Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 2 из 33)

Сонымен қылмыстық –атқару құқығы –құқықтың дербес саласы және құқық саласының қылмыспен күресті реттейтін жалпы жүйесіне кіреді. Ол алдымен, осы жүйеге кіретін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Сол себепті қылмыстық атқару құқығын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыра білудің маңыз-мағынасы күшейе түседі. Қылмыстық-атқару құқығы сот үкімін орындауды реттеуде қылмыстық іс жүргізу құқығымен, денсаулығына байланысты жазаны өтеуден босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату т.с. сияқтылармен тығыз байланысты . Сондай-ақ олар сотталғандардың құқықтық статусын Конститутция құқығы бойынша, мекемелерді басқару саласындағы әкімшілік құқығын және де азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы және басқа да заңның салаларын реттеуге байланысты.

3.Қылмыстық-атқару құқығының принциптері

Қылмыстық атқару құқығы принциптері-қылмыспен күресуді реттейтінқұқықтың жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіпсүйенеді. Олар барлық қылмыстық атқарудың заң шығаруы арқылы өтеді және міндетті түрде:

1) қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытынбейнелейді;

2) қылмыстық-атқару заңын жетілдіруді және негізгі даму бағытын көрсетеді.

3) Жалпы құқықтық құрылымы принциптерімен ара қатысты және іштей келісімде болу;

4) Тұрақтылықпен бейнелеу;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 6-бабында көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген. Жазаны орындау органдары мен мекемелері өз қызметінде құқыққа кепіл болатын, бостандық пен сотталғандардың заңды мүддесін қамтамасыз ететін, жазаны орындауды дифференциациялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және құқыққа бой сұғушылық көзқарастарына жағдай жасау,түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптеріне негізделеді. Баяндалған жағдайды ескере отырып, жалпы салалық, салалық және құқық институтционалдық принциптерін атап көрсетуге болады.

Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндер: заңдылық,демократизм, гуманизм; сала аралықтарға-әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі; салалыққа –жазаны орындауда дифференциялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және түзетудің қатысуы; институтционалдықтарға –жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлі категорияларын бөлек ұстау. Қылмыстық атқарудың құқықтық жүйе принциптері-тиісті халықаралық актілерге, Қазақстан Конститутциясы нормаларына негізделіп, сотталғандармен айналысқанда бейнеленеді.

Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принципіменжәне жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты. Демократизм принципі бостандық пен ссотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптерімен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланғандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж. Заң алдындағы теңдік принципі-Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген. Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілеген. Қылмыстық-атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етеді. Жазаны атқаруды жекешелендіру топтық түрде емес, жеке өзгешелігіне негізделеді де, әр түрлі мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзімінен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиімді пайдаланумен бірге құқыққа бой ұсынушылыққа себепші болу арқылы жеткізіледі.Жазаны түзеу ықпалымен біріктіру әр түрлі тәрбиелік мәні бар шара қолдануды талап етеді. Олар: қоғамға пайдалы еңбекпен, психологиялық-педагогикалық қарқынды ықпалмен, мамандыққа дайындаумен, жалпы білім беруге оқытумен іске асырылады. Сонымен бірге қатаң режим талаптарын сақтауды, жазаны атқару орындарында тәртіпке, жөнге салуды қамтамасыз етеді. Жоғарыдай қарастырғанымыздай, қылмыстық-атқару құқығының қағидаттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесіндежинақталып іске асырылуы тиіс.

4.Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтеріле бастады. КСРО ыдырауына дейін қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесінде, негізінен Мәскеу қаласында топталған болатын.Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегі зерттеуді бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты болып есептеледі. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеуде Рязань ІІм-нің Жоғарғы мектебі алдыңғы қатардағылардың бірі болып есептеледі, сондай-ақ қазіргі кезде ІІМ-нің Уфадағы Жоғары мектебінде зерттеу жұмысы өріс алуда. Осы мектептерде түзеу мекемелерінің болашақ қызметкерлерін, яғни офицерлерін әзірлеу жүргізілу үстінде.Қазақстанда қылмыстық жазаны орындау проблемалары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Қылмыстық-атқару құқық ғылымы құқық саласына сәйкес келгенімен, оның пәні қылмыстық-атқару құқығының маңызынан едәуір кең. Оған мемлекеттің қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаты, Қазақстанның қылмыстық-атқару заңының және жазаны атқару органдарының даму тарихы, заң шығару жүйесі мен оның басталуы, мазмұны, қарастырып отырған құқық саласының құрылу нормасы, құқықтық қатынастар, шетелдердің қылмыстық-атқару құқығы, сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілері кіреді. Қылмыстық-атқару құқық ғылымының әр түрлі салаларымен өзара тығыз байланысты. Ең алдымен өзара тығыз байланыс қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен жүргізіледі де, бұлардың пәні мен әдістерінің жақындығынбілдіреді. Конститутциялық құқық ғылымы қылмыстық-атқару құқығы ғылымының негізі болып есептеледі. Басқа да құқық салаларының нормалары оның кейбір жалпы проблемалары азаматтық, еңбек, шаруашылық, әкімшілік құқықтармен бірдей болады.

Қылмыстық-атқару құқығы мен криминология ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. Кейбір елдерде бұл сала «Криминологияның» құрамды бөлігі «Пенология» оқытылады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымында сотталғандардың жеке басын зерттегенде криминологияда талдау әдістері кең пайдаланылады.Бұдан басқа қылмыстық атқару заңдарынан ең басты міндеттерінің бірі-қылмыстың алдын алу, әсіресе қайталанба қылмыстың болмауын ескерту. Сондықтан құқықтың бұл саласының кейбір нормалары мен институттары криминологиялық түрде негізделуі қажет, ол үшін алдымен мәжбүр ету шараларын тиімді қолданумен бірге олардың заңды бұлжытпай орындауға жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешу түзеу психологиясы мен педагогикасының өзара байланысына әкеледі. Біз бұдан аталған ғылым салаларының бірін-бірі байытып отыратынын байқаймыз. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдістемелік негізі құқықтың жалпы теориясы болып есептеледі. Бұл ғылымның теориялық жағдайы, қағидаттары мен ұғым аппараты, зерттеу әдістерінің –барлығы құқық саласының негізі болып саналады. Мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде қылмыстық-атқару құқығы ғылымының алдында практиканы ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету мен жаза орындау саласындағы құқықтық реформаны жоғары дәрежеде жетілдіру мақсаты тұр. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында экономика проблемаларын шешу жолдарын іздестірген жөн. Аталған мақсаттар қылмыстық-атқару құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін қылмыстық-атқару кодексін орындау арқылы өмірге енді. Бұл саладағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріпотыру мақсатында ҚР-да қылмыстық жазаны атқару проблемесын зерттеу үшін Ғылыми орталық ашқан жөн болар еді.