Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 26 из 33)

Түзеу жұмыстарын өтеу жағдайлары. Түзеу жұмыстарын өткеріп жүрген сотталғандар үшін Заңмен бұл қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібінің шаралары, онымен байланысты құқық шектеулері белгіленген, ал оның мақсаты - сотталғандарға тәрбиелік әсер ету болады.

Түзеу жұмыстары жазасын өткеру кезінде инспекцияның рұқсатынсыз сотталғандарды өз тілегі бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.

Жұмыстан шығуға рұқсат етпегенде, онда жоғары тұрған лауазымды адамға шағым етуге болады.

Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы еңбекақысы есебінен сот үкімімен тағайындалған ұстап қалуды шегеріп тастағаннан кейін төленеді.

Қылмыстық-атқару заңымен (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 40-бабы) түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі толық реттелген.

Әрбір жұмыс айы үшін жалақы төлегенде орындау парақ құжаттары бойынша ұстап қалу, сотталғанға талаптардың болуына қарамастан жалақының барлық түрінен жүргізіледі.

Ұстап қалулар, әрбір толық жұмыс істеген айға жалақыны айдың екінші жартысында төлегенде, ал жұмыстан шығарылғанда - айдың жұмыс істеген күндерінен жүргізіледі.

Қосымша жұмыс істейтін адамдардан ұстау ай сайынғы жұмысының жалақысынан жүргізіледі. Сотталғандарға еңбек ақы төленген күні ұсталған сомасы белгіленген тәртіппен мемлекет пайдасына аударылады.

Зейнетақыдан, әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік қауіпсіздендіру орындарынан берілетін жәрдемақыдан, жалақы жүйесінде қаралмаған бір жолғы төлемдерден, қызметпен жүргендегі жалақысының және т.б. шығындар үшін төленетін сомадан, ұсталымдар алынбайды. Егер соттың үкімі бұзылып, іс тоқтатылған кезде сотталғанның еңбек ақысынан ұсталған сомасы, оған түгелдей қайтарылады.

Қазір тәжірибеде пайда болған мәселе, ол әр түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайтын адамдардың жалақысын қалай анықтауға болатындығы, себебі оларда еңбек ақыны төлеу дұрыс жөнге келтірілмеген, ол тек кейбір жұмыстарды орындап, сауда келісімін аяқтап және т.с.с. кіріс түскеннен кейін төленеді.

Жалпы ереже бойынша бұл жағдайда жазаны өтеу уақытында алынған немесе жазаны өтеудің бөлігі кезеңіне келетін барлық табысы есептелуі тиіс.

Басқа да негіздермен артық ұсталған сомасы қайтарылады: мерзімінен бұрын босатылғанда, кешірім жасалғанда және т.с.с.

2.Түзеу жұмыстары жазалау шарасы болып есептеледі. Сотталғандарды түзеу мақсатында Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 7-бабында көрсетілген амалдарды яғни: жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін (режим), тәрбие жұмысын, қоғамдық-пайдалы еңбекті, орта білім алуды, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал етуді қолданады.

Бұл амалдарды қолданудың ерекшелігі - ол түзеу жұмыстарына сотталғандар қоғамнан оқшауланбаған, оны жақсы білетін бұрынғы сотталғанға дейінгі жұмыс орнында жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымында жұмыс істейді. Сотталғандармен тәрбие жұмысын әкімшілік, еңбек ұжымы, жұмыс орнындағы қоғамдық ұйымдар және қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлері жүргізеді.

Тәрбие жұмысының түрлері әр алуан болуы мүмкін, олар: жекелеп, топтап әңгіме жүргізу, жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауға, әсіресе сотталған кәмелетке толмаған болса көңіл бөлу. Тәрбие жұмысын жүргізгенде, көбінесе жекелей әңгімелесуге назар аудару керек, онда тек қана жұмыс істеуі жағынан бірге, оның қоғамдық жерлердегі, от басындағы, үйіндегі мінез-құлқына көңіл аударған жөн.

Өзінің түзелгенін ынталы мінез-құлқымен және еңбекке, оқуға, адалдығымен дәлелдеген сотталғандар, заң белгілеген тәртіппен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ұсынылуы мүмкін. Егер де сотталған түзеліп және заңмен көрсетілген жаңа мерзімінің бөлігін өтеген болса, онда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға мәліметтерді инспекциямен бақылау комиссиясы бірігіп жібереді.

Түзеу жұмыстарына сотталған жаза өтеу жұмысынан қасақана жалтарса, жазаның бұл түрін атқарушы орган сотқа өтелмеген мерзімнің орнына жазаның басқа түрін белгілеуге ұсыныс енгізеді.

Жалтарудың қасақана екені, егер де көрсетілген қимылы жалғастырыла берсе немесе хаттап ескертуден кейін де жалғаса берсе немесе сотталған жазаны өтемеу мақсатымен бой тасалап жүрсе ғана танылады.

11-дәріс. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібі.

1. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жағдайлары мен тәртібі.

2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару.

3. Айыппұл түріндегі жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі.

1.Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың түріне түзеу жұмыстарынан басқа, кіретіндер: белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаны атқару; айыпақы; қоғамдық жұмыстарға тарту; бас бостандығын шектеу. Қосымша жазаларға жататындар: арнаулы, әскери немесе кұрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, сыныптық мамандықтан, мемлекет наградаларынан айыру; мүлікті тәркілеу. Жоғарыда айтылған қылмыстық жазалардың кейбіреулері айыпақы және белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру сияқтылары негізгі, сондай-ақ қосымша да жазалар түрінде қолданылуы мүмкін.

Жазалаудың бұл түрлерінің ерекшелігі - ол, бұл қылмыстардың жазалау шараларының, мысалы, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен салыстырғанда қуғын-сүргіні кем емес.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабына сәйкес бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жазаның негізгі түрі ретінде және алты айдан үш жылға дейін жазаның қосымша түрі ретінде тағайындайды.

Бұл жазаны негізгісі ретінде өтеуді, сонымен бірге негізгіге қосымшасы ретіндегі айыпақы, түзеу жұмыстары және де шартты түрде сотталғанның жаза атқаруын ұйымдастыруды сотталғанның тұрған жеріндегі қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Бас бостандығынан шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі негізгі жазаға қосымша ретінде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негізгі жазаны атқарушы орган, ал негізгі жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 24-бабы).

Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттік қызметке кірген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша қызмет өткеру кезінде сол жазаны атқаруға арналған сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігінің ұйымдардың сот үкімін және басқа да органдардың қаулы қарарларын орындау жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 24, 25, 26-баптарында белгіленген.

Негізгі жаза ретінде немесе айыпақыға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезінде қосымша жаза түрі ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мерзімі, егер бұл жағдайда қосымша жазаның өтелуі - кейінге қалдырылмаса, сот үкімі занды күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Бас бостандығын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза қолдану кезінде ол жазаның аталған негізгі түрлерін өтеудің бүкіл уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі оларды өтеу кезінен бастап есептеледі.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар сот үкімінің талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергені және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге міндетті. Сотталған келмей қалған жағдайда оған еріксіз келтіру қолданылуы мүмкін. Соттың белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру туралы үкімнің орындалмауына кінәлі өкімет өкілдері, мемлекет қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкерлері, мемлекет мекемелерінің, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ сот үкімінің талаптарын бұзушы сотталғандар Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен жауап береді.