Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 11 из 33)

4-дәріс. Мемлекет органдары мен мекемелерінің жаза атқару жүйесі.

1. Жаза атқаратын мемлекет органдары мен мекемелерінің түрлері және міндеттері.

2. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың соттармен және басқа да қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдармен өзара көмек әрекеттестігі.

1.Біздің елде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығын іске асыру мемлекет органдарына жүктелген. Қылмыстық іс жүргізу зандарымен үкімді атқару, онымен айналысу үкім шығаратын сотқа жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген органға жібереді. Ол орган үкімнің орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.

Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар құрады, сондай-ақ жазаны атқару басқа бір жеке органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі.

Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері мыналар:

Соттың немесе әскери соттың үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару.

Сотталғандарды занды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу.

3.Сотталғандардың өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту).

4.Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында былай делінген: "... қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен занды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету болып саналады".

Түзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиірек тағайындайтын жазасы - ол бас бостандығынан айыру болып есептеледі. Осы жағдайды ескере отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелердің ұйымдастыру құрылымын толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерін арнайы бас бостанды-ғынан айыру жазасын орындату үшін мемлекет құрады. Түзеу мекемелері ұйымдастыру жағынан дербес болады және оның заңдық тұлғалық құқығы бар да басқадай функциясы жоқ болып келеді. Бас бостандығынан айырудың маңызы - ол сотталғанды соттың үкімімен белгіленген мерзімге түзеу мекемесіне орналасуға мәжбүр ету, сонымен оны қоғамнан бөлектеу.

"Қамауда ұстау орны" мен "түзеу мекемесі" түсініктерін айыра білген жөн. Қамауда ұстау орнына: тергеу қапасы (ТҚ), уақытша ұстау қапасы (УҰҚ), әскери абақтылар кіреді. Түзеу мекемелерінің басқа қамауда ұстау орындарынан айырмашылығы - бұларда сот үкімінің занды күшіне енгендер немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкім занды күшіне енгенге дейін күдіктілер мен айыптылар отырады, ал уақытша ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкімшілік және тәртіптік реттерінде қамағандар отырады.

Сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Қазіргі күші бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерін екі топқа айырады: а) ересектер үшін (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толмағандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер). Түзеу мекемелерінің ересектер үшін бірнеше түрі болады. Олар жазасын өтеу жөніне, жағдайына (ұстау режиміне), қоғамнан бөлу, оларда отырған адамдардың қауіптілік деңгейіне байланысты ұсталатындар: қоныстану колониясы, жалпы. қатаң және ерекше режимдегі колониялар болады. Кәмелетке жатпағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар: а) жалпы режимді тәрбиелеу колониясы; ә) режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).

Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді. Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған, олар жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналасқан. Тергеу қапастарында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін.

Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нақтылы міндет қойылып олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимің орындау, қоғамдық пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалық мамандыққа оқыту. Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері сайып келгенде Қазақстан Республикасының ПМ-нің қарауына кіретін қылмыстық-атқару жүйесін құрайды. Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерің басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен он-дағы сотталғандардың санына байланысты облыстық ішкі істер басқармасына қарайтын (ОІІБ) қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімдері немесе басқармасы құрылады. Елдің барлық мекемелерін жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті жүргізеді. Департаменттің қызметін дұрыс бағыттап-басқару министрдің орынбасарларының біріне жүктеледі. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінде құрылымдық өзгерістер жүргізілуде. Мысалы, режимі күшейтілген түзеу колониялары, қасақана қылмыс істегендерге арналған қоныстандыру колониялары таратылды. Сонымен қатар ерекше режимді түзеу колонияларында өмір бойы бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару үшін жағдай жасалады.

2. Қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттің барлық құқық қорғау органдарының қызметі өзара байланысты. Бұл өзара байланыс жалпы мақсатқа, яғни біздің елде қылмыспен күресуге бағытталған.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелерінен басқа да органдардың алдына қойылған міндеттерді тиімді орындауы үшін тергеу, сот, прокуратура, милиция органдарымен белсенді қызмет істеуі тиіс. Осы мемлекеттік органдардың әрбіреуімен өзара көмектесе әрекет жасау сипатының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол қылмыспен күресу кезеңінің ерекшеліктері мен себептерінен, мемлекеттік органның қылмыспен күресудегі орны мен рөлінің өзгешелігімен себепші болады, көрсетілген органдардың әрекет ету жағдайларына және тағы басқалармен белгіленеді.

Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың тергеу органдарымен әрекеттестігі.

Өздерінің күнделікті жұмыс әрекеттерінде анықтау және тергеу органдары, жазаны атқарушы түзеу мекемелері мен органдары алдына қойылған мақсатты тиімді шешу үшін өзара бірлесе белсенді әрекеттеседі. Тергеу органдары қылмысты ашып, қылмыскерді әшкерелеумен қатар қылмыс жасауына мүмкіндік болған себептер мен жағдайларын анықтауы тиіс, сонымен бірге ондай себептер мен жағдайларды болдырмаудың тиімді шараларын қолданулары керек. Мұның жазаны өтеп жүргендер мен өтеп кеткендердің енді қылмыс істемеулерін ескерту үшін маңызы зор. Тергеуші өзінің іс әрекеті кезінде жазаны атқарудағы тапқан кемшіліктерін мекеменің әкімшілігіне оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді. Бұл ұсы-ныстар жазаны атқарушы органдардың қызметін жақсартуға бағытталған.