Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 13 из 33)

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтық жағдайының (Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерді сотталғандарды күзетуде, қашуды ескертуде және үзіп тастауда, бас бостандығынан айыру орындарында басқа да қылмыстарды болдырмауда маңызы зор. Сонымен бірге түзеу мекемесі объектілерін қорғау және олардың материалдық дүниелерін, сотталғандарға рұқсат етілмеген құралдар мен заттардың өтіп кетуін болдырмау, қашып кеткен сотталғандарды іздеу т.с.с. қамтамасыз ету міндеттелген. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге сотталғандардың жатқан жерлерін, жеке заттарын, өздерін тінтуге, көліктерді және түзеу мекемесіне кіріп-шығатындарды немесе режим та-лаптары қойылған аумақтарда жүргендерді тексеруге рұқсат берілген. Қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ жазаны өтеуден бұлтарып жүргендерді ұстау үшін түзеу мекемесі қызметкерлері мен ІІМ ішкі әскер әскери қызметкерлерінен тұратын іздестіру топтары құрылады, олар жергілікті қылмыстық іс және мунипуципиалды полиция органдарымен бірлесе отырып операция жүргізеді. Қашып кеткен сотталғаңдарды іздестіру кезінде түзеу мекемесі қызметкерлері қоғамдық ақпарат құралдарының, яғни газет, радио, теледидар мүмкіндіктерін пайдалануға құқы бар. Олардан қашыққа қашқан қылмыскер, олардың белгілері, мүмкін болатын жерлері туралы және оларды ұстауға көмектесуді хабарлайды.

Түзеу мекемесі мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметінің уәкілеттілігін орындайды. Түзеу мекемесі бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегінде тиісті жедел-іздестіру және басқа да қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленгендей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану міндеті жүктеледі.

Егер қылмыстың белгісі бар болса алдын ала тергеу жүргізу міндетті, онда анықтау органдары қылмыстық іс қозғалады және қылмыстық іс жүргізу заңының ережелерін басшылыққа ала отырып, жедел тергеу қимылдарын жүргізеді, оны анықтау және қылмыстың ізін сақтап қалу үшін: қарайды, тінтиді, заттарын алады да оған тиюге тыйым салады, куәландырады, күдікті ұстайды, одан жауап алады, жәбірленуші мен айғақтардан жауап алады, керек болса экспертиза тағайындайды.

Қылмыстың табылғаны, анықтау басталғаны және оның аяқталғаны жөнінде түзеу мекемелерінің бастығы прокурорға хабарлауға міндетті. Түзеу мекемелері қызметкерлерінің тәуелсіз құзырлығының құқы мен міндеттері тәрбие жұмысын жүргізу керектігінен, жалпы білім беруден, мамандыққа - техникаға дайындаудан туындайды. Түзеу мекемелерінің жалдамалы ерікті жұмысшылары мен қызметшілерінің құқықтық жағдайы еңбек, қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген. Түзеу мекемесінің қызметі ерекше болғандықтан жұмысшылар мен қызметшілерге қосымша міндеттер жүктеледі, оларға кіретіндер - сотталғандармен жұмысына қатысы жоқ қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Сотталғандарға тағам, азық-түлік, ақша, хат, спирттік ішімдіктер, заттар, басқадай бұйымдар беруге рұқсат етілмейді. Егер де бұл талаптар бұзыла қалса түзеу мекемелері әкімшілігі ондай адамдардың сотталғандар жұмыс істейтін объектіге кіруін тоқтатады және ондай адамдарды жауапқа тарту мәселесін шешуге хақы бар. Сонымен қатар жалдамалы еріктілер құрамы сотталғандармен бір жыныстас болуы тиіс.

Жазаны қоғамнан бөлектемей атқаратындарды бақылайтын орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайының қылмыстық түріне қарай өзгешелігі бар. Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзеу инспекциясы қызметкерлерінің айрықша міндеттері қылмыстық-атқару зандарымен реттеледі.

Жазаны орыңдайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне тиісті талаптар қойылады. Олар едәуір әр түрлі және лауазымына, жұмысына тән орындайтын функциясының ерекшелігіне байланысты. Оларға қойылған талаптар, қызмет істеу тәртібі мен жағдайы, әлеуметтік-құқықтық, қорғау шаралары: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті бекіткен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеудің тәртібі мен жағдайлары туралы Ережемен, сонымен бірге қылмыстық-атқару заңдарымен және заңға негізделген нормативтік актілермен белгіленген. Айтылып отырған қызметкерлерге жалпы талап сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгі Ережесінде баяндалған: "Қамау орнындағы барлық қызметкерлер әр уақытта ұстамды болуы және өз міндеттерін орындағанда қамаудағыларға үлгі көрсетіп қадірлі болуы тиіс".

Түзеу мекемелері қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен орындайтын қызметіне байланысты олардың өзгешеліктері болады. Сондықтан түзеу мекемелері қызметкерлері арасындағы жеке топтарды бөліп айтуға болады: оперативтік-режимдік, тәрбиелеуші, өндірістік-техникалық, медицина-са-нитарлық және тағы баска да қызметкерлер. Осыған сәйкес қызметкерлерге қойылатын талаптар да әр түрлі, оның кәсіпқойлылығына, жеке басының қадірлілігіне, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне байланысты. Бірақ әр түрлілігіне қарамастан, қылмыстық жазаны атқару процесінде және сотталғандарға тәрбиелік ықпалын тигізуде оларға жүктелетін жалпы талаптарды ерекше айтуымыз керек.

Түзеу мекемелері қызметкерлерінің білім дәрежесіне ерекше талап қойылады. Олардың айырмашылығы - лауазымына, атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, түзеу мекемелері қызметкерлерінің көпшілігі жоғарғы және арнайы орта білімді болулары керек, себебі қылмыстық-атқару зандарын қолдану, сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпалын жүргізу үшін ғылымның осындай жақтарының да білімді болуын талап етеді. Оперативтік-режимдік бөлімшелерде істейтін түзеу мекемелерінің қызметкерлері, әдетте заң ғылымы салаларын терең меңгерген, ал жасақ бастықтары - педагогика-лық (арнайы) білімі бар заң қызметкері болулары керек.

Түзеу мекемесі қызметкерлерінің кәсіби мамандық сапасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігімен сондай-ақ алғашқы кезенде сотталғандарды түзеумен анықталады. Түзеу мекемесі қызметкерлері қызмет істегенде құқықтық дәрежесі шектелген сотталғандармен араласатынын еске алу керек. Осыған байланысты заң қызметкерлерден Қазақстан Республикасының заңдарын, әсіресе қыл-мыстық жазаны орындау тәртібі мен жағдайын сөзсіз сақтауды талап етеді. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарынан шығады. Сол себепті түзеу мекемелері мен органдарының барлық әрекеті, іс қимылы, сот үкімін орындауға және занды қатал сақтауға бағытталған болуы керек. Осы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өз әрекетінде зандылықты қамтамасыз етуге жауап береді.

Түзеу мекемесінде сотталғандармен жұмыс істеу қызметкерлерден ішкі-сыртқы сезім күштерін барынша жұмсап жұмыс істеуіне мәжбүр етеді, ал ол үшін тиісті деңгейде мықты денсаулық керек. Сондықтан, ішкі істер органына жұмысқа алғанда денсаулығы мен күш-қуатын тексереді. Осы мақсатта қызметкерлер арнайы дайындықтан өтулері керек және ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығын білу үшін мезгіл-мезгіл бақылаудан өтіп тұруға міндетті. Ол үшін қызметкерлер жеткілікті дәрежеде өзінің, денесін шынықтырып, денсаулығына нұқсан келтіріп алмай жүруге міндетті.

Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылатын талап ретінде қызметкерлерге сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізумен, тікелей оны ұйымдастырумен шұғылдану белгіленген. Жасақ бастықтары мен басқа да оперативтік-режим қызметкерлері өздерінің лауазымдық жағдайына сәйкес немесе тікелей орын-дайтын функциясына байланысты тәрбие жұмысына қатысады. Сондықтан түзеу мекемесі қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жоғары білімді, мәдениеті, ой-өрісі кең, жеткілікті өмір тәжірибесі бар және сотталғандармен жұмыс істей алатын, сондай-ақ педагогика саласында білімдарлық қабілеті жетік болуы керек. Тәрбие жұмысын орындайтын қызметкердің өзіне тән өнегелілік пен сезімталдық-жігерлілік қасиеті болуы керек. Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылған талаптардың ішінде әлеуметтік әділеттілік сезімі оларда айрықша орын алуы тиіс.