Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 32 из 33)

Жазаны өтеуден босатудың түрлері мен негіздерін белгілейтін құқықтық іс тәртібін реттеу, жалпы алғанда жазаны өтеуді дараландыруға жұмыс істейді және оның мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.

2.Күші бар қылмыстық-аткару заңдарында, ведомстволық нормативтік актілерде түзеу мекемелерінен босатудың тиісті тәртібі көрсетілген.

Сотталғандарды жазаны өтеуден босату үшін оларды алдын ала дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау - кұқық бұзушыларды түзету жөніндегі түзеу мекемелерінің іс әрекетіндегі ең бір маңызды кезеңі. Оған оларды алдын ала жұмысқа орналастыру, бостандықтағы өмір жағдайына тез үйрену мәселелері кіреді. Босатуға дайындық мерзімі аяқталудан үш ай бұрын басталады. Әрбір сотталғанмен жеке әңгіме жүргізіледі, онда босағаннан кейін шамамен оның тұратын жері белгіленеді; жергілікті үкімет органдарының көмек көрсету тәртібі түсіндіріледі.

Түзеу мекемелері әкімшілігінің жасақ бастығы мен боса-тылғандарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын орналастыру жөніндегі аға инспекторы керекті жағдайда олардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру мүмкіндігін біледі және алдын ала көмек көрсетуге шара қолданады. Қазір нарықтық жағдайға көшу кезінде мұндай көмек көрсету мүмкіндігі төмендеп кетті.

Түзеу мекемесінен босайтын адамдарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын түзеудің, маңыздылығын ескере отырып, тәрбиелеу шаралары жиынтығын аяқтау кезеңі және кұқық бұзушыны түзеудің қорытындысын бекіту түрінде, қазіргі күші бар

Қазақстан Республикасы Еңбек заңдары - ол міндетті жергілікті аткару органдарына жүктейді. Нарықтық экономика қалыптасу кезінде жүмыссыздық, пен өңдіріс амалсыз кұлдырайды. Осының қорытындысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа орналастыру қиындады. Жалпы жаза мерзімін өтегендердің 7 пайызы ғана уақытша жұмысқа орналаса алады, қалғандары жұмыссыздар қатарына қосылуға мәжбүр болады, сондықтан бұл дәрежедегі адамдар қайта құқық бұзу жолына түсуі мүмкін. Қылмыстық жағдайда Республикада бас бостандығынан айы-ру орындарынан босатылған сотталғандарды ақтау орталығының жоқтығы қиындата түседі. Кейбір дәрежедегі сотталғандарды босатуға дайындаудың өзгешеліктері бар - оларға I, II - топтағы мүгедектер, қартайғандар, кәмелетке жетпегендер, аяғы ауыр әйелдер мен жас балалары бар аналар жатады. Мысалы, босағаннан кейін тұратын орны жоқ I, II топтағы мүгедектер мен қартайған адамдар (олардың сұрауы бойынша) мүгедектер, қартайғандар үйіне орналастырылады. Осыған байланысты түзеу мекемесі әкімшілігі тиісті әлеуметтік қамсыздандыру органдарына, ал кәмелетке толмағандарға кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға керекті құжаттарды жібереді.

Жазадан босату кезінде сотталғанға кету парағы беріліп, соның негізінде онымен түгелдей есептеседі.

Бірқатар түзеу мекемесінде қызықты тәжірибе бар. Оларда сотталғандарды босату рәсімі жүргізіледі, ол үлкен психологиялық әсер етуі мүмкін. Оның салтанатты жағдайда жүргізілуі көңілді көтереді, сотталғанның. колонияда ақырғы рет болып, енді өмірдің жаңа шебіне, бостандық өмірге ауысуы ретінде дұрыс қабылданылады.

Кешірім жасау, рақымшылық ету негіздерінде, шартты түрде, мерзімінен бұрын шартты немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімін едөуір жеңілдетілген жазамен ауыстырғанда да рәсім салтанатты болуы тиіс.

Осы мақсатта сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға арналған жиналыс өткізілуі мүмкін.

Сотталғандарды еркіндік өмірге дайындаудың аса жауаптылығын түсіне отырып Заң Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 173-бабында бас бостандығынан айыру орындарынан босату тәртібін арнайы реттеген. Ол бойынша бас бостандығынан айыруға, қамауға, бостандығын шектеуге сотталғандар жаз мерзімінін соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады.

Егер құжаттар жұмыс күні біткеннен кейін түссе, онда ертеңгі күні танертең босатылады. Ал, жаза мерзімі демалыс немесе мереке күні бітетін болса, сотталған жазаны өтеуден демалыс немесе мереке алдындағы күні босатылады. Жазаның мерзімі айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиісті күнінде, ал егер бұл айда тиісті күні болмағанда сол айдың соңғы күнімен бітеді.

Сотталған босатылған кезде оған тиесілі заттары мен құнды-лықтары, онын. жеке шотындағы сақтаулы тұрған ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегені туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат беріледі. Босатылушынын, сұрауы бойынша оған әкімшілік мінездеме беріледі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға түзеу зандарымен келесі материалдық көмек түрлерін көрсету белгіленген: босатылған адамдар түратын жерлеріне немесе жұмысына дейін тегін жалақымен, тиісті тәртіппен жалда жүргенде азық-түлікпен немесе ақшамен, мемлекеттік қаражат есебінен сырт киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Оларға белгіленген мөлшерде түзеу мекемесі бір жылғы ақшалай жәрдемақы беруі мүмкін (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 176, 177-баптары).

I және II топтағы мүгедектерді, аяғы ауыр әйелдер мен жас баласы бар әйелдерді, яғни көмелетке толмағандарды жазадан босату кезінде жазаны атқарушы мекеменің әкімшілігі олардың туыстарын не қамқоршы өзге адамдарды алдын ала хабардар етеді.

Түзеу мекемелерінен босатылатын, денсаулығы бойынша ұдайы күтімге мұқтаж адамдар, сондай-ақ 16 жасқа толмаған-дар тұратын жеріне алып кетуге келген адамдарға немесе түзеу мекемесінің қызметкеріне ертіп жіберіледі.

Ата-аналары жоқ кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар шешімімен мектеп-интернат-тарға немесе басқа да балалар мекемесіне жіберіледі, сондай-ақ белгіленген заң бойынша қамқор тәрбиешіге беріледі. Оларға бір жолғы берілетін акша орнына керекті киім-кешек тағы басқа заттар алып берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нің басқа республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінде жазаны етегеннен кейін өз республикасына кеткенде жол билеті Қазақстан Республикасының шекарасына дейін қамтамасыз етіледі.

3.Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде, сонымен қатар бұқаралық акпараттар құралдарындағы жариялымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін заңмен реттеу жөнінде ұсыныстар табандылықпен жиі айтылып жүр.

Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу проблемасын қайталанба қылмыстармен күресу бағытының. бірі ретінде қарау тиіс. Шынында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра, сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құкық бұзу мен қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.

Әлеуметтік бейімделу деп жеке адамның әлеуметтік ортаға икемделуін, оның әдет-ғұрпын, осы ортаға тән нормаларын әлеуметтік көзқарастарын, нұсқауларын үғып алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген адамға еркін қоғамда тұратын азаматтардың мінез-құлықтарын, әдеттерін үйренуін айтады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілігі қылмыстық жазаны өтету процесінде сотталғандарды түзеудін негізгі амалдарын қолдана отырып, сотталғандарды еркін өмірде тұруға психологиялық, өнегелілікке дайындау мақсатында көптеген шаралар қолданады. Бұған, болашақта әр түрлі себептермен босатылатын адамдарды құқыққа оқытуда кіреді. Бүл сотталғанның босатылғаннан кейінгі өмірді құруға ақылмен қарауға бағытталған жұмыстың ойланып істеген бір түйінді кезеңі деп ойлаймыз. Сондықтан, тәрбиелеу жұмысы кезінде сотталғанмен маңызды тақырыптарға, яғни отбасында, ұжымда, қоғамдағы базарлық қатынастар, кезінде өнегелілік, іскерлік көрсету, тұрмыста кездесетін және онда мінезге қойылатын талаптар туралы әңгімелер жүргізіледі.

Бұл жұмысты жүргізгенде ол адамдардың бейімделуіне табиғи қиындата түсетін кейбір объективті жағдайлар бар. Бас бостандығынан айыру сотталғандарға да, қоғамға да көптеген әлеуметтік қиындықтар қалдырады.