Қауіпсіздік шаралары қылмыс жасап сотталып, соның негізінде құқықтық мәртебесі шектелгендерге ғана қолданылады. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын және қару қолданғанда заңдылықты қамтамасыз етуге қызметкерлердің және қылмысты жазаға сотталғандардың заңды талаптары мен құқығын қорғауға тиісті кепілдік берілуі талап етіледі. Негізсіз немесе қате қолдану (немесе қолдану керек кезенде қолданбау), егесу жағдайын терендете түседі және ол ауыр жағдайға, яғни топтанып бағынбаушылыққа, сотталғандардың жаппай тәртіпсіздігіне, аманатқа ұстап алу, адамдардың қаза болуы сияқтыларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұлардың бәрі қолданылатын қауіпсіздік шаралары жиынтығына тиісті талап қоюға, оларды құқықтық негізде бекітуге және қолдануды ұйымдастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, қамалғандармен айналысудын, Ең аз үлгісі Ережесінде сотталғандарды басу кезінде құрал ретінде кісен, шынжыр қолдану рұқсат етілмейді.
Қауіпсіздік шаралары - мемлекеттік мәжбүр етудің бір түрі. Оларды қолданғанда қорғануға мәжбүрлігі мен басқадай амал қалмаған жағдайы негізделіп және керектілігі дәлелденіп қылмыстық-құқықтық институттардың шеңберінде бағалануы тиіс. Қауіпсіздік шаралары сыртқы түріне қарағанда қауіп төндіргенге күш қолданған болып көрінеді. Қауіпсіздік шараларын қолданудың ерекше бір айырмашылығы түзеу мекемесі - ол төтенше немесе басқа да дауласу жағдайларында, яғни сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, басқа азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталғандарға, тіпті өзіне-өзі күш жұмсау қимылдарынан пайда болғанда қолданылады. Бұл жағдай әлеуметтік-құқықтық қауіпсіздік шараларымен және қару жұмсаумен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен аяқталмақ. Бұл шаралар сотталғандардың өз қауіпсіздігін, басқалардан, мысалы, түзеу мекемесіне келгендердің және күзетілетін объектілердің, түзеу мекемелерінің ғимараттарын, қатынас құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік шараларын сотталғандарға қолданылатын тәртіпті жазалау шараларынан айыра білген жөн. Қауіпсіздік шаралары, алдымен, өз бетімен тоқтатылмайтын және ауыр зардап төндіретін сотталғандардың қоғамдық қауіпті әрекеттерін тоқтатуға бағытталған. Тәртіптік жазалау шаралары сотталғандардың тәртіп бұзуы аяқталғаннан кейінгі жаза ретінде қолданылады. Сондықтан сотталғандарға алдымен, қоғамдық қауіпті әрекетіне қауіпсіздік шарасы, сонан соң және тәртіптік жаза шарасы қолданылуы мүмкін.
Қазіргі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Зандарында, Қылмыстық-атқару кодексінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы IIМ түзеу мекемесінің ішкі тәртібі Ережесінде қауіпсіздік шаралары тізімі, оның негізгі және қолдану тәртібі берілген.
Бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен оларды қолдану негіздері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 81-бабында реттелген және ішкі тәртіп Ережелерінде атап көрсетілген.
Алдымен, қауіпсіздік шаралары мен оларды қолданудың жалпы талабына көніл аударған жөн. Талапқа сай күш жұмсау ерекше құралдары және қару қолдану құқығы түзеу мекемесі қызметкерлерінің бәріне бірдей берілмейді, тек қана ішкі істер органының қатардағы, яғни басқарушы құрамының арнайы атағы бар қызметкерлеріне лауазымды адамдарына және Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
Сондықтан осы айтылған қызметкерлер арнайы дайындыктан өтуге, мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп, арнайы құрал мен қаруды қолдану жағдайына байланысты әрекеттерге жарамдылығын біліп жүруге міндетті.
Түзеу мекемесі қызметкерлері, ішкі әскердің әскери қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, яғни қару қолданған кезде сотталғандарға және басқа да адамдарға мүмкіндігіне қарай ең төменгі дәрежеде зиян келтіруді қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатпен заңда ерекше құралдар мен қару қолдану тәртібінің негіздері қаралған.
Қауіпсіздік шарасы мен қару жұмсау тәртібі ережесі қандай нақтылы жағдайда қолданылады?
Арнаулы құралдарға заң мыналарды: қол кісенді, жуасыту көйлегін, арнайы құрал мен іздеуші иттерді жатқызады. Арнайы құралдарды қолдану негіздері мен тәртібі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңында және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген.
Арнайы құралдарды қолдану тәртібін нақтылы қарастырайық. Қол кісенді сотталғандарға мынадай жағдайларда қолданылады: әскери нарядтық құрамына, күзетшілерге түзеу мекемесі әкімшілігіне қара күшпен қарсылық, көрсеткенде; сотқарлық істегенде; айып қапасына барудан бас тартқанда: өзін-өзі өлтіргісі, денесіне зақым келтіргісі келсе немесе басқа сотталғандарға, сондай-ақ бөтен біреулерге тарпа бас салса; қашып кеткен сотталғандар ұсталғанда. Қол кісенін салғанда белгіленген формамен ант жасалады. Қол кісенін негізсіз салған адам жауапқа тартылады. Жуасыту көйлегі сотталғандарға басқа шаралар қорытынды бермегенде қолданылатын әсер етудің ең соңғыларына кіреді. Ол түзеу мекемесі бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауымен және медицина қызметкерінің бақылауымен қолданылады. Егер де медицина қызметкері бұл сотталған адамға жуасыту көйлегін кигізуге болмайды десе, ол сөзсіз орындалады. Жуасыту көйлегінде бұзақылық жасаған сотталушы тынышталғанша болады. Бірақ ол екі сағаттан аспауы керек. Жуасыту көйлегі оңаша бөлмеде (айып қапасында, бақылаушылар бөлмесінде т.б.) кигізіледі. Жуасыту көйлегін кигізген сайын акт жасалады оны түзеу мекемесі бастығы немесе оның орынбасары бекітеді де прокурорға хабарлайды.
Арнайы құралдарға, сондай-ақ мыналар да жатады: резин сойылы, назар аударатын жарық-дыбыс құралдары, тосқауыл бұзушы саймандар, су шашушылар, бронемашиналар, қызмет иттері т.б. ішкі істер органдары қарауындағы арнаулы құрал-саймандар.
Арнайы қарулар - жалпылай тәртіпсіздікті, белгіленген ережені топтанып бұзушыларды тоқтату, түзеу мекемееі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер жалдамалы құрамдар жұмыскерлеріне шабуылды тоқтату, ұстап алған құқық бұзушының қарсылық көрсеткені үшін қолданылады. Арнайы қаруды қолдану шешімін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауап беруші, операцияны басқаратын лауазымды адам қабылдаңды. Жеке әрекет жасап жүрген түзеу мекемесі қызметкері немесе ішкі әскердің әскери қызметкері шұғыл жағдайда мұндай шешімді өз бетімен қабылдайды.
Арнайы құралдардың түрлерін және оны қарқынды, қолдану қалыптасқан жағдайға, бұзылған құқықтық түрі мен құқық бұзушының жеке басына және де арнайы құралдың техника-тактикалық сипаттамасына байланысты белгіленеді. Оларды қолданудың тәртібі анық белгіленген, мысалы арнайы құрал алдын ала ескертуден кейін ғана қолданылады. Құқық бұзушылар ашық, тұтқиылдан шабуылдаса, бұл құралдардың ескертусіз қолданылуы мүмкін. Арнайы құралдарды әрбір қолданған нақтылы жағдайда, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету шаралары алдын ала белгіленген болуы керек.
Арнайы құралдарды қолданған жағдайда, оларды қолданған қызметкерлер, әскери қызметкерлер түзеу мекемесі бастығына, ішкі әскердің, бөлім командиріне рапортпен қашан, қай жерде, кімге және оларды қандай жағдайда қолданылғанын көрсетіп баяндайды.
Жоғарыда айтылғандай, арнайы құралдарға іздеу қызметі иттері де кіреді. Олар сенімді қорғаушы да, шабуылшы да сондықтан түзеу мекемесі қызметінде кең пайдаланылады.
Іздеу қызметі иттері төмендегідей жағдайларда қолданылады: сотталғандарды бақылау қызметін орындап жүргенде; түзеу мекемесінің аумағында жасырынып қалған сотталғандарды іздеу және табу кезінде; өзін қорғау кезінде немесе сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге шабуыл жасаған кезде; есірткі және басқа да заттарды іздеген кезде т.б. Қызмет иттерін әйелдерге, мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға қарсы, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса қолдануға рұқсат етілмейді.