Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 30 из 33)

Өлім жазасы қолданылмайтын сотталғандар тізімі кеңейтілді. Егер де бұрын өлім жазасы қылмыс істегенде 18 жаска толма-ған болса, сондай-ақ қылмыс жасағанда, үкім шығарғанда және оны орындау кезінде аяғы ауыр әйелдерге колданылмайтын болса, енді Жаңа заңдар бойынша бүған кәмелетке тоЛіМаған-дармен қатар, әйелдердің бәріне және 65 жастан асқан ерлерге қолданы лмайды.

Халықаралық Конвенция кейбір дәрежедегі сотталғандарға өлім жазасын колданбау туралы нормалар ұсынды. Мұнын 18 жасқа толмағандарға қатысы бар. Ал, оңтүстік Кореяда, Бир-мада, Зимбабведе, Барбадоста, Суданда тағы кейбір елдерде бүл - 16 жас, Индияда, Иракта жас шектелмеген. АКШ-тың 37 елім жазасы сақталған штаттарында 11-інде ен төменгісі - 18 жас. 15 штатында 12-ден 17 жас, ал 11 штатпен федералдық аймакта - ол тіпті белгіленбеген. 1989 жылдың маусымында Кентуки мен Миссури штаттарында кісі өлтіргені үшін 15 пен 17 жастағы жасөспірімдерге өлім жазасына үкім шығарылған. 1986 жылдан бері АКШ-та өлім жазасына барлығы 35 кәме-летке толмағандарға үкім шығарылған.Ал Кубада, Болгарияда және Можарстанда бұл - 20 жас.Гватемала мен Буданда 70 жаска, ал Монғолияда 60 жаска толғандарға өлім жазасы колданылмайды.Барлык елдерде (Ираннан баска) аяғы ауыр әйелдерді азап-тауға болмайды, ал кейбір елдерде босанғаннан кейін жазатарттырады; Румынияда уш жасқа дейінгі баласы бар ананы, ал Монғолия мен Гватемалада барлык әйелдерді өлімге жаза-лауға болмайды.

Кәмелетке толмаған жасында кылмыс істегендерге өлім жазасын қолданбау негізді сиякты. Бұл уақытта жастар өздерінің істеген қылығына түгелдей есеп бере алмайды, өмірдегі тәжірибесі жеткіліксіз. Көптеген жас адамдар өте кызба келеді, олардын психикасы тұраксыз, мінез-кұлкын үстай алатын әлеуметгік механизмдері әлі орнығып болмаған.

Жасы келген адамдарға елім жазасын колданбауы адамгершілік жағынан түсіндіруге болады. Әр түрлі себептер-ге соның ішінде физиологиялыкжағьшан алғанда, олар өлтіруге ете сирек барады. (Ал өлім жазасы тек осындай ғана кылмысқа беріледі).

Мұндайсотгалғандардакайталанба кылмыс көпкездеспейді. Сондыктан, бұл жастағы сотталғавдарға өлім жазасын калды-рудын, негізі жок.

Ал әйелдер ерлерге қарағанда ауыр кылмысты едәуір сирек жасайды. Оларға өлім жазасын колдануға тыйым салынғанша, ондай жаза оқта-текте колданылған. Әрине, мұнда зан. шыға-рушылар жағынан әйелдерге деген адамгершілік көрінеді.

Бірінші рет Қазақстан Республикасы Конституциясынын 15-бабында әркімнің өмір суруге күқы бар екендігі бекітілген және оған коса елім жазасы ерекше ауыр кылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім сұрау туралы арыздау күкығы беріледі делінген. Қазакстан Республикасы КК 96-бабында көрсетілген адам өлтіру кісі өлімі жөнінде ғана емес, сонымен катар оның басқа да объектісі адам өмірі болып есептелетін кылмыстар женінде болмак.

Занда өлім жазасын сактау керек пе, жоқ па бұл жөнінде дүние жүзінде көп айтыс жүріп жатыр. Заңда сактамау керек дейтіндердің айтуынша өмір - құдай немесе жаратылыс сый-лаған ен кымбатты байлық, сбндыктан оны адам баласы зан-мен жоюға тиісті еместігі. Одан баска түзеуге болмайтын жиі көзделетін сот кателіктеріне көп сілтейді.

Әлім жазасын сақтауды жақтайтындар көптеген елдерде тек баска біреудін емірін жойған, аса ауыр кылмыстарға колданы-латынына, сонымен олар ондайқылмыс жасап өз өмірін адам-зат коғамынан шығарып тастайтындығына, адамзат арасында тұру қүқығынан айырылатынына сілтейді. Сонымен бірге өлім жазасын алып тастауға бұқара көпшілігінің өте-мөте карсы екенін де білдіреді.

Кейбір жағдайларда өлім жазасынын заңда болғандығы қылмыс тоқтату рөлін атқарады, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзак мерзімге сотталғандардын кылмыс жасағанында; тапсырмалы елтірілулерде; милиция кызметкер-лері мен әскери кызметкерлерге кару ұрлау максатында шабуыл жасағанда, тағы басқа жағдайларды еске алмауға да болмайды.

Дүние жүзіндегі көптеген елдерде әлім жазасы колданыла-ды. Оны 35 елдерде алып тастаған. Оларға кіретіндердің ішінде: Австрия, Австралия, Германия, Дания, Исландия, Колумбия, Нидерландия, Норвегия, Португалия, Финляндия, Швеция, Франция бар. Тағы 18 ел соғыс уакытында немесе төтенше жағдайларда ғана сактаған. Бұлар - Аргентина, Бразилия, Үлыбритания, Израиль, Испания, Италия, Канада, Мексика, Швейцария.

26 елдер мен аумактар карап отырған жаза шараларын сак-таған, бірақ 10 жылдан астам мерзім ішінде іске асырмаған. Акырында, 100-ден астам елдерде өлім жазасын колданады.

Дүние жүзіндегі барлык елдерде өлім жазасын қолдану қысқарып отырған жок. 1965 жылдан бері 50-ден астам елдер-де өлім жазасы қолданылатын қылмыстар саны кенейтілген. 21 елде еддің кауіпсіздігіне байланысты кылмыстары үшін өлім жазасы енгізілген (тыңшылдык, сатқындық, "төнкеріске кар-сы" немесе төңкерісшілдік әрекеттері үшін).

13 елде өлім жазасы терроризм үшін, соның ішінде ұшак айдап кеткендерге, егер де ол кісі өліміне әкеліп соктырса, аманатқа алғандарды өлтіргені үшін енгізілген.

21 елде өлім жазасын зансыз есірткі айналымын жүргізуге байланысты кылмыстар үшін колданады.

13 елде айтылған жазаны экономикалык кылмыстар үшін енгізген (сыбайлас-жемкорлык, мемлекеттік мүлікті талан-та-ражға салғаны, кеден кызметкерлерінешабуыл жасағаны, қару-мен тонағаны үшін).

Шығыстын кейбір елдерінде өлім жазасы некебұзарлар, зорлағандар, гомосексуалистер, мұсылман еместер мен мұсыл-ман әйелдері арасындағы жыныстык катынасы, спирт ішімдіктерін ішкені (алдымен үш рет сотталғаннан кейін) үшін белгіленген.

Кейбір елдерде бүл жаза адамды ұрлап және онын каза бол-ғаны үшін белгіленген.

1979 жылы Қытайдың қылмыстык Кодексі өлім жазасын 15 ретқылмысжасағандарғаенгізді. 1982-1983 жылдары оған тағы 14 косылды.

Өлім жазасын қолданатын мемлекеттер саны онын занда белгілегендерінен аз.

БҮҐ-ына өлім жазасын колдану туралы мәліметтерді 60-70 мемлекеттер береді. 1969-1973 жылдары мәлімет бергендердің 40%, 1974-1978 жж. - 60%, ал 1979-1983 жж. -71% оны колданған. Сонымен, бұл жазаны қолданушылар, негізінен адамның жеке басына карсы істелген кылмыстар есебінен өсіп келеді.

"Халыкаралык рақымшылық" ұйымының мәліметінше 1980-1987 жж. әр жыл сайын өлім жазасьша 1160-3209 адамға үкім шығарылғанымен, шынында 743-тен 3278 адамға дейін жазаланған.

2.Өлім жазасы - заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы. Сонымен катар мұндай істер женіндегі соттын катесі үкім орындалып болғаннан кейін түзетілуі мүмкін емес. Сон-дықтан, адамнын, дұрыс сотталғандығының ете ұқыпты тексе-ру процедурасы көзделген және елім жазасын баска жазамен сот тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлде кешірім жасау аркылы ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.

Өлім жазасына сотталған шығарылған үкімге шағым арыз беруге кұкы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың дүрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас Прокуратурасы тексереді. Олар өлім жазасынын дұрыс колданылғаны туралы ездерінің корытын-дысын береді немесе үкімгекарсылық білдіреді. Сотталғанның және сонымен қатар бакылау тәртібімен арыз берілуі, үкімді орындауды тиісті жоғарғы сатьщан жауап алынғанша токта-тады.

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Казакстан Республикасы Президентіне кешірім жасау туралы ©тініш жібереді. Егер де ол кешірім сүраудан бас тартса, ол жөнінде тиісті акт жасальш үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және баска керекті кұжаттарды қосып сотталғаннын кешірім сұрау мәселесін карау үшін Президент Аппаратына жіберіледі.

Сотгалғанға тиісті кұкыктьщ ішінде (олар яғнитүсіндірілген болуы тиіс) атайтыны, ол занда көзделген тәртіппен кажетті азаматтык-қүкыктык және неке-отбасылык катынастарды рәсімдеу мүмкіндігі. Заң көмегін алуға және уакыт ұзактығы мен санына шек койылмай адвокатпен оңаша кездесуге кұкылы. Кешірім жасау туралы барлық арыздар мен өтініштер канағаттандырылмай, үкім күшінде калдырылғаны туралы ха-барлама түскеннен соң жаза бір жыл өткеннен кейін ғана орын-далады. Өлім жазасына сотталған адам күшейтілген күзетпен және бір кісілік камерада үсталуы тиіс. Сонымен катар кызметкерлердің де қауіпсіздігі сақталуы тиіс.

Сотталғандар сейілдеуге камера сайын бөлек-бөлек, баска сотталғандардан аулақ, оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексеріледі, әлсін-әлсін ұқыптытінтіледі. Сотталғандар-ды камерадан шығарудың туыскандарымен, діни қызметкер-мен кездестірудін арнайы ережесі болады, ол сенімді күзетпен және қызмет істеп жүргендермен, кездесуші адамдардын қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.