Дөрекілік жазаны өткеріп жатқан сотталғандардың жанына ауыр тиеді; олардың абыройына нұқсан келтіреді.
Жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың бастықтарына барынша жоғары талап қойылады. Өздерінің лауазымдық мәртебесіне қарай олар сотталғандарды және қарауындағы қызметкерлерді тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырушы, мекеменің өндіріс-шаруашылық жүргізуші болып есептеледі. Ондай бастықтар өзіне және қарауындағыларға қатаң талап қоятын, табанды, өзгелерді сыйлай білетін болуы керек. Жаза орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне негізінен осындай талаптар қойылады.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық жағдайымен қатар оларды әлеуметтік қорғау шараларын да белгілеген. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлері қоғамдық үлкен маңызы бар қызмет атқарады. Олар әр уақытта ішкі-сыртқы сезім күш-қуатын қинап істеуге мәжбүр болады: жұмыс бастылық, қайғыру, күйіну тағы басқаларға байланысты. Айта кету керек түзеу мекемесінде жұмыс - сотталғандардың топтанып көнбеушілік, шабуылдау, аманатқа тартып алу, сотталғандардың агрессивтік істеу қимылы себебінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіру сияқты экстремальдық жағдайларда да өтіп жатады. Мұның бәрі бас бостандықтан айыру орындарында жұмыс істеудің мәртебесін, тартымдылығын көтеру үшін қосымша шаралардың керектігін білдіреді. Сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгілер Ережесінде бұл жұмыстың аса қиын жағдайын еске ала отырып, қызметкерлерге соған сәйкес жеңілдіктер мен жұмыс жағдайларын қамтамасыз етілді. Олардың еңбек ақы мөлшерін тағайындағанда бұл жұмысқа қабілетті ерлер мен әйелдерді тартып және ұстау үшін есептелуі тиіс.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және нормативтік актілермен ішкі істер қызметкерлерін әлеуметтік қорғау көзделген, олар: мемлекеттік сақтандыру және ішкі істер органдарының қызметкері қаза болса немесе науқастанса, сондай-ақ оның дүниесіне зиян келтірілсе шығынын өтеу; оларды пәтермен, тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық, санаториялық курорттық қызмет көрсету және басқа да қосымша әлеуметтік қорғауға кепілдік беріледі.
Қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер әр түрлі болады. Олар лауазымына, жазаны атқаратын мекемелер түріне, оның тұрған жеріне, қызметкерлердің аттестацияланған немесе жалдамалы ерікті құрамына жататындығына және басқа да негіздерге байланысты. Мысалы, аттестациядан өткен қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшеріне; лауазымдық еңбек ақы, арнайы атаққа берілген ақысы, қызмет еткен жылдарына қосылатын пайыздық үстеме, тамақ пайогінің бағасы кіреді.
Қатал, сондай-ақ айрықша режимді колонияларда туберкулезбен ауыратын сотталғандардың емдеу мекемелеріңде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысына 10-15 пайыз көлемінде үстеме белгіленген.
Түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті зейнетке шығатын қызмет мерзімі қысқартылған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуға, жеңілдетілген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау кепілдігі берілген, бұл - мемлекеттің бұл жұмыстың ерекшелігін ескепке алып көрсеткен қамқорлығының айғағы.
2. Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауіпті, бірнеше рет сотталған", әлеуметтік-өнегелілігі жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезінде сотталғандардың бәрі бірдей түзелу жолына түсе бермейді, олардың кейбіреулері жазаны өткеру кезінде режим талаптарын бұза береді, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүреді және мекеме қызметкерлерінің заңды талабына белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс істеудің өзгешелігі бар, ол түзеу мекемесі қызметкерлерінен аманатқа адам ұстап алу немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауіпті әрекеттерінен қорғаудың маңызды себептері болады. Сонымен, түзеу мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы қылмыстық-атқару процесінің тиімділігін арттыруда маңызы жоғары егер де сотталғандарды түзеудегі қызметкерлердің жұмысына қауіпті жағдай төне берсе, одан әрі іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күші бар зандар бірсыпыра құқықтық және ұйымдастырушылық амалдар қолданады.
Алдыменен қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды айтуға болады. Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет ететіндердің өміріне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерінің дербес құқығына қол сұққаны үшін жоғары дәрежедегі қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа бөлуге болады:
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына арнайы зиян келтіруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгіленген қылмыстық түрде жауапка тарту.
Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардын өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер келтіру әдісімен қашу; түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесі қызметкерлеріне күш қолданумен байланысты; түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтіру.
Лауазымды адамдарға күш қолданғаны үшін көрсетілген жауапкершілік нормалары.
3. Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын Қылмыстык заң нормалары.
Заңмен белгіленген қызметкерлердің қауіпсіздігі шараларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сендіру шараларын білдіретін амалдарды кіргізуге болады. Өзінің мағынасына қарай сендіру шаралары: сотталғандарға жазаны өтеу режимін қызметкерлермен қарым-қатынас ережесін түсіндіруден, олардың өкілдерінің өміріне, денсаулығына, абыройына қылмыстық қауіп төңдіруіндегі жауапкерші-лігінен тұрады. Осы шаралар сотталғандармен жүргізілетін негізгі тәрбие жұмыстарының түрлерімен қамтылады және оған күші бар заңдарды (сотталғандардың мінез-құлық ережелерінің мәселелері) түсіндіру, сонымен қатар әрбір сотталғанмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу де кіреді.
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екінші маңызды амалы, ол - профилактикалық жұмыс. Қызметкерлердің қылмысты профилактикалау жұмысына жариялы және құпия жедел-іздестіру шаралары кіреді. Оны Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" заңына сәйкес түзеу мекемесінің оперативтік бөлім, бөлімшелері және басқа да аймақтық органдар қызметкерлері жүргізеді.
Құқық бұзушылықты жалпы профилактикалау шараларына кіретіндері: құқық бұзуға бейімді адамдарға жазаны өтеуде режим жағдайын енгізу, күзету мен бақылауда техникалық құралдар қолдану және жекелей профилактика жүргізу (агрессивті мінез-құлықтыларды, психикасында ауытқушылығы бар және түзеу мекемесі қызметкерлеріне қарсы қылмыс жасауға ойланып жүргендерді тауып, оларды есепке қою, сонымен бірге ескерту шараларын жүргізу).
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының ең тиімді жағы, ол - техникалық құралдармен күзету: қызметкерлердің қызмет етіп жүрген жерінде арнайы дабыл қағып дыбыс беретін арнайы жүйе қою, түзеу мекемесінің кейбір объектісін бақылау үшін теледидар орнату, есіктерді, қапасты (камера) автоматты түрде дабыл беретін құралдармен жабдықтау т.с.с.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау амалдарының бірі - ол сотталғандарға да дұрыс негізделген қауіпсіздік шараларын қолдану. Занда бекітілген қауіпсіздік шараларына кіретіндер: қол күшін, арнайы құрал қолдану, ал ерекше жағдайда қару қолдануға да рұқсат етіледі.