Бұдан басқа тергеу органдары жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігіне сотталғандардың жеке басын, олардың мінез-құлқын анықтайтын мағлұматтар арқылы тексеруге көмектеседі.
Сонымен қатар түзеу мекемелерінің әкімшілігі тергеуші органдарға бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазаны атқарған айыпталушының жеке басын тексеруге және қамауға алынғанға дейінгі істеген, бірақ қылмыстық жазаға тартылмаған қылмысын ашуға көмек көрсете алуы мүмкін.
Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің соттармен өзара әрекеттестігі.
Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілей отырып, оның тез орындалуы мен шектелмейді, ол оған қоса сотталғандардың отыратын түзеу мекемесінің түрін, жазаны өтеудің режим түрін белгілейді. Сонымен, сот жазаны даралай отырып, сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарын-да оның атқаруында даралау үшін алдын ала тиісті жағдай туғызады.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе өтеп кеткен адамды айыптайтын қылмыстық істі қарау барысында, сот бұл адамның жаңадан қылмыс жасауының себептері мен жағдайын анықтауы немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негізсіз ұсынудың шындығын ашуы мүмкін. Сот дәл осындай, сондай-ақ басқа да жағдайлар жөнінде оларды жою мақсатында орган бастықтарына арналған жеке ұйғарым шығаруға тиісті.
Соттар үкімді өткеру процесінде жаза түрінің өзгеруіне, сотталғанға түзеу мекемесі түрінің өзгеруіне т.б. бақылау жүргізеді.
Заңға байланысты тек сот жазаны атқарып жүрген сотталғандардың үкімін өзгертуге шешім қабылдай алады.
Сонымен, соттар мен түзеу мекемелері, сондай-ақ басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өзара әрекеттесе отырып, қылмыстық жазаның мақсатына тиімді жету үшін жағдай жасайды.
Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің, түзеу ықпалының қорытындысын баянды ету үшін полиция аппараттарымен
өзара әрекеттестігі.
Қайталанба қылмыспен күресудегі ең маңызды бағыттың бірі - ол бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандар жағынан жаңадан қылмыс болмауын ескерту. Бұл жағдай бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталғандардың кейбіреулері өздерінің қылмыскерлік көзқарасы мен ниетінен бас тартпайтындығына негізделген. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққандарға түзеу әсерінін жағымды қорытындысын бекітуді жалғастыру мақсатында заңмен белгіленген жағдайда оларға әкімшілік бақылау қойылуы мүмкін. Оларды қызметке орналастыру мен тұрмыстық жағдайларын түзеу шаралары жүргізіледі.
Еңбекке орналастыру мен тұрмыс жөніндегі аға инспектор сотталғандарды босатудан 3 ай бұрын жергілікті полиция органдарына түзеу мекемесі босататындар туралы хаттама арқылы мінездеме жібереді; онда тағы да қылмыс жасамауын алдын ала ескерту үшін жазаны өтеп жатқан кездегі тәртібі, мінез-құлық өзгешеліктері мен т.б. ерекшеліктері жазылады.
Сонымен түзеу мекемелері әкімшілігінің және басқа да жазаны атқарушы органдардың полиция аппаратымен өзара тығыз әрекеттестігі түзетудің ықпалын баянды етуге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жағынан қылмыс болдырмаудын алдын алуға маңызы зор.
Түзеу мекемелері мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерінін күнделікті қызметінде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргізетін басқа да органдардың жұмысын үйлестіріп отырады, ал ол өз кезегінде органдардың жұмысындағы кемшіліктері мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етеді.
5-дәріс. Жазаны орындату мекемелері мен органдарының қызметкерлері.
1. Жазаны орындау мекемелері мен органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, оларға қойылатын талаптар мен оларды әлеуметтік қорғау.
2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне бақылау жасау.
1.Қазақстан Республикасының ішкі істер оргаңдары қызметкерлерінің құқық жағдайлары қорғалуына (олардың қатарына жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері кіреді) Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік етеді және олар 1993 ж. 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы", 1992 ж. 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нің ішкі тәртіп Ережелерімен, сондай-ақ жекелеген еңбек заңдарымен белгіленген.
Ішкі істер органдарының қызметкері Үкіметтің өкілі болып есептеледі. Ол мемлекеттің қорғауында болады және қызмет бабы кезінде дербес құқыққа ие болады. Ішкі істер органдарының азаматтарға, лауазымды адамдарға солардың ішінде сотталғандарға қойған заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сонымен, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының қызметкерлеріне заңмен үлкен өкілдік беру, ол жазаны атқартып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы міндеттерді орындауды қам-тамасыз етуге шақырылады.
Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбінесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлері әрекетінің тиімділігімен белгіленеді.
Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлері құрамына кіретіндер: түзеу мекемелері қызметкерлерінің, қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО-ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлері, полицияның кейбір қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің түзеу мекемесін күзететін және бақылайтын әскери қызметкерлері, түзеу мекемесінің ерікті жалдамалы жұмысшылары мен қызметшілері.
Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің құқық жағдайы - қылмыстық жазаны атқару кезіндегі жүктелген функциясын орындауда оның өкілдерінің құқығы мен міндеттерінің жиынтығын құрайды.
Қызметкерлердің құқықтық жағдайы көптеген экономикалық-әлеуметтік, саяси тағы басқа да факторларға байланысты. Осы факторлардың ішіндегі маңыздылары, ол жаза атқарудың мақсаты - қылмыстық-атқару зандарының міндеттері және осыған сәйкес қылмыс жазасын атқарту мекемелері мен орган-дарының функциялары мен міндеттері.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне құқықтар мен міндеттер жүктеу - ол қылмыстық атқарту жүйесі органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің құқықтық жағдайы әр түрлі болуы мүмкін. Ол жазаны өтететін түзеу мекемелерінің, органдарының түріне, жаза өтеу мен шешетін мәселелеріне байланысты. Сотталғандардың құқықтық мәртебесі өзгерген сайын қызметкерлердің де құқық жағдайы өзгеріп отырады. Мысалы, түзеу жұмыстары инспекциясы қызметкерлеріне қарағанда, түзеу мекемелері қызметкерлерінің өкілдік құқығы әлдеқайда кеңірек болады.
Түзеу мекемесінің қызметкерлері шешетін мәселелеріне, орындайтын міндеттеріне қарай үш дәрежеге бөлінеді. Біріншісіне - арнайы лауазымды қатардағы және басқарушы құрамдағы түзеу мекемесінің қызметкерлері кіреді. Екіншісіне - түзеу мекемесін күзететін және сотталғандарды бақылайтын әскери қызметкерлер. Мекеме алдына қойылған жазаны өтеу режимін сақтау, сотталғандарды еңбекке тарту, күзету, сот-талғандарды бақылау және түзеу мекемесінің қауіпсіздігін сақтау салаларындағы негізгі қызметті қамтамасыз ету аттестациядан өткен қызметкерлерге жүктелген. Мысалы, түзеу мекемесі қызметкерлері жазаны өтеу режимін сақтауды қамтамасыз ету үшін сотталғандардан және басқа да адамдардан (сотталғандармен бірге жұмыс істеп жүрген жұмысшылардан, қызметкерлерден, түзеу мекемесіне келіп кететін адамдардан) түзеу мекемесіне қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген міңдеттерін орындауды талап етуге хақы бар. Мұңдай талаптарға: сотталғаңдардың кейбіреулерінің бөлектеу ережесін сақтауы жолықтыруды өткізу, хаттасуды, сотталғандардың өзара және түзеу мекемесі қызметкерлерімен қарым-қатынасын реттеуді жатқызуға болады. Режимді бұза қалса сотталғандарға жазалау шарасы қолданылуы мүмкін.