Смекни!
smekni.com

М. Ма атаеты философиялы - леуметтік ойлары (стр. 1 из 3)

М. Мақатаетың философиялық - әлеуметтік ойлары

Мен қолға бірден түсетін оңай нәрсеге

жүгірмейтін қазақпын.

М.Мақатаев.

ХХ ғасыр елімізге қазақ жырының айбынын асырып мерейін аспандатар таланттарды аз бермеді. Солардың бірі әрі бірегейі өзінің өлмес туындыларымен халқының жүрегін мәңгі жаулаған ғажайып ақынымыз Мұқағали Мақатаев.

«Мына мен тіршіліктің тауқыметін арқалап, басымды тау мен тасқа соққылаған- М.Мақатаевпын. Азын-аулақ өмірден жинаған қазынам бар.»

Қазынам бар,

Қисапсыз шектеледі

Қызғануды біреулер жек көреді

Бермеймін де, сатпаймын көрсетпеймін

Алам десең, алдымен зертте мені...!,

- деп ақынның өзі айтпақшы көзі тірісінде ауызы дуалы замандастары мен көлеңкесінен қорыққан көрімпаздардың жақсылы- жаманды берген бағаларымен айтқан пікірлерімен Мұқағалиды зерттедік, білдік, таныдық деу мүмкін емес.

«Том- том болып, дүкенде тұрмасақ та,

Подвалдағы архивтерден табыламыз»,

- деген ақын ағаның мол мұрасы сан қырынан зерттеп жатқан кейінгі ұрпақ- біздер өз бағамызды, өз пайымдауымызды ең бастысы өз көзқарасымызды білдірмекпіз.

М. Мақатаевтың шығармашылық кезеңі 1960-76 жылдар аралығын қамтиды. Мұқаң тағдыры да тарихтың қым- қиғаш беттеріне тап келгенді. Бұл кезеңнің сол шақтағы шығармашыл адамдарының бүкіл болмысына әр қилы әсер еткені дауысыз. Өнер биігіне талмай жететін тұлпарлар тұсалып, тума таланттар тоқырау толқынына тап болды. Ызғарлы суықтан пайда болған тоқыраудың алып сеңдерін өр кеудесімен тас- талқан етіп, поэзия әлеміне шыққан Мұқағалидың философиялық - әлеуметтік ой- пікірі сол кезеңдегі қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды. Мұқағали өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдығы қатарлы ой- пікірлерін қорытып, олардың қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге , сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты әлеуметтік- философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылды.

Мұқағалидың: «Ақынның өмірді зерттегені – алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті- өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде.Бұл ақынның әлеуметтік- экономикалық көзқарасы» - деуі жоғарыды айтылған пікірлеріміздің дәлелі болса керек.

Мұқағали дүниенің обьективтік заңдылығын мойындады, «дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады»,- деп таниды. Бұл жөнінде ол:

Біздер мына дәуірмен бірге өстік,

Қарап соның қабағына күн кештік.

Уақыттың үніменен тілдестік,

Уақыттың көшімен бір көштік.

Адамзатты қорғай жүріп, қан бастық

Адамзаттың азғынымен арбастық

Аласапыран арпалыстан аман қап,

Адамзаттың өмірімен жалғастық,

-деп түйеді. Адамзатты табиғаттың жемісі деп қарап, оны табиғаттан бөліп қарауға болмайтынын, өзінің өлең жолдарында ақын былай деп түйіндейді :

Тау ұылмын,

Тау менің дәу бесігім.

Мен оның әуресімін, сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

Бір орамын ағытып сәлдесінің.

Мен – Тулақпын !

Таудан мен жаратылғам.

Тау деген Ана туған, дара тұлғам.

Көкке ұшып кетсем бе екен.

Ұстап алып қыранның қанатынан.

Мұқағали адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқыза отырып, оның болашағы - балалықтан басталатынында: «Адам өмірінің бақыты- балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені», - деп ой түйеді.

Уақыт – қоғам өмірінң таразысы. Ол жақсы ма жаман ба қоғам жаңартады, жасартады. Сол қоғамның шынайы қожасы болып табылатын адамға да өз дегенін жасай отырып, адам өмірін балалық

«Болашақ дүниеге шыр еткенде,

Бір ұрпақ бір ұрпаққа іліккенде,

Аспалы көпір болып қаларсың сен,

Жалғайтын жүректерді жүректерге» - десе енді бір өлеңінде:

« Қомағай көңіл құмартып өткен әрнеге,

Тірлікте сонау түскенмін талай әуреге

Кешкен өмір де ,

Көрген бақыт та, барлығы жетпейді екен ғой,

Бір күндік сенің сәулеңе»,- дейді

Қоғамды, табиғатты, жалпы тіршілік атаулына танып білуде философияда ақиқат деген сала бар. Ақиқат он сегіз мың ғаламның негізгі тұтқасы, тәңірінің құдіретті күші. Сол абссолютті ақиқаттың кішкентай ұшқындары әрбір жүректе орнығып, дамып, айналасындағыларға нұрын шашу керек. Сонда ғана ақиқат жолы арқылы әрбір саналы адам не үшін өмір сүріп отырғанын білу үшін зерттеуге кіріспек. Ақиқат жолын парасат билігіне көтере білген ақын:

«Жанынан жалындаған өрт кетпеген.

Жалықпай өзімді өзім зерттеп келем

О, жүрегім орнынан құбылжыма

Жарамасаң жалғандыққа беттетпеген»

- деп өлең жолымен өрнектеген.

Мұқағалидің ішінде халқының мұң- қасіреті, аш- жалаңаштығы, қырылып қақ жартысынан айырлып қалғандығы, өз еркінің өзіне тимей қойғаны да кетті.

Бұған оның әйгілі «Жан азасы» куә!

«Біздер жетімдерміз, жетімдерміз

Жекірмеңіз біздерге жекірмеңіз

Жетім болып жүріп-ақ жетілгенбіз

Дөңгелек жердің шарын допша теуіп,

Мазасын тірліктің кетіргенбіз

Тіршілікте біреуді біреу күң дер,

Бірге жат өлі кімдер, тірі кімдер,

Жиылып жер шарының жетімдері

Ақиқаттың алдында бірігіңдер» - деуі өмір шыңдығы,

ақиқат көрніс еді.

Мұқағали өлең- жырлары, күнделңк беттері өзін қоғам өміріндегі әлеуметтік бір бөлшек ретінде қарастыра отырып, адамзат дамуына өзін жеке тұлға ретінде танытты. Оған дәлел:

«Әрине суық қайғы, суық қайғы,

Көңілін халық бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Батыл бол, халық сені ұмытпайды».

Мұқағалидың халыққа танылуы эволюциясы ол көз жұмғаннан кейін бір сәтке тоқтаған жоқ. Соңының осылай боларын өзінің де көзі жеткен сияқты.

«Жақындықты сеземін,

Жерден де аспаннан.

Жылықты сеземін-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім сірә-да, мәңгіге тастслған

Осы, мен өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрамын»,

- деген өлең жолдары біз секілді пенделерді сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады. Өйткені, «сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз. Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек.

Мұқағали шығармаларындағы ерлік рухтың дәріптелуі.

1941 жылы соғыс басталғанда, көкірегінде оты бар, көзінде нұры бар,

10 жастағы бала Мұқағали, кейін елге жайылып, ойын өлеңмен өрледі:

«Ел басына күн туған сол бір шақта,

Фашистермен біз-дағы майдандастық», деген жыр жолдары арқылы, сол кезең өмірінің ауыр шындығын тілге тиек етеді. Тағы бір өлеңін орамында:

«Енді қазақ қайғырмас «Елім-ай»деп,

Әлдеқашаш жерлеген зарды құмға

Кісін жиды мұңлығым, зарлығым да»,- деп оқушыға қуат берді. Ақын жүрегі сезімтал еді. Осы бір ұрымтал сәттің келгенін алыстан болжаған тамыршыдай тарлан ақын өз туындыларының өзегі етіп сол рухты алды. Сондықтан «Елім-айлап» босып, еңірегенде етегі көз жасын толып, тоз-иоз болған елдің өткен тарихын тірілтіп,ол өткен ғасырдың терең қойнауына саяхат жасап, ақын М.Мақатаве

«Райымбек! Райымбек!» поэмасын жазады. Елді серпілтер, елең еткізген уақыт тынысын дәл тапқан «Райымбек! Райымбек!» поэмасы қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде ерлікке барар қадам еді.

Әдебиеттің үлкен айдынында аспан көгіне қалықтап ұшқан аққудай самғаған әсем жырларын ақиық ақынМ.Мақатаев қаламдас достарына, ақын-жазушыларға, қаламгерлерге арнады. Соның ішінде, әсіресе, өзімен рухы бір, яғни оларда үндесіп тұрған ұлттық рух, ал ұлттық рух дегеніміз – ұлттық намыс. Олай болса, ол тура осы тұрғысында айтылған сияқты.

Сол отты жылдарда қан майданның қақ ортасында ерлігі ерен, ұрпаққа аңыз боп жеткен Б.Момышұлы қасиетті Отанына қауіп- қатер төнгенде, ел тағдыры тұйыққа тірелгенде, сол ауыртпалықты сейілте аларлық айбары бар, көздегеніне жетпей тынбайтын, қайсар ерге айналды. Ұлы Отан соғысы тақырыбына қалам тербеген ақын- жазушылар кем де кем.Өйткені соғыс шарпу тимеген түтін, сірә, да болмаған шығар.