Смекни!
smekni.com

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі (стр. 33 из 33)

Оның зардабының бірі - ол, отбасымен, ағайын-туыстарымен, таныстарымен, бұрын жұмыс жасаған ұжымымен т.с. сиякты көптеген әлеуметтік-пайдалы байланыстарынын. үзілуі. Осындай үзілістердің зардабын жеңілдету мақсатында, заңмен әр түрлі шаралар алдын ала көзделген: сотталғандар посылка, сәлемдемелер алады, кездесе алады, хат жазысып тұрады. Әрине, бұл шаралар тұрақты кездесіп тұруды ауыстыра алмайды. Қылмыстык-атқару кодексінде жеңілдіктер түрі едәуір кеңейтілген.

Күші бар зандарда бұл - бірінші рет сотталғандар мен бас бостандығынан айыруға бұрын сотталғандарды бөлек ұстау шарасы аркылы шешіледі. Бірақ қазіргі топтастыру әдісі әр түрлі сотталғандардың жеке басының ерекшелігін түгелдей ескере алмайды. Кейде бір рет сотталғанмен, ал бірнеше немесе әдейі саналы түрде қылмыс істеген қауіпті қылмыскер болуы мүмкін, ал басқа бір сотталған адам екінші рет сотталғанмен, ол қылмысты күтпеген жағдайға байланысты жасаған адам болуы мүмкін. Екіншіге қарағанда, бірінші жаза өтеп жүрген басқаларға кері әсерін күштірек тигізуі мүмкін.

Бейімделуді ауырлататын екінші қиындық - ол сотталғандар көптеген жағдайда өмір дағдысынан айырылады; өз бетімен шешім қабылдамайды; барлық күн тәртібін мекеме әкімшілігі белгілейді; өз қаржысын жұмсауды жоспарлай алмайды; олардың қолында ақша жоқ; қалалық көлікпен жүрмейді; күнделікті өмірде басқа азаматтар сияқты өзін баспанамен, киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ойламайды. Олар өз бетімен шешім қабылдаудан безінеді, яғни бостандықта өмір сүруге бейімделмеген пассив болады.

Сотталғандардың көпшілігі жабық түрдегі колониялардан (жалпы, күшейтілген, қатаң және айрықша режимдегі) және де түрмеден тікелей босатылады.

Бейімделудің қиындата түсуіне босатылғанның бостандыкқа шыққан күнінен бастап кереғар қабылдауға кездесу әсер етеді. Бүл жағдай, әсіресе колонияда дайындалмағандарға ерекше әсер етеді.

Босатылғаннан кейін ұйымдардың, кәсіпорындарының (меншік түріне қарамастан) кейбір лауазымды адамдарының оларға сенбегендігінен жұмысқа алмауы сияқты проблемалар пайда болуы мүмкін. Одан басқа мүндай адамдар, әсіресе кәмелетке толмағандар әлеуметтік қоршаудың кері әсеріне бейім тұрады. Сондықтан кәмелетке толмағандар бостандық өмірде тұрмысын жөнге салудағы және жаңа әлеуметтік рөлін игеруде көмекке өте мұктаж болады.

1963 жылы жартылай бас бостандық режимі орнатылған Қоныстану колониялары құрылған болатын. Ондағы режим сотталғандарды бостандық өмірдегі жағдайға жақындатуға ба-ғытталған. Бірақ бұл кезеңді мінезі оңға басқан, түзелу жолына әбден түскен сотталғандар өтеді. Әйтсе де мінез-құлқын босатуға біртіндеп бейімдеу жеңілдеу болар еді.

Бұл жөнінде шымкенттіктердің сотталғандарды бостандық жағдайға әлеуметтік бейімдеудегі тәжірибесі көңіл аударарлық.

Тәжірибенің жағдайына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны сотталғандар кезең-кезеңмен өтейді. Бірінші кезеңде жазаны қатаң талаптағы режимнен бастап, олардың жақсы мінезіне байланысты осалдатып, ақырында түзеу мекемесі әкімшілігінің бакылауымен тіпті қылмыстан босатуға дейін апарады. Бұл, жазаны өтеп жатқан жерде сотталғандардың мінез-құлықтарын адал ниетпен түзеуге құштарлығын шын мәнінде талаптандыру. Тәжірибе сотталғандардың туысқандарымен әлеуметтік қарым-қатынастарын пайдалы түрде кенітуді, босағаннан кейін оны одан әрі кеңіте түсу мақ-сатын көздейді.

Мекеме әкімшілігіне облыс әкімшілігі жанындағы бақылау комиссиясымен келісе отырып, сотталғандарды 4 кезеңге әлеуметтік ақтау орталығына ауыстыруға құқық берілген.

Әлеуметтік ақтау Орталығында жазаны өтеп жүрген сотталғандар орталық тұрған әкімшілік ауданындағы сотталғандар тұрған жеріне күн сайын барып келе алатындай қашықтықтағы кәсіпорнына жұмысқа орналастырылады. Әлеуметтік ақтау Орталығына ауыстырылған сотталғандар колония аумағының сыртында орналасқан жатақханада түрады. Ал, кейбір сотталғандар 6 ай өткеннен соң түзелу жолына түскенін мінез-қүлқымен дәлелдесе, онда Шымкент қаласының шегіндегі отбасында қылмыстық-атқару жүйесінің облыстық ПБ жанындағы Кеңестің рұқсатымен тұра алады.

Айтылған тәжірибе дұрыс қорытындысын берді. Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп белгілі бір дәрежеде жақсарды, режим бұзушылық бір жарым есе төмендеді. Әлеуметтік ақтау Орталығында бірсыпыра сотталғандар отбасымен жойылған байланыстарын қалпына келтірді. 30-дан астамы үйленді, үшеуі жоғарғы оқу орнына және техникумға оқуға қайта алынды. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясынын "Психолог" ҒОБ-ньщ сотталғандармен жүргізген сұрағының қорытындысы сұралғандардың 90 пайызы осындай орталық құрудың сотталғандар үшін де, тіпті қылмыстық-аткару жүйесін жақсарту үшін де пайдалылығын көрсетті.

Мұндай орталыктардың кызметі "жақында" тіпті ""алыста'" шет елдерде кең таратылды. Англияда, тағы кейбір елдерде ашық түрдегі түзеу мекемелері, әсіресе сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға дайындаған кезінде кең пайдаланылады. Оларда сотталғандарға пенитенциарлық мекемелердің сыртына шығуға рұксат етіледі. Ұқсас "ашық" бөлімшелер ГФР, Чехия, Словакия пенитенциарлық мекемелерінің жанында қызмет істейді. Мысалы, Швецияда бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдар үшін ақтау орталығы құрылған, ол жерде бұрынғы сотталғандар жұмысқа орналасу мен тұрмыстық мәселелерін шешкенше азғана ақы төлеп баспана мен тамақ ала алады. Одан басқа, жергілікті үкімет органдары өзінің ведомстволық қарауындағы аумақта босатылған адамға шұғыл көмек көрсету үшін өз қаражатына түнде жататын үйлер ұстап отырады.

Шведтердікіне ұқсас қазіргі уакытта Бұқарада, Санкт-Пе-тербургте, Самарада, Ярославльде және басқа да Ресей қалаларында ақтау орталықтары құрылған.

Жазадан босатылғандардың әлеуметтік бейімделу проблемаларын шешуде тек ішкі істер органдары ғана емес, сонымен бірге қоғамда және бүтіндей мемлекетте құштарлық білдіруі тиіс.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды бейімдеу проблемалары өтпелі кезеңдегі елдегі экономикалық-әлеуметтік қиындыктар жағдайында күрделі болып есептеледі. Бірақ бұл мәселе өзінің тезірек заң деңгейінде шешілуін талап етеді. Тиісті өзгерістер әр түрлі - қылмыстық-атқару, әкімшілік, баспана және т.б. заң салаларында белгіленуі тиіс.

Біздің көзқарасымызша, бұл мәселені шешуде үкіметтің жергілікті атқару органдары да тікелей қатысуы тиіс. Оларға тиісті көмек көрсету үшін нақтылы мүмкіндік берген жөн: арнайы ақшалай қор құру, тұратын орын бөлу, мүмкін уакытша пайдалануға ғана және т.б.

Бас бостандығынан айыру орнындағы сотталғанды босатқанда әлеуметтік бейімдеуді жеңілдету үшін бір жағынан арнайы әлеуметтік нормалар жүйесі белгіленуі тиіс. Себебі оларды (жұмысқа орналасу, тұрмыстық, баспана табу) көптеген жағдайда өз бетімен шеше алмайды, ал, екінші жағынан - қоғамға қарсы қандай да болмасын мінез көрсететін, соның ішінде жана қылмыстар істеуі мүмкіндерге әлеуметтік бақылау қою.

Осыған байланысты бірқатар заң ғалымдары арнайьг "Жазадан босатылған адамдарға бейімделу кезінде арнайы көмек көрсету" туралы заң қабылдауға ұсыныс жасауда. Занда мыналар белгіленген болуы керек: мемлекет органдарының, кәсіпорындарының, мекемелер мен ұйымдардың әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етудегі қызметтерінің негізгі бағыттары мен міндеттері; жазадан босатылған адамдардың құқықтық жағдайы; олардың еңбек пен тұрмыстық жайын ұйымдастыру тәртібі; олардың әлеуметтік бейімделуін ұйымдастыру.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды бақылау міндеті мен байқау мерзімі кезінде олармен тәрбие жұмысын жүргізу міндетін заң жұмыс істеп, оқып жүрген немесе тұрған жерлеріндегі қоғамдық ұйымдармен еңбек ұйымдарына міндеттеді. Жазаны етеудін мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың өз ерекшеліктері бар. Бір жағынан оның, қауіптілігі аз адамдарға қатысы бар, себебі бұл жағдай кімде-кім өзінің түзеліп келе жатқанын үлгілі мінез-құлқымен, таза еңбегімен дәлелдеген адамдарға қолданылады, сондықтан олардың қайта қылмыс істеу мүмкіндігі аздау. Екінші жағынан, бүл адамдар мерзімінен бүрын босатылғандықтан, олармен босатуға әзірлеу жұмысы жүргізілмеген, ал жүргізіле қалса жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан еңбек ету мен тұрмыстық жағдайын орна-ластыру мәселелерін олар босағаннан кейін өз беттерімен шешеді. Бақылау мен тәрбие жұмысын жүргізудің басты мақсаты - ол босағанда жаңа жағдайға бейімделу үшін көмектесу, туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесу, босағаннан кейінгі бірінші уакытта жиі байқалатын қылмыс істеуді болдырмау.Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды өз бетімен немесе енбек ұжымының сұрауымен, бірақ оның келісімімен бакылауы міндеттей алады.

Мүндай адамдармен тәрбие жұмысын, олардың түзелуін бекіту ретінде жұртшылыктың көмегінсіз ұйымдастыру мен үйлестіруді және олардың дәл есебін тез белгілемей тиімді жүргізу мүмкін емес.

Жазаны өтеудің мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатын адамдардың есебін ішкі істер органдары жүргізеді. Оларды есепке қою тәртібі мен тәрбиелеу шаралары Қазакстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық нормативтік актілерімен реттеледі.