Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 28 из 33)

Негізгі жаза түрінде белгіленген айыппұлды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда ол қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмысына немесе қамауға ауыстырылады. Түрлеріне байланысты ол мынандай есеппен - бір ай түзеу жұмысы, немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе айыппұл сомасының айлық-есептеу мөлшері көрсеткішінің 3 есесіне сәйкес 10 күнге қамау жүргізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 40-бабының 4-тармағында, 42, 43, 46-баптарда көрсетілген ережелер сақталуы тиіс.

Сотталғанның айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамастан, оны төлемесе, онда айыппұлды төлеуден қасақана жалтару деп қарау керек.

Мысалы, сотталғанның өз мүлігін тізімдегенде жасыруы т.б. Егер сот айыппұлды төлеуден қасақана жалтарғаны үшін түзеу жұмыстарына ауыстырған болса, онда айыппұл төленбейді, ал сотталғанға түзеу жұмыстарына тән барлық құқық шектеулер таратылады. Ал, сотталған түзеу жұмыстарын өтеуден қасақана жалтарса, онда сот түзеу жұмыстарын өтеген мерзімін бостандығынан айыру түріндегі жазамен қамаумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстыра алады (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабы).

Айыппұлды өндіріп алу үкімі орындалғанда, орындау парағы үкім орындалғаны туралы белгі істеліп өкім шығарған сотқа қайтарылады.

12-дәріс. Сотталған әскери қызметкерлерге қатысты жазаны орындау.

1.Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны өтеу.

2. Сотталған әскери қызметкерлерге қатысты қамауды атқару.

1.Әскери қызмет бойынша шектеу әскери қызметті шартпен жасап жүргендерге және әскери кызметке шақырылуы бойынша істеп жүрген офицерлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің айрықша бөлімінің баптарына сәйкес көрсетілген әскери қызметке қарсы қылмыс істегені үшін, сондай-ақ түзеу жұмыстарының орнына әскери қызметті шартты түрде істеп жүрген сотталған әскери қызметкерлер тағайындалады.

Соттың үкіміне сәйкес әскери бөлімнің командирі соттан үкімнің көшірмесі мен оны өтеу туралы өкім келіп түскен соң үш күннен кешіктірмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметкер қандай негізде және қандай мерзім ішінде лауазымды өсіруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына қандай мерзім есептелмейтіні түсіндіріледі. Сонымен бірге сот үкіміне сәйкес сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен әскери қызмет бойынша шектеуді өтеу кезеңінде тиісті бюджетке қандай мөлшері ұсталып қалатыны көрсетіледі. Бұйрық әскери бөлімде жарияланады, сотталған әскери қызметкерге мәлім етіледі және атқаруға қабылданады.

Үкімнің келіп түскені, тиісті бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның орындалуға қабылданғаны туралы әскери бөлімнің командирі үкімді шығарған сотқа үш күн мерзім ішінде хабарлайды. Бұйрықтың көшірмесі сотқа жіберіледі.

Әскери кызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен мемлекеттің кірісіне соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бірақ жиырма бес пайыздан аспайтын ұстау жүргізіледі. Әскери қызметкердің бұл жазаны өтеу кезінде лауазымын, әскери атағын жоғарылатуға болмайды, ал жаза мерзімі келесі әскери атақ беру кезеңіне есептелмейді.

Сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен соттың үкімімен белгіленген ұстап қалу - лауазымдық айлық ақысынан, әскери атағы бойынша қосымша төлемнен ай сайынғы және өзге ұстам ақылары мен басқа да қосымша ақшалай төлемдерінен есептеледі.

Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлары ескеріле отырып, сотталған әскери қызметкерді бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкін болмаса, ол тиісті әскери бөлім командирінің шешімі бойынша әскери бөлімнің шегінде де, басқа бөлімге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылуы туралы үкімді шығарған сотқа хабарланады.

Әскери бөлімнің командирі сотталған әскери қызметкермен оның қылмысының сипатымен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, сондай-ақ мінез-құлқы мен әскери қызметке көзкарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргізеді.

Соттың үкімімен және әскери бөлім бойынша жарияланған бұйрықпен белгіленген мерзім аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей әскери бөлімнің командирі әскери бөлім бойынша шектеу түріндегі жазаның өтелуін тоқтату туралы, оның тоқтатылатын күні көрсетілген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі үкімді шығарған сотқа жіберіледі.

Соттың үкімімен белгіленген мерзім аяқталғанға дейін сотталған әскери қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген негіздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда әскери бөлім командирі сотқа жазаның өтелмей қалған бөлігін жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрімен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жасайды.

2.Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны абақтыда өтейді. Офицерлер, прапоршиктер, сержанттық старшиналық және қатардағы әскери құрамдардың қызметкерлері бөлек-бөлек және басқа да негіздерде отырғандардан да бөлек ұсталады. Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны өтеу үшін үкімді өтеу туралы соттың өкімі алынғаннан кейін әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен үш күн мерзімде абақтыға жіберілуі тиіс.

Абақтыда ұсталатын сотталған әскери қызметкерлерге қатысты қамау түріндегі жазаны етеуде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 64-бабында, сондай-ақ әскери жарғыларда белгіленген тәртібі мен жағдайлары қолданылады.

Сотталғандарға үлгілі мінез-құлқы үшін алғыс айту немесе бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу түріндегі мадақтау шаралары қолданылады. Жазаны етеу тәртібін бұзғаны үшін сотталғанға сегіс жариялау немесе он тәулік мерзімге дейінгі жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін. Мадақтау мен жазалау шараларын қолдануға гарнизонның бастығы мен әскери коменданты құқылы. Қамау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызмет істеудің саяси мерзіміне және кезекті әскери атақ беру кезеңі жылдарына есептелмейді. Жазаны өтеу уақытында сотталғанға кезекті әскери атақ беруге, жоғарғы лауазымды қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға, яғни әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, тек денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайда ғана болмаса.

Қамауға сотталған әскери қызметкерлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлесі төленбейді. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау - шақыру бойынша әскердегі әскери қызметкерлерге, әскери қызметте шарт бойынша істеп жүрген қатардағылар мен сержанттар құрамындағы лауазымда істеп жүргендерге, егер де олар соттың үкім шығару кезіне занмен белгіленген шақыру мерзімін бітірмеген болса, тағайындалады. Бүл жаза - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің айрықша бөлім баптарына сәйкес жағдайлардағы әскерде істеген қылмыстары үшін, сондай-ақ сот істің жағдайы мен жауапкер жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын бостандығынан айырудың орнына, сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауды орынды деп тапса онда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Әскери тәртіптік бөліміне бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтегендер қабылданбайды. Тәртіптік әскери бөлімде ұстаған кезде бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімінде ұстау мерзімі бір күн бас бостандығынан айыру тәртіптік әскери бөлімде бір күн ұстау есебінен белгіленеді. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны ерекше тәртіптік батальондар немесе ерекше тәртіптік роталар атқарады. Тәртіптік әскери бөлімдердің ұйымдық құрылымы мен олардын санын Қазакстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейді.

Тәртіптік әскери бөлімдерге жалпы басшылықты кұрылымның тиісті бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі іске асырады.

Сотталғандарды тәртіптік әскери бөлімдерге жіберу мен қабылдау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен іске асырылады.