына» деп аталған .Сол бір сұрапыл соғыс жылдарында еліктің туын көтерген қаншама қаһармандар шықты. Соның ішінде ерлігі аңызға айналған Б.Момышұлына арнап өлең жазғаның өзі де ерлікпен пара-пар.Болмысын өжет, елім деп еміренген, жерім деп тебіренген ақын намысын жанып «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегендей, соғыстың қақ ортасынан аман-есен елге оралады. Кару мен қаламды қатар ұстаған, қайтпас қайсар адам туралы өте көп жазылады, әлі де жазыла бермек. Ақынның мына бір өлең жолына үңілейкші:
«Ұрпақтар аңыз етіп айтып жүрер,
Сыйдан да он есе артық даңқың маған», -дейді. Тек нәзік жүректі ақын емес, бүкіл қазақ халқы ресми түрде сый-атақ бермесе де, сүйікті ұлын ұлықтап, Батыр атап кеткені қаһарман ұлдың даңқы баршаға аян. Өйткені соғыстың басынан аяғына дейін қатысып,елі ерлігін аңыз етіп айтқан Б.Момышұлына көзі тірі кезінде Кеңе Одағының Батыр атағы берілмесе де, өз ұрпағы «Ер есімі – ел есінде »
ұмытылмайтынын дәлелдеп, Мұқағалидай ақиық ақын тебірене жырдан шашу шашады.
«Жүрегімнің тапсырған аманатын,
Бере алмай кетем бе деп күдіктенем», - деп ойын онға, санасын санға бөлініп қатты қобалжиды.Ешкімнің назарына ілікпеген, сый тартармын сөзсіз менің деп отырады да соңынан өлең жолын:
«Ешбір сый таба алмаспын, аға саған
Аппақ тонын атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам»,- деп аяқтайды
Бұл күнде ақыннан қалған жыр «Атасының аппақ тонындай» ХХI ғасыр ұрпағына, жыр сүйер қауымға тәбәрік болып қалды.Сол үшін де қазақ деген ел тұрғанда, батырдың аты өшпей, ерлігі ұрпақтан- ұрпаққа аңыз боп, өлеңі маңызды боп, ел есінде, халықтың жүрегінде мәңгі сақталатыны айдан анық. Олай болса, ақын М.Мақатаев:
«Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бірақ нәрсе-
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!» - дегенде, өлеңнің көшуі, сол емеспе? Қазақ елінің маңдайына біткен біртуар дара тұлғаларын халқы ұлықтап, «көшеді өлең немесе өшеді өлең» дегізген өлең көші жастардың жадында жатталып, халықпен бірге жасайды.
Бүгінгі ұрпақ өшпестей жазылған жыр шумақтары мен қайсар өр рухтың туын биік ұстаған арда азаматтарды ешуақытта ұмытпайды. Қазақ елінің әрбір шаңырағына бейбіт өмір тілеп, жауһар жырларын қалдырған ақын Мұқағалидың :
Бостандық мәңгі орнасын,
Болмасын, соғыс болмасын!
Осы алып кеудеңде мәңгілік,
Армысың, Алатау, қарлы шың!
Кең дала,көк өзен армысың,
Тыныштық сәбидей қалғысы,- деген өлең жолындағыдай ұйқысы тәтті болуды көксеген әнбатадай – уайымсыз, қайғысыз сәбидей мәңгі тыныштық, бейбітшілік өмір сүрейік.
Қазақ жырының Хантәңірі
Мақсаты : М. Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазұмынын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру
Көрнекілігі : Кітап көрмесі, слайд, қанатты сөздер.
1. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» ( Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)
2. «Поэзия- жүрек тілі» ( Ақын өлеңдерін оқу).
3. «Ән сал жаным »( Ақын өлеңдеріне жазылған әндердә орындау).
4. «Жазылар естеліктер мен туралы» (Мұқағали туралы естеліктер).
5. Көрініс. «Аққудың қанатына жазылған жыр» («Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы бойынша).
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым ! Бүгінгі кешті Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын М.Мақатаевқа арнаймыз. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған « Қазақ жырының Хантәңірі » атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Көрер едің
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Сырымда осы,
Жырым да осы
Алдыңда, байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарықты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы М.Мақатаевтың бүгін туған күні.
« Бүгін менің туған күнім » өлеңін оқушы оқиды.
Жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9- ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман шаруа адамы еді. Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауыл хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызыметінде болды. 1954- 1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962- 72 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1942-73 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші боып жұмыс істейді.
Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы- таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Атамекен» т.б кітаптар жарық көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Бүгінде ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100- ден астам әндер жазылды. Мұқағали - біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпаңыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін » деген екен. Ендешн қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
«Қайран, Қарасазым-ай »
«Мен өскен лашық- бір бөлме» өлеңдері оқылады.
Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маожан поэзиясы –мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық қөңілін суысындатқан ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір шуағын, өмір жұпарын жыр етеді. Өмір дегенге
Тірлікте сірә жетер ме ой !
Жарық сәуледен
Басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой
Өмір деген бір күндік сәуле екен ғой !
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды.Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда
Барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлетіп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлетіп төккен тер,
Ғашықтар бір- бірін өпкен жер.
Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әніне кезек берейік.