Тәрбиелеу колониясында жалпы білім беру мынандай болады:
а) үйретуді ең жоғары дәрежеде тәрбиелеу әрекеттері мен байланыстыру;
ә) мектептегі педагогикалык процесті тәрбиелеу колониясындағы барлық тәрбиелік жұмысымен тығыз байланыстыру;
б) педагогика ұжымы мен мекеме әкімшілігінің барлық басты назары жалпы білімді үйретуге аударылуы тиіс.
Техникалык-кәсіптікке үйрету - ол сотталғандарды міндетті түрде мамандыққа үйрету болып есептеледі. Үйрету ұзақтығы жұмыс күні бойында жүргізіледі. Мамандықтың күрделілігіне, оқытудың ұзақтығына және оқушылардың санына байланысты жасөспірімдерді үйрету 25-30 адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады, олар бір маманға немесе жеке үйрету ретінде маманданған жұмысшыға үш адамға дейін бекітіледі. Оқу біткеннен кейін оларға куәлік беріліп және мамандық дәрежесінің атағы беріледі. Сонымен, тәрбиелеу колониясында сотталғандарды тәрбиелеу процесінде кәмелетке толмағандардың жасын, физиологиялық ерекшеліктерін және олардың адамгершілік дәрежесі тәмендеуін еске алатындығымен қорытынды жасауға болады.
10-дәріс. Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.
1.Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.
2.Түзеу жұмыстарына сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы.
3.Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға қолданылатын мадақтау шаралары.
1.Бас бостандығынан айырмайтын жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар жөнінде айтқанда, олардың мінез-құлқын қадағалау мен өндірістік мамандық алуын қамтамасыз ету керектігі есепке алынады.
Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазаның негізгі түрі болып есептеледі және сот оны екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін.
Түзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкімімен белгіленген мөлшерде ұстап қалынады, бірақ жиырма пайыздан аспауы тиіс.
Түзеу жұмыстары қылмыстық Кодекс баптарында жиірек көрсетілген, бірақ олар қоғамның оқшауланбайтын негізінен жеңіл қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы мүмкін. Түзеу жұмыстары - бұл жазалау шарасы сотталғандарды міндетті түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға қолданылмайды.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтауға, бұл жазаны атқаратын органның шақыруы бойынша баруға міндетті. Бұл талапты себепсіз орындамағаны үшін сотталған жауапқа тартылуы мүмкін.
Түзеу жұмыстарын өтеудегі маңызды нәрсенің бірі - ол сотталғанның еңбек ақысынан сот үкімі белгілеген соманың Казақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабына сәйкес ұстап қалынуы.
Түзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандайда болмасын меншіктегі ұйымда өтейді.
Түзеу жұмысына сотталған адамдар сотталғанға дейінгі жүмыс істеген өндірісте, мекемеде, ұйымда, сол лауазымында, қызметінде жұмыс жасап қала береді.
Қазіргі уақытта түзеу жұмыстарын орындау Қазақстан Республикасы ҚАК-мен реттеледі.
Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімін жүзеге асыратын орган - ол аудандық ішкі істеріне қарайтын қылмыстық-атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың әр қайсысының бас басына есеп жүргізеді; керекті жағдайда оларға бұрынғы істеген жеріне жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді; сотталғандардың еңбек ақысынан дұрыс ұсталынуын, өндірістер, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің Қазақстан Республикасының зандары белгілеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды; сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде; оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына қатысады; тұрған жері белгісіз сотталғандарды іздеуді заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.
Сот үкімі шыққаннан кейін еңбекке жарамсыздығы белгілі болған сотталғандар жөнінде бұл жаза түрін атқаратын орган сотқа түзеу жұмысын басқа жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтініш білдіреді.
Түзеу жұмыстары туралы үкім қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейін он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкімінің көшірмесін алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейін әрбір түзеу жұмыстарына сотталған есепке алынады, оған жеке іс ашылады, одан кейін инспекция сотқа оның шешімі орындалғаны туралы хабарлама қағаз жібереді.
Егер де бас бостандығынан айыру жөніндегі түзеу жұмыстарына өзгертілген болса, онда хабарлама-қағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесіне жіберіледі. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебі - олардың жұмысқа қатысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, заңда көрсетілген негіздерде сотталғанның есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшін керек.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар үшін тәжірибеде жеке есептеудің төрт түрі белгіленген: оперативті, алдын алатын, бақылау, іздеу салынған сотталғандардын есебі.
Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жұмыс орнына, инспекция сотталғанның құжатын алғаннан кейін кәсіпорнының, мекеменің, ұйымның, әкімшілігіне үкімнің көшірмесін және белгіленген түрде хабарлама қағаз жібереді. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетіп және еш жерде жұмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзім ішінде жұмысқа кіруге талап қояды, керек болса жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 30-бабы түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазаны өтеп жүрген кәсіпорны, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің міндеттерін көрсеткен.
Бұл міндеттері мынандай:
- сотталғандардың өндірістегі мінез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде инспекцияға жәрдемдесу;
- сотталғанның табысынан ұстап қалатын ақыны дұрыс және уақытында жүргізу мен ұсталған сомаларды белгіленген тәртіппен аударып отыру;
- түзеу жұмыстарына көзделген жазаны өтеудің ережелерін сақтау;
- қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанға қолданылған мадақтау және жазалау шаралары, оның жазаны өтеуде жалтарғаны туралы хабарлап отыру, сондай-ақ баскқ қызметке ауыстырылуы мен босатылуы жөнінде алдын ала хабарлау жүктелген.
Инспекция сотталғандар жұмыс істейтін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі мен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. Тәжірибеде олардың өзара қарым-қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ солардың ішіндегі тиімдісі - ол инспекция қызметкерлерінің түзеу жұмыстарына сотталғандар еңбек ететін ұйымдарға, мекемелерге, өндіріс орындарына тікелей баруы. Инспекцияның мұндай баруы сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртіп шараларын уақытында анықтайды, сотталғандармен әкімшіліктің құкықтары мен міндеттерін түсіндіреді және сотталғандардың мінез-құлқын, оның еңбекті қалай істейтінін т.б. анықтайды.