Ұстау режимін дараландыру мыналардан: әртүрлі дәрежедегі сотталғандарды бөлек-бөлек ұстаудан; түзеу жолына түсе бастаған сотталғандарды женілдеу режимді түзеу мекемелеріне, тәртіпті кәнігі бұзушыларды қатаң режимді мекемелеріне аударудан; колонияның ішінде сотталғандардын ұсталу жағдайын өзгертуден; режим ережелерінде көрсетілген басқа да мадақтау мен жазалау шараларын қолданудан көрінеді.
Жазаны өткеру режиміндегі жаза мен тәрбиені байланыстыру принципі - ол тек режимде көбірек кездесетін жазалау элементтерінен басқа тәрбиелік маңызда ерекшелерде бар екенін білдіруді айтады.
Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни: оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с. ұшырау. Режимнің жазалау жағы қорқытып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта тағы да қылмыс жасаудан тартынуға себепші болады, және адамның бостандығы кезінде пайдаланатын игіліктерін сақтауды талаптандыруға да себепщі болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында белгіленген режимнің тәрбиелеу жағы ережелерде көрсетілген ішкі тәртіпті, сотталғандардың қоғамдық орындардағы, өзара қатынасқандағы, әкімшілік өкілдерімен айналысқандағы мінез-құлқын реттеитін ережелерде айтылған.
Қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары мынадай: Сотталғандарды міндетті түрде оқшаулау және оларға жанадан қылмыс жасауға мүмкіндік бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамау үшін өне бойы бақылау қою; олардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен сыр-сипатына байланысты түрліше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрі мен мінез-құлқы.
Жоғарыда көрсетілген режим ережесі мақсатының қамтамасыз етілуі режим элементтері деп аталады, ал олардың жиынтығы оның мағынасын құрайды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару режимі элементтерінің көңіл аударарының бірі - сотталғандарды оқшаулау болып есептеледі. Ол дегеніміз - көрсетілген адамдар үнемі күзетуде болады, айдауылмен немесе алып жүрушілермен ғана жүргізіледі, қорғалады, еркіндікте жүрген адамдармен ережеде көрсетілмеген жағдайда оларға араласуға рұқсат етілмеиді. Сондықтан оларға түзеу мекемелерінің тұрғын және өндірістік зоналардың шекарасын бұзуға рұқсат етілмейді, әкімшіліктің рұқсатынсыз жергілікті (локальды) бірінен-бірі бөлінген тұрғын және өндірістік объектілердің егер ондай болса шетіне шығуға болмайды, сонымен сотталғандарды күштеп оқшаулау қамтамасыз етіледі. Соңғысы салыстырмалы ғана сипатта болады. Сотталғандарға ұзақ немесе қысқа мерзімде жолығуға уақыт беріледі.
Түзеу мекемелерінде де әр түрлі дәрежедегі сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесі негізінде бір-бірінен айыру белгіленген. Бұл қауіптілеу және әлеуметтік-өнегелілігі асқынған сотталғандардың басқаларға теріс әсерін тигізбеуі мақсатында көзделген.
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелігіне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауіптілігіне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқына байланысты әр түрлі жағдай жасау арқылы қылмыстық-атқару құкығының маңызды принципі - жазаны өтеудегі даралауды іске асыру болады. Ол әр түрлі дәрежедегі сотталғандарға түрліше жазалау ықпалын қолдану арқылы іске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрімен, субъективті құкығын шектеу көлемінен, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгілеумен.
Ұстау режимінің негізгі талаптарының іске асырылуы түзеу мекемесіндегі қатаң қойылған ішкі тәртіп ережесінен табылады. Оны былайша түсінуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амамдардың жиынтығын пайдалану реті; ол адамдардың өз міндетін орындау мен құқықты іске асыру ретін белгілейтін мінез-кұлық ережесінің жиынтығы; сотталғандар жағынан жанадан қылмыс жасамауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөніндегі түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерінің барлық бөлімдерінің, қызметтерінің және лауазымды адамдарының іс-қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимі дегеніміз - сотталғандарды түзеу және тәрбиелеудің бүтін жүйесінің басқарылатын құрылым элементі, ол мынандай функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады: жазалауды, тәрбиелеуді, жабдықтауды, реттеуді, профилактикалауды.
Жазалау функциясы - сотталғандарға қылмыстық-атқару заңдарында қаралған түрліше кұқықтық шектеулер қою арқылы жазаны өтеу процесінде жүзеге асырылады. Алдымен, олардың субъективтік құқық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексіне сәйкес сотталғандардың құқы бар және кылмыстық, қылмыстық-атқару, өзге де заңдармен белгіленген, сонан кейін жазаны өтеудің нақтылы түрінің тәртібі мен жағдайына сүйене отырып міндеттер атқарады.
Режимнің жазалау әсері дегеніміз - сотталғандар үшін белгіленген шектеуден шығатын бас бостандығынан айыру. Шектеу сипаты сотталып отырған түзеу мекемесінің түріне, сонымен бірге, ол жазаны өтеу кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мінез-құлқына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Режимнің жазалау функциясы қоғамды және оның азаматтарын қорғау міндетін атқарады. Бірақ көрсетілген функцияның шектелу сипаты болуы тиіс. Режимнің жазалау әсерінің тиісті денгейде арта түсуі, оның тәрбиелеу функциясын іске асыруға қиындық келтіреді.
Режимнің тәрбиелеу функциясы бірнеше тәсілмен іске асырылады. Біріншіден, жазалауды іске асыру жолымен, себебі мәжбүр ету адамды тәртіпке үиретуге, жазаны өтеу ережесін сақтауға тәрбиелейді. Ұстау режимі сотталғандарды қоғамға пайдалы мінез-құлыққа, бойұсынуға мәжбүр етеді.
Екіншіден, тәрбиелеу функциясы - өзінің жаратылысында жазалау емес ереженің тәртібін орнату жолымен іске асырылады (мүлікке ұқыпты қарау, өзара әдепті болу, жеке басының тазалық ережесін сақтау т.с.с). Үшіншіден, тәрбиелеу функциясы - тиісті құқықтық әдістер жасау жолымен түзеу әрекеті шараларының ойдағыдай көмектесуін қолдану арқылы іске асырылады.
Режимнің тәрбиелеу функциясының адамгершілік мәні мынадан көрінеді:
а) жеке адамның бас бостандығынан айрылуына байланысты сотталғанға қайғыру, қасірет шегу арқылы зиян келтіріліп өнегелі жетілуіне түрткі бола алады;
ә) сотталғанды әрдайым, ұзақ және жазылған ережені қатаң сақтауға үйрететін болғандықтан оған пайдалы әдет, дағды, сапа, қалыптасуға көмектеседі;
б) басқа да негізгі түзеуге әсер ету амалдары жиынтығымен
сотталғандарда құқықтық сана тәрбиелеуге көмектеседі;
в) қылмыс жасауға апарған жеке басының кері әсерін жеңуге, жоғалтқан игіліктердің бағалылығын ұғынуға көмектеседі.
г) сотталғандарды болашақта қылмыс жасауға тайсалмай
қарсы тұруға тәрбиелеуге көмектеседі; бұл тағы да жазаланамын деген қорқынышқа емес, қайта қылмыспен тұрмыс етудің зиянды және мәнсіз екеніне негізделуі тиіс.
Режимнің профилактикалық функциясы - түзеу мекемелері аумағы мен объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда жүрген сотталғандардың және басқа да адамдардың қылмыс және басқа да құқық бұзушылықты болдырмауды ескертуге бағытталған.
Режимнің жекелеп ескерту функциясы мыналардан тұрады: біріншіден, жазаны өтеу процесінде сотталғанға ұйымдастыру - құқықтық әсер ету нәтижесінде қылмыс істеу өте қиындаған, тіпті мүмкін емес; екіншіден, режимнің ішіне кіретін жазалау сотталғанның санасы мен жігеріне аса күшті әсер етіп уайымдатады, қайғыртады, яғни сотталғанды жаңадан қылмыс істеуге жібермейтін психологиялық жағдайға келтіреді.
Сонымен, режимнің функциялары біртұтас жүзеге асырылады, олар бірін-бірі толықтырады, өзара байланыста болады. Бас бостандығынан айыру режимінің функциялары бір ғана мақсатқа жетуге, яғни: сотталғандарды тәртіптілікке тәрбиелеуге, тәртіп ережесін олардың өз еркімен орындауына, құқық бұзу мүмкіндігін болдырмауға, ал ақырында оларды түзеуге бағытталған. Режим функциясының әрқайсысы функцияның барлық жинағын бір уақытта ойдағыдай жүзеге асыруға жағдай жасайды.