Мемлекет Халықаралық актілерге сәйкес қылмыскерді жазалай отырып, оның құқын қаншалықты жаза мақсатына жету үшін сонша дәрежеде шектеуі тиіс. Сотталғандар соттың айыптау үкімі занды күшіне енгеннен кейін де Қазақстан Республикасының азаматы болып қала береді, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар-ождан конституциялық Құқы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құқы және оны ешкім шектей алмайды.
Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігі сотталғандардың мінез-құлқын қадағалау, олардың өздерін, меншікті заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тінту мен тексерулер жүргізу, жедел - іздестіру жұмысы, сонымен бірге басқа да аталған ұйымдар әкімшіліктерінің түрлі әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін түзеу мекемелерінде төтенше режим жағдайын енгізуге рұқсат етіледі (резин сойылы, қол кісен, жуасыту көйлегі, жас ағызатын газ т.с.с). Жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шара қолданудың заңды негізі ол сотталғанды шын қорқытып қауіп төндіруінен пайда болады. Қылмыстық құқықта қорқыту түсінігін сөзбен жеткізу немесе өзгеше тәсілмен басқа бір адамға қарсы ойын білдіруді айтады.
Сонымен қатар сотталғанға қорқытқаны жөнінде әр түрлі тәсілмен ескертіледі, яғни ауызша жеке өзіне, басқа бір адамдар арқылы, жазбаша, ымдау арқылы, қару көрсету т.с.с. Сотталғанның жеке басына озбырлық жасаумен қатар, қауіп-қатер төндірудің негізі басқа да сотталғандардың, дәрежелі қызметкердің немесе бөтен біреудің заңсыз әрекеттері болуы әбден мүмкін. Сотталғанның жеке басына қауіп төнгенін қылмыстық жазаны атқаратын мекеме әкімшілігінің өз бетімен білуі мүмкін (мысалы, бақылау жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде). Сотталғанның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасының (формальды негіз) себебі болып сотталғанның жеке басы қауіпсіздігіне қатер төнгенін анықтаған қылмыстық жазаны атқаратын мекеме қызметкерінің (ауызша немесе жазбаша) өтініші есептеледі.
Сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру міндеті қылмыстық жазаны атқаратын мекеме бастығына жүктеледі (мысалы, айып қапасына, карцерге т.с.с. немесе жеке басына қауіп тудырмайтын шаралар қолданылады). Көрсетілген негізде белгілі бір себептермен сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру жаза болып есептелмейді. Мұндай сотталғандардың жолығуға, тағам және қажетті бұйымдар, сәлемдеме, тамақ, заттар алуға т.б. құқы сақталады. Сотталғанның қауіпсіз жерде қанша болатындығы заңда көрсетілмеген.
Сотталғанның қауіпсіз жерде болуын тоқтатудың негізі - оның жеке басына төнген қауіпті жағдайдың жойылуына байланысты.
3.Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дін ұстану бостандығына кепілдік береді. Ар-ождан еркіндігінің жеке бастың демократиялық еркіндігіне қатысы бар. Ол қоғамдағы жеке адам жағдайын белгілейді және ол саяси, құқықтық нормаларда бекітілген. Діни сенім бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес негізгі адам құқығының бірі болып танылады. Азаматтардың тендігі туралы соның ішінде діни тұрғыдағы Конституция нормасын бұзу, яғни діни ұйымдардың қызметіне немесе діни ырымдарды жасауына заңсыз кесел келтіру қылмыс болып есептеледі және Қылмыстық заңмен жазаланады. Сонымен бірге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығармаумен қатар, Қылмыстық-атқару заңы сотталғандардың ішкі ереже тәртібін бұзғандарына, діни ырымдарды сақтауда тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдану мүмкіндігін де қарастырған. Сотталғандар құқы мен занды талаптары бұзылғаны жөнінде ұсыныс, арыз, шағым жібере алады. Сотталғандар кез келген мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына әр түрлі мәселелер, соның ішінде олардың субъективті құқы мен заңды талаптарына байланысты болмаса да, арыз немесе ұсыныс жіберуге хақы бар.
Азаматтардың жазаны атқару мен өтеуге байланысты емес арызы мен ұсыныстары тиісті хабардар органдарға жіберіледі. Ұсыныстар тек қана қосымша тексеру керек етпейтін болса бір ай мерзім ішінде қаралады, ал ол жөнінде ұсыныс жасаған адамға хабар етіледі. Арыз да бір ай ішінде қаралуы тиіс, ал ол тексеруді керек етпесе, онда кідіртпей, арыз түскен уақыттан бастап 15 күннен кешіктірмей жауап беруі керек.
Шағымның ұсыныс пен арыздан айырмашылығы - оны сотталғандар құқығы мен заңды талаптары бұзылғанда береді. Шағымды жазаны атқарып жатқан мекеме мен органның әкімшілігіне, немесе қарауға құқығы бар басқа да органдарға жібере алады. Ол ауызша да, жазбаша да айтылуы мүмкін. Жалпы шағым, арыз т. б. жазаны атқарып жатқан мекемелер мен органдардың әкімшілігіне жіберілгендер белгіленген мерзім ішінде қаралып, қорытындысы немесе шешімі сотталғанға мәлім етіледі. Сотталғандардың сотқа, прокурорға немесе жазаны атқарып жатқан мекеме мен орган қызметін бақылауға хақы бар мемлекеттік органға жіберілген шағымды қарауға рұқсат етілмейді және бір тәуліктен кешіктірілмей (мейрам және демалыс күндері кірмейді) тиісті бағытталған жерге жіберілуі керек. Сотталғандардың жалпы немесе арнаулы өз міндеттерін нақтылы, дәл және сөзсіз орындауы оларды тәрбиелеудің қажетті де алғашқы кезектегі шарты. Занды сыйлауға дағдыландыру әдетте тәртіптік және өзін ұстай білуге үйрету, тек қатал талап қойып және құқықтық талаптан шегінуден шығатын, жазаны атқару, яғни өтеудегі белгіленген режимді сақтамағаны үшін жаза қолданып отырудан пайда бо-лады. Сотталған режимді бұзғаны үшін оған тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. Жауапкершіліктің нақты түрі құқық бұзудың мазмұнына оның қоғамға қауіптілігіне байланысты.
Сотталғанның іс әрекетінде тиісті бір құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер іс-қимылымен нақты құқық нормасында көрсеткенді (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса сонда ғана жауап беру басталады. Тыйым салынғанды бұзғаны үшін, яғни белгіленген ұстау режимінің міндеттерін орындаудан бұлтарғаны немесе әдейі міндеттерін орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік басталады. Жалпы міндеттерін соның ішінде, тек қылмыстық атқару құқық қатынастарының субъектісі ретінде тәртіп бұзбауды орындамағаны үшін де тәртіптік жауапкершілік басталады.
Тәртіптік жауапкершілік тек құқық нормаларына негізделген талаптарды ғана орындамағаны үшін болады. Туысқандарымен хат жазысып тұрудан бас тартқаны үшін т.с.с. тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды. Тәртіптік жазаны қолдануды оған құқығы бар түзеу мекемелерінің лауазымды адамдарына ғана рұқсат етеді (мекеме бастығына, оның орынбасарларына, жасақ бастығына т.с.с.) Ал жаза қолдану шаралары, тек қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілгендегідей болуы тиіс.
Материалдық жауапкершіліктің тәртіптіктен айырмашылығы - ол сотталғандар өздерінің заңға қарсы әрекеттерімен мемлекеттің мүлкіне зиян келтіргені үшін ғана басталады. Келтірілген материалдық зиян мөлшері соттың, шешімімен түгелдей немесе жарым-жартылай өндіріледі.
Жалпы сот принципінен алынып тасталынса да қылмыстық-атқару заңы (егер де шығын еңбек-шарттың міндетін атқару кезінде немесе басқа да азаматтық-құқық бұзылған әрекетке жататын болса) шығынды төлеудің әкімшілік түрін белгілейді. Шығынды өндіріп алу, түзеу мекемесі бастығының дәлелді қаулысымен істеледі, бұлардың барлығы жауапкерге таныстырылып және ол оған қол қояды. Бұл қаулы туралы жауапкер жоғары бастыққа шағым етуге хақы бар, бірақ ол зиянды өндіріп алу қаулысының орындалуын тоқтатпайды.
Қаулы бұзылғаннан кейін егер де сотталғанның зиян көлемі еңбек ақысынан заңсыз ұсталған болса, оның дербес шотына жазылып, қайтарылады. Материалдық жауапкершіліктегі істеген шығын, тек қана табыс салығын, тамақ, киім, аяқ киім бағасын және үкім қағазы сомасын төлегеннен кейін қайтарылады. Егер де сотталған босатылып шығатын кезінде материалдық шығыны өтелмей қалса, онда түзеу мекемесінің әкімшілігі сотқа жалпы талап ретінде беруге хақы бар. Бұл жағдайда соттың шешімімен, заңда белгіленген тәртіппен материалдық шығын төлетіп алынылады. Сотталғандардың ішінде жазаны атқару кезінде, тағы да қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжірибеде жиі кездесіп тұрады. Жауапкершіліктің мұндай дәрежесі тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауапкердің жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты болып келеді. Сот жаза тағайындағанда қылмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезінде істелгенін еске алуы тиіс. Бұл - жауапкершілікті ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып жаза қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкім шығарады. Ал сот үкімі жана қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлігін қосады. Жаңа істеген қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимді колонияға немесе түрмеге жіберіледі.