Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 23 из 33)

Адам құқық және сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілер қылмыстық жазаны қолдануда тәжірибе дәлелдегендей сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру принциптерін бекітті.

Негізгі принциптерінің бірі - ол сотталғандар еңбегі, оларға азап шектірмеу талабы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы заңдарында да белгіленген. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы бөлімі нормаларында бұл жағдай жанама түрде ескерілген.

Азаматтық пен саяси құқық туралы Халықаралық пакт (8-бап, 3-тармақ), сотталғандармен айналысуды: Ең аз үлгісі Ережесі (71-бап, 2-тармақ) соттың қарарымен ұстауда отырғандардың мәжбүрлі немесе міндетті түрде еңбек етуін мақұлдамайды. Сонымен, халықаралық құкық актілер - сотталғандардың еңбек етуінің міндеттілігін таниды, бірақ сотталғандардың міндетті еңбек етуінің занда көрсетілуін онын мәжбүрлік еңбек екенін білдірмейді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағын былай деп жазған дұрыс болатын сияқты: "Соттың үкімімен жазаны өтеуге сотталғандар, дәрігер куәландырған күш-қуаты мен техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес еңбек етуге міндетті. Сотталғандардың еңбегі еріксіз еңбек дәрежесіне жатқызылмайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында дәл емес, былай делінген: "... Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі". Халықаралық құқық еріксіз еңбекке тыйым салады, ал жоғарыда айтылған еңбектің бәрі де еріксіз еңбекке жатқызылмайды. Қарастырылған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормасы сәтсіз баяндалған. Ол Республикада еріксіз еңбек рұқсат етілетіндей тәрізді болып көрінеді, ал олар дүниежүзілік тәжірибеде оған жатпайды.

Еңбектің міндеттілігі сотталғандардың бір қатарына таратылмайды. Бұлар негізінен еңбекке жарамсыз немесе еңбекке шектеулі жарамды адамдар: зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектер, екікабат әйелдер және емшектегі балалары бар әйелдер. Олар егер де дәрігерлер тарапынан қарсылық болмаса өз еркімен еңбекке тартылуы мүмкін.

Негізге алынатын принциптің бірі бойынша сотталғандардың еңбегі олардың алған мамандығымен байланыстырылуы тиіс. Сонымен бірге халықаралық құжаттардың ұсынуы бойынша мүмкіндігіне қарай сотталғандарға жұмыс бергенде, босатылғаннан кейін адал еңбекпен айналысатындай мамандығын көтеретін немесе жаңа мамандық алатын жұмыспен қамтамасыз ету керек. Сотталғандардың талабын және олардың мамандық дайындығын сол өндірістен пайда табуға ғана бағындырмау тиіс.

Түзеу мекемесінің әкімшілігі, еңбекті түзеу амалы ретінде қолдана отырып, сотталғанның еңбегін пайдаланғанда әрбір нақтылы жағдайда оның мінездемесіне қарай жекелеп шешуі тиіс. Енбектің міндеттілігі принципі сотталғанның жұмысты өз қалауымен орындай алатын мүмкіндігімен егер де тәртіп пен түзеу мекемесінің басқару талабына қарсы келмесе, яғни белгіленген нормативтік актілер ережесімен тыйым салынған болмаса сай келуі керек.

Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережесінің §50 11-тармағына сәйкес сотталғандардың еңбегін пайдалануға тыйым салынады: а) әскери бөлімдердің штабында, жеке құрам орналастырылған үйлерде, яғни қарулар мен құжаттар тұрған жерлерінде; ә) дәрі-дәрмектерді есепке алатын, сақтайтын, сондай-ақ беретін жерлердегі жұмыстарда және де жарылғыш, уландырғыш заттар бар жерлерде; б) ерікті жалдамалы қызметкерлер бағынатын лауазымды жұмыстарда. Егер де олар мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны, қызмет орнын пайдаланып қиянат жасағаны, парақорлығы үшін және олар талау, тонау, ұрлық, жалған құжаттар істегені; алаяқтық жасаған қылмыстары, бөтеннің затына қол сұғушылыққа байланысты болып, сондай-ақ сот үкімімен мұндай құқықтан айрылған болып жазаны өтеп жүрсе сотталғандар жауапты материалдық пен есеп-бухгалтерлік лауазымды жұмысқа жіберілмейді.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басты қағидаты - ол сотталғандармен жұмыс істеу әдісі, бостандық жағдайындағы еңбек етуге жақын болып, соған үйренуі тиіс. Республика экономикасының нарық қатынасына көшуіне байланысты сотталғандардың еңбек әрекетің ұйымдастыруда түгелдей өзгерістер енгізу керек.

Республика үкіметі деңгейінде түзеу мекемесі кәсіпорнының мемлекеттік қаржыға еңбекті пайдаланғанынан түскен табыстарын аударғанда жеңілдіктер беру туралы бұл кәсіпорындарда мемлекеттік тапсырысты бірінші кезекте орналастыру, түзеу мекемесі кәсіпорындарының өнімдерімен төмен қамтамасыз етілген халықтың мұқтажын қанағаттандыру, бұл мекемелердің шаруашылықтағы дербестігі туралы мәселе шешілуі керек. Сірә, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарын кұру қажет сияқты. Инвесторларды тарту үшін түзеу мекемесін салықтан босату немесе түзеу мекемелері кәсіпорындарына елеулі женілдіктер беру мәселесін мемлекет шешуі керек.

Кәсіпорнында жұмыс жасап жүрген және жасауға тілек білдірген сотталғандар үшін ұстау орнында олар күш-куат көбірек жоятын болғандықтан тәуір жағдай жасалуы керек. Сонымен қатар олардың демалыс алуда, мадақтауда, тағы басқа да заңмен белгіленген жеңілдіктер берілуде артықшылығы болуы керек. Занның мадақтау нормаларын бекітуі адамның таза еңбек етуі мен адал табыс табуы талабына мемлекеттің дұрыс көңіл аударуы, түзеу мекемесі әкімшілігі мен сотталғандардың арасындағы еңбек етудің міндеттілігі жөніндегі қайшылық мәселесін болдырмауы керек.

2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау берілген. Онда сотталғандарды түрліше еңбекке тарту жөнінде бірқатар баптар берілген. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үлгілерін зерттеу мақсатында бұл заң бөлімінің мазмұнынын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетінің келесі түрлерін белгілейді:

- түзеу мекемелерінің кәсіпорындары жүйесінде;

- қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындарында;

- әр түрлі меншік нысанындағы мекеме аумағында не сыртындағы кәсіпорын объектілерінде;

- мекемедегі жай шаруашылық қызметтерінде;

- дербес еңбек қызметімен айналысуды.

Жеке өндіріс әрекеті

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жеке өндіріс әрекетіне өндіріс олардың жеке бастауы әрекетімен тәуекел етіп және занмен белгіленген жауапкершілікке алғаны жатады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жеке өндірістік әрекеті іске асырғанда мыналарға міндетті:

- олар қол қойылған шарттағы міндеттерін орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шартты, несиені, есеп және басқа міндеттерді, өзге объектілердің жекеменшік құқық бұзғаны, қоршаған ортаны ластағаны, еңбектегі
қауіпсіздік жағдайын сақтамағаны, денсаулыққа зиян келтіріп тұтынушыларға өнімді кезінде өткізбегені үшін жауап беруі тиіс;

- жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтарды әлеуметтік, медициналық және басқа да міндетті түрлерімен қауіпсіздендіруді іске асыру, олардың еңбек ету әрекетіне заңға және ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес жағдай жасап, қамтамасыз ету;

- жұмыс істеп жүргендерге еңбекте қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және олардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығына зиян келтірілгенде заңмен белгіленген тәртіппен жауап беру;

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізіп отыру. Олар мемлекеттік органдарға жалпы мемлекеттік жүйеде тиісті экономикалық ақпарларды жинау мен өңдеуді жүргізу үшін ақпар береді;

- жерді және басқадай жаратылыстың қорын тиімсіз пайдаланғаннан, қоршаған ортаны ластағанынан, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзғаннан, қызметкерлердің халықтың өнімді тұтынушылардың денсаулығын қорғауда тазалық-санитарлық норма мен талаптарын орындамаудан келтірілген зияннынң орнын толтыру;

- жаратылысты қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға Республика заңдарымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әрекетің өз шеңберінде тексеру міндеттеліп, оларға ақпар беріп отыру.