Өлім жазасына сотталғанға керекті тұрмыстық жағдаіі жа-салады, тиісті төсек-орын беріледі. Үш рет тамақтандырылады.
Керек жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Егер де онда көмек көрсетуге мүмкіндік болмаса, жағдайы бар жерге апарылады.
Үкім занды күшіне енгеннен кейін өлім жазасьша сотталған-дарға арнайы үлгідегі киім кигізіледі.
Сотгалғавдарға бас бостаңдығъшан айыру орны кітапханасы-ның газет, кітаптарымен пайдалануға рұқсат етіледі; хат алып және жіберуге шек қойылмайды; тамак. өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті нәрселерді сатып алуға катаң режимдегі түзеу колониясында ұсталатын сотталғандарға белгіленген мөлшер-де акдіа жүмсай алады. Өлім жазасына сотталғандар еңбекке тартылмайды.
Сот үкімінің занды күшіне енуі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртібімен соттың өкіміне кар-сылык біддірудің негізі жоқтығы туралы және істі қадағалау тәртібімен карау үшін негіздердің жоқтығы туралы Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының корытындылары, сондай-ак кешірім жасау туралы етініштің канағаттандырыл-мағаны туралы хабарлама немесе сотталғанның кешірім жасау туралы етініш беруден бас тартканы туралы акт - өлім жаза-сын орындау үшін негіз болып есептеледі.
Өлім жазасы жария етілмей ату жолымен орындалады. Бірнеше адамға өлім жазасы орындалатын болса. онда әрбіреуіне жеке-жеке және басқалардың жоғында орындалады.
Өлім жазасын орындау кезінде прокурор, өлім жазасы аткарылатын мекеменің уәкілі және дәрігер болады. Сотталған-ның өлгенін дәрігер куәландырады, ол жөнінде хаттама жаса-лып, оған көрсетілген адамдар кол қояды.
Жазаны аткарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотка, сондай-ак сотталғаннын жақын туыстарынын біреуіне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлауға міндетті. Өліктің жгрленген жері туралы туыстарына жерленген кезден екі жыл өткен соң хабарланады.
Азаматтык хал актілерін жгізу органына әкімшілік белгіленген үлгіде хабар жібереді жөне туыстарьша оның өлгені туралы куәлікті алатын жерін хабарлайды.
14-дәріс. Жазаны өтеуден босату. Түзеу мекемелерінен босаған адамдарға көмек көрсету және оларға бақылау жасау.
1. Жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу, оның түрлері мен негіздері.
2. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі.
3. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу.
1.. Жазаны өтеуден босату - құқық саласының әр түрлі нор-маларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығы.
Қазакстан Республикасының қылмыстық зандарында жа-задан босату бір мағынада түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиетте бір жөнге келтіру және жазадан босатудың мүмкін жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа біріктірілген болатын:
а) жазаны тағайындағанша басқа шаралармен өзгертіп, сондай-ақ өзгертпей босату; ә) жазаны тағайындағаннан бастап оны өтеуден (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату; б) жазаны өтеу кезінде одан (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату немесе өтеуді кейінге қалдыру. Қылмыстық-аткару құқығының саласына жазаны өтеуден босатудың тек соңғы тобының түрлері кіреді. Әрине, бүған үкімді орындауды кейінге қалдыруда қолданған жағдайдағы жазаны өтеуден босату қосылмайды.
Жазаны өтеуден босатудың азаматтың құқықтық жағдайын өзгертетін заңнын ақиқаты айтылады. Оньщ пайда болуымен әдетте түзету күқық қатынастары токтатылады да азаматтың құкықтық. мәртебесі орнына келтіріледі.
Жазаны өтеуден оны босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайда жазаны етеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың кұкықтық мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері сақталады.
Жоғарыда айтқандай, жазадан босату азаматтың кұқықтық жағын өзгертетін заңның ақиқаты, сондыктан тиісті құқықтық және сонымен қатар заң түрінде реттеуді талап етеді.
Жазаны өтеуден әрі қарай босатудың негізі - ол сотталғанның тиісті дәрежеде өзінің түзелгенін көрсеткені, болмаса Қазақстан Республикасының қылмыстық зандары көрсеткен басқа негіздер, ал босатудың өзі қылмыстық іс жүргізу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетілгендерге сәйкес іске асырылуының өзі негіз болады.
Біздің көруімізше, қылмыстық, кылмыстық іс жүргізу мен кылмыстық-атқару кұқықтарының нормалары - өзара тығыз байланыста, әрине, қылмыстық қүқық нормалары бастаушы рөл атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, кылмыстық-атқару құқықтарының жалпы институттарының бірлігі байқалып тұр. Солардың бірі өтеген, немесе өтеп жатқан жазадан босату институты болып табылады. Бүл институттың негізінде қылмыстық құқықтык, нормалары жатыр. Сонымен бірге күші бар қылмыстық заңдарда жазадан босатудың барлық негіздерін түп-түгел реттеп беретін арнайы нормалары жоқ. Мұндай негіздерді белгілейтін нормалар қылмыстық-аткару зандарында бар (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 168-бабы).
Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып мыналар есептеледі:
сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің қысқартылуына байланысты сот үкімі күшінің жойылуы;
жазаны өтеуден шартты - мерзімінен бұрын босату;
жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жүмсақ түрімен ауыстыру;
кешірім жасау немесе рақымшылық ету;
ауыр науқастану немесе мүгедектік;
заңда көзделген өзге де негіздер.
Сонымен, заңмен жазаны өтеуден босатудың әр алуан түрлері көрсетілген. Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түріне сот үкімімен белгіленген жаза мерзімін өтеу кіреді. Жазадан босатудың. бір түрі - мерзімінен бұрын босату, ол тек заңда тікелей көрсетілген кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Бұл жазаның мақсатына жеткенінде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана мүмкін.
Жазадан босатудың негіздеріне заң ақиқатында көрсетілгендігі жатады, оған мемлекеттің жоғарғы басқару актілері, яғни әрі қарай жазаны өтеуден босату туралы соттардың үкімдері мен ұйғарымдары кіреді.
Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың. негіздерін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа - сот үкімімен белгіленген мерзімді өтеп бо-сатылған сотталғандар кіреді.
Одан кейін мерзімінен бүрын босатылғандар тобын атауға болады, оған кіретіндер: шартты - мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру, аурулығы мен мүгедектігіне байланысты жаза өтеуден босату, кешірім жасау мен рақымшылық етуге байланысты, үкімнің жойылуы мен істін қысқартылуына байланысты; үкімді өзгертіп жазаны шартты мерзімінен бүрын ауыстыру немесе ең аз шектеуге дейін төмендету себебіне байланысты.
Үшінші топқа заңда қаралған басқа да негіздермен жазадан босатулар кіргізіледі.
Көрсетілген жазадан босату негіздерінің әрбіреуінің өзіндік әлеуметтік-құкықтық және зандық табиғаты бар. Жаза мерзімін өтеуден босатудың өзі адамның жазаны өтеуін тоқтатқаны болып есептеледі. Тіпті, сотталғанды түзей алмағанның өзінде де ол, бакылау түрімен өзгертілген занды күшіне енген тұрақты үкім бойынша зандылыққа сүйене отырып босатылуы тиіс. Жаза мерзімін өтеген соң босату - табиғи, қолданылған жазаны өтегеннен кейінгі қисынды түсінікті жағдай.
Жалпы ережеден бір ерекшелігі - ол жазаны өтеу мерзімінен бұрын босату. Ол әр түрлі негіздерде қолданылады.
Мерзімінен бұрын босатудың ерекше екенін атай отырып, сотталғанның заң белгілеген жаза мерзімі біткенше түзелгенін көрсететінін, ал ол жазалау әсерінің тиімділігінің дәлелі дегіміз келеді. Бұл мағынада, жазаны өтеудің мерзімі бітуден бұрын босатудың негізгі түрлері - жазаны даралап өтеудің сатысындағы процесті аяктайтын - мерзімінен бұрын шартты босату, жазаның өтелмеген бөлігін оның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру.
Мұндай институттар болғандығы жазаны аткарушы органдардың сотталғандарға, олардың адал ниетпен еңбек істеуіне, ұқыпты оқуына және мінез-құлқының үлгілігіне белсенді әсерін тигізеді. Жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату заңының жағдайларын дұрыс пайдалану және оның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру сотталғандардың құқыктық. танымына үлкен тәрбиелік әсерін тигізеді. Сондықтан жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тарту, сондай-ақ жазадан негізсіз босату сияқты кез келген қателіктерге қатысы бар жағдайларға шыдауға болмайды.