Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 3 из 33)

2-дәріс. Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару заңдары. Олардың түсінігі және құрылысы.

1.ҚР қылмыстық атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері.

2.Еңбекпен түзету заңдарының реформасы.

3. ҚР қылмыстық атқару құқығы нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы.

4.ҚР қылмыстық атқару құқықтық қатынастары.

1.Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада - жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Сонымен, қылмыстық атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Жазаны атқару кезіндегі әлеуметтік-құқықтық проблемалар тұлғаның қоғамдағы жағдайына байланысты шешілетін болғандықтан, қоғам, мемлекет жағынан оларға ықпал етудің айрықша түрі пайда болады, арнайы мекемелер құрылады, сондықтан соттың шешімін үйлесімді орындай алатын және жазалау-тәрбиелеу процесін жүзеге асыратын, қылмыстық-атқару құқығы нормалары заңдабекітілген болуы керек. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны - олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару - қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары - бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық- атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.

Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодекске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түрріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-аткару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуі талап етіледі. Сондықтан өне бойы ереже белгілеу, сотталғандарға және тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысы бар заң тәртібін қадағалаудың қажеттілігі пайда болып отырады. Бұл құқықтық актілерді ереже, нұсқау түрінде т.с.с. болжаулар шығаруды (мысалы, еңбекпен түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіп Ережесі), мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде жазаны атқаруға жауапты ведомство ретінде Ішкі істер министрлігі іске ендіреді. Сонымен бірге ведомстволық құқықтық реттеу заң нормалары шеңберінде болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің (заңдар мен заңға негізделген актілер) жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару (өткеру) процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондықтан да қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық-атқару кодексі, еңбекпен түзеу ықпалы қолданылмайтын сотталғандардың қылмыстық жазаны атқару тәртібі мен шарттары туралы Ереже, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялар туралы Ереже, әкімшілік қадағалау туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. ІІМ сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардың біріккен бұйрықтары мен өкімдері, ІІМ бұйрықтары мен өкімдері, облыстық II бастықтары, мекеме басқармаларының т.с. сияқтылардың қабылдаған актілері қылмыстық-атқару құқығының негіздері ретінде қаралмайды.

Көрсетілген қылмыстық-атқару заңының, жалпы міндетінің өзіндік сатысы бар, оны былай дәлдеп айтуға болады: әр түрлі жазаның негізі мен атқару (өткеру) процесін реттеу және сотталғандарға түзету шараларымен ықпал ету міндеті; сотталғандардың жазаны заңда көрсетілген өткеру тәртібін қамтамасыз ету, олардың жаңадан қылмыс және басқа да құқық бұзушы-лықты болдырмауды ескерту мақсатында тәртібін бақылау міндеті; сотталғандардын занды талаптары мен құқын қорғау, босатылғанда оларға көмек көрсету міндеті.

Сонымен, қылмыстық-атқару заңының міндеттері жалпы және нақтылы міндеттерден белгілі бір жүйе құрайды. Олар жазаны атқарушы, түзеуші мекемелер мен басқа да органдардың міндеттеріне жанама түрде қатысы бар және сотталғандарға жазалау - тәрбие шараларының жиынтығын қолдану арқылы олардың жұмыс әрекетінде іске асырылады.

2.Заңның кез келген саласын реформалау процесі, соның ішінде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық даму мен есептеспей іске асуы мүмкін емес екені бізге мәлім. Қылмыспен күресті реттеудегі заң саласын реформалау кезіндегі қылмыс динамикасы мен құрылымы, еткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжірибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейі, саяси партиялардың көзқарасы, елдің халықаралық құқыұ актілерін бекіту жағдайы, теориялык зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейі еске алынуы тиіс. Елдің қылмыстық-аткару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгізу жолымен жүргізіліп келеді. Бұл - заңды процесс, себебі біздің ойымызша, ол заңдылықты жетілдіре беруге және жазаны атқарғанда заңдылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің қабылдануы қылмыстық жазаның барлық түрінің орындалуы тәртібін жан-жақты және толык реттейтін табиғи кезең болғаны сөзсіз.

Бүгінгі заң күші бар Қылмыстық-атқару заңы отыз жылдарға жуық уақыт ішінде шамасында қалыптасты. Осы уақыттың ішінде Енбекпен түзеу заңының негіздеріне және Еңбекпен түзеу кодексіне мезгіл-мезгіл қосымшаларымен өзгертулер енгізілді, жоғарыда көрсетілген зандар реттемейтін кейбір жазаның тиісті орындалуын жөнге салатын жекелеген заң актілері де қабылданды. Біз бұдан Қазақстанда қазіргі уақытта жазаның барлық түрлерінің орындалуы жоғарыда аталған зандармен реттелетіндігін көреміз.