Сонымен бірге тікелей мақсатының айырмашылығы - ол қандай оқиға үшін топтастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледі. Қылмыстық құқықта қылмыскерлерді топтастырудың негізгі мақсаты - ол жауапкерді қылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгілегенде қылмыстың сипаты мен істелген қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және қылмыскердің жеке басына байланысты да, ол мәселені қарағанда әділ шешім қабылдауды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастырудың негізгі мақсаты - ол сотталғандардың әр түрлі топтарының жазаны даралап өтеуін және осы жазаның түрін барынша тиімді атқаруды қамтамасыз ету.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң (құқық), педагогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады. Көрсетілген өлшемдер жиынтығы тағы екі өлшемге бөлінуі мүмкін: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтік.
Заң өлшемімен топтастыру - ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады.
Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге лайықты былай бөлінеді: а) өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға; ә) бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар; б) әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап істеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.
Физиологиялық (биологиялық) өлшеммен топтастыру - бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.
Бұл белгімен бас бостандығынан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жеткендер (18 жасқа толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18 жасқа дейінгілер); б) еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге; в) дендері сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.
Педагогикалық өлшеммен топтастыру - бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педагогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтың біреуінде шешуге тура келетін, сондай-ақ педагогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады.
Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (еңбекті адал ниетімен істейді немесе жалқау) түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқы (мінез-құлқы үлгілі немесе қасақана режим ережесін бұзушы) және т.б. байланысты бөлуге болады.
Психологиялық өлшеммен топтастыру - бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық психологияның мінез-құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс.
Түзеу мекемелерінде тәрбие жұмысын дүрыс ұйымдастыру үшін бұлармен бірге жеке басының да қасиетін білу тиіс.
Психологиялық өлшемге байланысты төмендегілерді айыра білген орынды сияқты:
а) аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;
ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
б) өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
в) пайдақорлық қылмыс үшін сотталғандар;
г) бұзақылығы үшін сотталғандар;
д) пайдақорлығы үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жасалған қылмысы үшін сотталғандар;
е) басқа да қылмыстар үшін сотталғандар.
Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді. Занда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесі құрылады. Осындай заңдарға лайықты мұндай мекемелер жүйесі заңдық (құқықтық) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негізделген.
Педагогикалық және психологиялық өлшемдер түзеу мекемелер жүйесінің қызметін бейнелемейді. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке істеу үшін және сотталғандардың әр біреуімен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әсер етеді.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтіні, оны түзеп және тәрбиелеу үшін маңызы күшті сондықтан түзеу мекемесінің түрін дұрыс белгілеу тиіс. Түзеу мекемелері өзара құқық шектеудің көлеміне, басынан кешіріп шыдауға мәжбүр мұқтаждықпен қасірет дәрежесіне, еңбекке пайдалану сипатына, тәрбие жұмысының түріне, жалпы білімге және техника мамандығына үйретуге байланысты бөлінеді.
Мұның бәрі бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезіндегі құқықтық жағдайына елеулі әсер етеді. Түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге, қылмыстық-атқару заңына сәйкес дұрыс көңіл бөлу тиіс, себебі сотталғандар негізінен жазаның барлық мерзімін бір түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткізеді. Түзеу мекемесінің түрін, тиісті режимін, жазаны қай жерде өткеретінін, сотталғанға бастапқы топтастыруды белгілейтін жалғыз орган - ол сот болады.
Жазаны өткеру кезінде сотталғандарды түзеу мекемесінің бірінен екіншісіне аударуға негіз пайда болады. Өйткені, ұстау жағдайын өзгертуге қажеттілік туады: сотталғандарды жалпы немесе қатаң режимнен қоныстану колониясына аудару. Бірақ бұл топтастыру құрамын өзгерту емес, өйткені сот белгілеген режим түрі жазаны өтеу мерзімінде өзгермей қалып қояды.
Егер сотталған еркіндігінен айыру орнында тағы да қылмыс жасаса (пенитенциарлық рецидив аталатын), онда сот үкім шығарып жаңадан жаза қолданғанда түзеу мекеме түрін қалдыруы және қатаңдау ұстайтынын белгілеуі мүмкін.
Сот үкім шығарғанда түзеу мекемесін әлде ұстау режим түрін белгілегенде қате жібере қалса, жоғары тұрған кассация жөнімен немесе бақылау ретінде сотталғандарды ұстау режим түрін, мекемесін өзі белгілей алады.
Үкімнің занды күшіне енгеннен сон және оның орындауды айтқан күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешікпей бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеуге жіберіледі. Түзеу мекемесіне жіберуді ол адам сотталғанша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің жолдама рұқсатымен ұсталып отырған тергеу қапасынын әкімшілігі орындайды. Жолдамада сотталып жіберілген ерлер мен әйелдердің жалпы саны, сотталған заңның баптары, өтпейтін тиісті жазалау мерзімі көрсетіледі. Жолдамаға тергеу қапастарының арнайы бөлімі жүргізілген таспаға басылған сотталғандардың жеке басының істері және жолдама тізім - құжат, онда жөнелтілу себептері сотталғандар қайдан, қайда жөнелтіледі, жеке бас істік нөмірлері, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сотта қойылған баптары, жаза мерзімі мен түзеу мекемесінің режим түрі жазылады.
Сотталғанның жеке басы ісінде: анкета, дактилокарта танитын фотографиясы, үкімнің көшірмесі, үкімнің немесе ұйғарымның заңды күшіне енгені туралы анықтамасының көшірмесі, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама, медицина картасы болады. Түзеу мекемелеріне сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы немесе оның оператив, сондай-ақ режим жұмысы жөніндегі орынбасары төрелік ететін үздіксіз істейтін комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына әр түрлі бөлім немесе қызмет, мекемені күзететін әскери бөлімше өкілдері кіреді. Жекелеген немесе кішігірім сотталған топты қабылдауды мекеменің, лауазымды адамдары (бастығы, оның орынбасары, бастықтың кезекші көмекшісі) және әскери бөлімшенің командирі жүргізеді. Комиссия немесе лауазымды адамдар бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қабылдаған кезде келгенді сипаттайтын мәліметтік құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексеру. Түзеу мекемесіне қабылдауға жатпайтындар: