Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 16 из 33)

Егер де басқадай шаралармен сотталғандардың істеген әрекеттерін тоқтатуға болмаса, онда оқ ататын қаруды қолдану ерекше шара деп есептеледі. Занда "басқадай шаралар"' мазмұны түсіндірілмесе де, сендіру шарасы оған қоса қауіпсіздік шаралары, яғни қара күш жұмсалу мен арнайы құралдарды қолдану деп болжауға болады. Оқ ату қаруын қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының ІІМ белгілейді. Сотталған әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса, қарумен қарсылық көрсетпесе, әуе кемесін, аманатқа біреуді басып алмаса және топтанып шабу-ыл жасаумен өмірге қауіп туғызбаса қару қолданылмайды.

Түзеу мекемесі қызметкері қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, зардап шеккендерге күттірмей медициналық көмек көрсетуге міндетті, одан кейін өзінің тікелей бастығына түсіндіруі тиіс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің, ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздік шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемі бақылауында болады.

3. Қылмыстық-атқару жүйесі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып есептеледі. Оған қылмыстық жазаны атқару мен өтеуді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа біреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаты жүктелген. Көрсетілген мақсатты шешуге қоғам толықтай мүдделі болғандықтан, ол мемлекеттік, қоғамдық институттар жүйесі арқылы құқық қорғау органдарының, соның ішінде жазаны атқартушы органдарға әрдайым әлеуметтік бақылау қоюды белгілейді.Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтік маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі бақылау процесінде, алдымен заңдылыкты сақтау қамтамасыз етіледі. Зандылыкты сақтау - жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледі. Жазаны атқаратын түзеу мекемелері мен органдарының қызметі зандарды қатал сақтауға негізделеді. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздері еңбек етіп жүрген қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты.

Қызметкерлердің жұмысын бақылау дегенді қарап жүру мен тексеру жүйесі, қызметкерлердің әрекетінің нормативтік актілер талабына сәйкестігін, болып жатқан заң бұзушылықты білу мен тоқтату мақсатында және ондай-ларды келешекте болдырмауды ескерту ретінде түсіну керек.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты емес, ол қажетті амалдың тиімділігін көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету.

Бақылаудың қорытындысын жүзеге асырғанда әкімшіліктің қызметі әрекетіндегі кемшілікті табу және оны жоюға мүмкіндік туады. Әкімшіліктің қызмет әрекетін бақылау, сонымен бірге қылмыстық-атқару мекемелері жүйесіндегі заңдылықты бұзу жағдайларын табу амалы мен оның себебін жою болып есептеледі. Алдымен, ол зақдылықтық құқықтық негізін әсіресе заңға негізделген нормативтік актілерді, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайда жетілдіруге әсерін тигізеді.

Демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында Үкіметтің барлық мемлекеттік институттары, соның ішінде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың қызмет әрекетін бақылау, оның қоғамдық түрлерін пайдалану арқылы іске асырылады, ол жазаның жағдайларын, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңірек хабарлауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі өз кезегінде, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнінде әр түрлі көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді төмендетуге септігін тигізеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін бақылаудың маңызы мынадан байқалады: ол мемлекет бөлетін қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге қылмыстық-атқару мекемелер жүйесін ұстауға, біздің мемлекетке аса қажетті басқа да әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін бақылау әр түрлі негіздермен топтастырылуы мүмкін, ол бақылау жүргізетін субъектілерге байланысты: халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін халықаралық бақылау - Халықаралық адам құқықтары ережелерінде, алдымен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар, туралы Халықаралық пактіде (1966), азаптауға және басқа да мейірімсіз, адамгершіліктен тыс сондай-ақ абыройын қорлау түрлерімен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретінде БҰҰ мүше елдеріне айтылған жайттар.

Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетінде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалының бірі болып есептеледі. Ол мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретін бақылауы.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін мемлекеттік бақылаудын бірнеше түрлері бар, олар: атқарушы үкімет органдарының бақылауы, соттық бақылау, ведомстволық бақылау және прокурор бақылауы.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелері және басқа да органдардың жұмыс әрекетін атқарушы Өкімет өкілдері, яғни Үкімет, өз аумағындағы жағдайға жауапты әкімдер жағынан бақылау жүргізіледі. Жергілікті әкімшілік органдарында түзеу мекемесі әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады. Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары органдары, яғни - қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті мен басқарма, бөлім бастықтары және Қазақстан Республикасы ПМ-нің басшылары жүргізеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызмет әрекетін бақылауда прокуратура органдарының рөлі айрықша болады. "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы - Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік актілерін Республика аумағында бір түрде және бұлжытпай қолданылуына жоғары бақылау жүргізетін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты табуға және оны болдырмауға шара қолданады. Қазақстан Республикасы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіреді, сотта мемлекет мүддесін қорғайды және керекті жағдайда заңмен белгіленген тәртіп пен көлемде қылмысты қудалауды іске асырады.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қадағалау жұмысын тиімді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлім құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшісі, аға көмекшілер жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Заңда жеке тарау " Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау" енгізілген. Онда заң прокуратураға зандылыкты сақтап іске асыру үшін бірқатар арнайы қадағалау уәкілдігін береді. Оған жазаны атқару мекемелері мен органдары әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін қадағалау да кіреді.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 43-бабына сәйкес прокуратура былайша бағытта бақылау жүргізеді:

1.Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуынын заңдылығына.

Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына.

Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.