Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 18 из 33)

Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелері жүйесі қызметкерлерінің лауазымды адамдары жағынан жіберілген зандылықтың өрескел бұзылғаны жөнінде қылмыстық іс қаралғанда білінеді. Ол - билігін немесе қызметтік жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкілеттілігін пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкілдігін пайдаланып асыра сілтеулік, селқостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлері.

Соттық бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезінде жасалған қылмыстық істерді қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғандар жөнінде қылмыстық іс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбеушілік немесе түзеу мекемесі және басқалардың жұмысына іріткі салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталған-дардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге міндетті. Сот түзеу мекемесі әкімшілігі талабынын заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенін, қапас тәріздес бөлмеге көшіру туралы салынған жазанын негізділігін тексеруі тиіс.

Сот іс қарау процесінде айғақтардың, жәбірленушінің, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын заттар дәлелдемелерін, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесі әкімшілігі жағынан зандылықтың бұзылғанын, яғни қиянат істегендігін анықтай алады. Бұл жағдайда сот айқындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептері мен жағдайларын жазаны өткеруші мекемелер мен органдар жұмыс әрекетіне бақылау жүргізетін прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға міндетті. Көрсетілген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтың себептері мен қыз-меткерлерге оны бұзуға мүмкіндік туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.

Жалпы атқарушы түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлі аспектісіне қатысты мәселелерде көрінеді. Мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігі сотқа жаза мерзімінен бұрын босатуға, жазаны жеңілдетуге немесе оның түрін өзгертуге ұсыныс жібереді, ал оны шешу үшін керекті материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйеніп, олардың зандылығы мен негізділігі жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешіміне заң күшін береді немесе оларды занды күшінен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесі әкімшілігі жіберген материалдарды бұрмалау мақсатыңда, сондай-ақ сотталғандардың тәртібі толық бейнеленбеуі мүмкін болғандықтан, бұлар істі әділ шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға міндетті.

Соттық бақылау қызметі сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелері туралы іс қараған кезінде сотталғанның үлгілі мінез-құлқын немесе белгіленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңілірек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керісінше, сотталғанды түзеу мекемесіне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т.с.с. Сот жазаны өткеруші мекемелер мен органдар қызметкерлерін жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланыс-ты мәселелерді шешу кезінде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезінде пайда болуы мүмкін. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесін өзгертіп, сотталғанда түзеу мекемесі бір түрінен екіншісіне, яғни жеңіл немесе қатаң режимге ауыстыруды шешеді.

Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негіз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешім қабылдайды.

Қызметкерлердің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қылмыстык жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелері жұмысына қолайласақ, онда сот мүлік-шаруашылық, жер т.б. дау-таластарды қарағанда, әрине бір жағы түзеу мекемесі болуы керек, ал сот ерікті жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлерді жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол іске асуы мүмкін.

Соттық бақылаудың үшінші түрі - ол жазаны өтеуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекетіне шағым ету. Мемлекеттік органдарға жіберілген сотталғандардың шағымы, арыздары тиісті жеріне жіберіліп, заң тәртібі бойынша шешіледі. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтініші.

6-дәріс. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру.

1. Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды топтастыру.

2. Сотталғандарға жазаны атқаратын мекемелер түрін белгілеу.

1.Мемлекеттің қылмыспен күресу саясаты принциптеріне негізделген түзеу мекемелері әрекетінде қылмыспен күресудегі, алдына қойылған міндетті, сот белгілеген жазаны тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз етуге тиісті. Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.

Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі осындай жекелеп қараудың, объективті қажеттілігі, жазалау-тәрбиелеу әрекетінде әрбір сотталған бәріне белгіленген режим талабын мүлтіксіз орындауға (сотталғандар бәрі де жұмыс істеуге, жазаны атқару режимін сақ-тауға, тәрбие шараларына қатысу және т.с.с.) міндетті. Бұлардың әсер етуін істелген қылмыстың сипаты мен қауіптілігіне байланысты даралау және сотталғанның жеке басының өзгешелігі мен әрбіреуінің мінез-құлқының өзгешелігін еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым-қатынасына байланысты қасиетін еске алу тиіс.

Бұл ережелер халықаралық актілерге, соның бірі қамаудағылармен айналысудағы Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес келеді. Ереженің 8-тармағында оларды категорияларға бөлудің жалпы ережелері мынандай:

"Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек-бөлек орналастырылады". Топтастыру мен жекелендіру мақсаты Ереженің 67-тармағында белгіленген, онда былай делінген:

Топтастырудың мақсаты мынада:

а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез-құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу;

ә) қамаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Түзеу амалдарын даралап қолдану біртектес сотталғандарды топқа бөлуді қамтамасыз етеді. Мұндай бөлуді сотталғандарды топтастыру деп атау қабылданылған.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиісті белгілерімен тиісті топқа болу жазалаудың мақсатына жету үшін қолайлы жағдай жасау болады. Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі. Жазаны жекелендіру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгілегенде жүзеге асырылады.

Жазаны орындауды жекелендіру - ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгілеген, әрбір сотталғанныи жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегілерді қамтамасыз етуге арналған:

а) қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;

ә) түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;

б) түзеуге әсер ету амалдары мен әдістерін жекелеп қатал қолдану;

в) жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс ара қатынастығы;

г) жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.

Көрсетілген мәселелерді шешуді тек ғылыми негіздегі топтандыру қамтамасыз ете алады. Қазіргі кездегі күші бар қылмыстык, қылмыстық-атқару заңдары бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлі шешім қабылдамағандарды қылмыстық-құқықтық топтастыру мен сот қылмыстық жазаға сотталғандарды қылмыстық атқаруға топтастырудың айырмашылығы бар деп есептеуге болады. Қылмыстық-атқару топтасуының негізі қылмыскерлердің қылмыстық-құқықтық топтасуы болып табылады. Қылмыстық-атқару мен қылмыстық-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсіндіріледі; біріншіден, қылмыстық-құқықтық топтасудың негізгі өлшемі істеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердің жеке басы болады да, екіншіден, екі топтасудың міндеті - жазаның мақсатына тиімді жетуін қамтамасыз етуде болады.