Медициналық Унмверситет «Астана»
Сот медицина кафедрасы
Құқық пәні негіздері
Еңбек құқығы негіздері
Орындаған:
Тексерген: Молдашева Ж.Қ,
Астана қ. 2009 ж.
Жоспар:
а) Еңбек құқық қатынастары
ә) Қолдану ерекшеліктері
б) Еңбек шартының құқықтық реттелуі
в) Жұмыс уақыты
Еңбек құқығы – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдармен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы болып табылады.
Аталған құқықтық – нормативтік кесімнің төмендегідей қолдану ерекшелектері бар:
· ҚР аумағындағы еңбек қатынастарын реттеумен қатар, оссы заң елімізге жұмыс істейтін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады;
· Әркімге өз еңбек құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндіктер береді;
· Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, сеніміне және т.с.с жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтатын шектеуге тиісті емес;
· Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады, еңбектің осы түрін тек сот үкімі бойынша, не төтенше не соғыс жағдайларында кезінде жол беріледі және т.б.
Жеке еңбек шарты:
· Белгісіз мерзімге;
· Белгілі бір мерзімге;
· Белгілі бір жұмысты орындау уақытына не уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалу мүмкін.
Жеке еңбек шартының тоқтатылуы негіздері:
· Мерзімнің бітуі бойынша;
· Тараптардың еркіне байланысты емес жағдайларда (әскери қызметке шақырылғанда, қайтыс болса т.б.)
Шартты бұзу негіздері:
· Тараптардың келісімі бойынша;
· Тараптардың бірінің бастамасы бойынша;
· Заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер де болады.
Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңнының 26 бабы):
· Заңды тұлғаның таратылуы, жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы;
· Қызметкелердің саны не штаты қысқартылуы;
· Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге аусуынан бас тартқанда;
· Іркіліске байланыстыбасқа неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан бас тартқан жағдайда;
· Еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқанда;
· Қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғанда және т.б.
Жұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегізге дейін аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарды істейтін қызметкерлер үшін 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні белгіленеді.
Алты күндік жұмыс аптасы (40 сағат) кезінде күнделікті жұмыс уақыты жеті сағаттан, 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Баққұлов С. «Құқық негіздері»
2 Дәріс