Жаңа заң жобаларын дайындау КСРО кезінде-ақ басталды. Барлық қылмыстық жазалар бір принцип негізінде орындалатынын еске ала отырып, ал еңбекпен түзеу құқығының пәні қоғам талабына сәйкес жан-жақты дами түскендіктен КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңының жаңа жобасын дайындау мәселесі пайда болды. Бұл маңызына қарағанда еңбекпен түзеу құқығы тарихында жаңа кезеңнің пайда болғанын, оның қылмыстық-атқару құқығына өзгергенін білдірді. Алғаш рет 1989 жылы қылмыстық-атқару заңы негізінің тұжырымдамасы құрылған болатын, ал сонан сон, қылмыстық-атқару заңының негізі доктрилдық үлгі дайындалған, онда дүниежүзі қоғамдастығының тәжірибесі кең пайдаланылды. Жекелеп айтқанда, жобада БҰҰ қабылдаған принциптер бейнеленген және қамаудағылармен айналысқандағы Ең аз үлгі Ережесі мен басқа да халықаралық құжаттар негізге салынған.
3.Қылмыстық-атқару құқығы құрылымы жағынан қарайтын болсақ, ол әр түрлі нормативтік жарлықтардан, тікелей айтсак, бөлімнен тұратын аталған құқық саласының құрастырылған, біртұтас жүйелі құқықтық білім. Әрбір құқықтық жарлық әлеуметтік, нормативтік, психология педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық маңызбен белгіленіп толықтырылған. Қылмыстық атқару құқығы құрылымының тұрақты байланысын, құқықтың бұл саласында әр түрлі институттар мен нормалардың өзара әрекеттілігін бұлар жиынтығында мазмұны мен мемлекеттегі қылмыстық-атқару құқығының әлеуметтік міндетін көрсетеді. Сонымен, құқық құрылымының бастапқы бөлімі (құқық саласы - құқық институты - құқық нормасы) қылмыстық-атқару нормасы болады. Норма - ереже, мінез-құлық ережесі. Зандық (құқықтық) норма заңда көрсетіліп, бекітілген мінез-құлық ережесі. Норма - құқықтың құрылымдық элементтерінің бірі. Оны құру - құқықтық реттеуді қажет ететін және осыған байланысты құқық нормасы мазмұнын білдіретін тиісті қоғамдық қатынастардың болу қорытындысы. Сондықтан, құқықтық нормалар жиынтығын қабылдау - құқықтық реттеудің ерекше пәнінің барлығын және құқық саласының жекелігін дәлелдейтін айғақтың бірі.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлык үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз. Онда жалпыға бірдей міндетті ереже қойылады, жарлыққа байланысты қоғамдық қатынас реттеледі, жазаны атқару (өткеру) және сотталғандарға түзету шарасын қолданудың ықпалын тигізу процесінде пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, норма құқық саласының негізгі элементі, оның бірінші деңгейі болып есептеледі. Екінші деңгейін қоғамдық қатынастардың тиісті тобын реттейтін нормалар жиынтығы құрайды. Мысалы, қылмыстық жазаның кейбір түрлерін атқаруда, сондай-ақ жазаны өтеуден босатқан кезде (бас бостандықтан айыру, түзету жұмыстары және т.с.с.) пайда болады. Мұндай екінші деңгейдегі нормаларды біріктіру белгілі бір қылмыстық-атқару құқығы институтын құрайды. Институттардан тұратын құқық саласының өзі үшінші немесе ол құрылымның жоғарғы деңгейін құрайды. Құқық институт-тары құқықтың реттеу объектілерін нақтылы анық белгілеуге мүмкіндік береді, оның құқық шығармашылығы қызметінде маңызы зор.
Қылмыстық-атқару құқығының нормалары ішінде де құқық саласының жалпы ережелері мен жалпы түсінік принциптері құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының міндеттері біріктіріледі. Бұл нормалар мәлімдеме ретінде жүргізіледі. Олар қылмыстық атқару саясатын іске асырады. Көрсетілген нормалар Ережесі қылмыстык-атқару құқық қатынастарында субъектілердің субъективтік құқық пен зандық міндеттерін белгілейтін нормаларда айқындалады.
Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керекті бағытта реттеу үшін қабылданады. Сондықтан, құқықтық норманы ішкі маңызы жағынан қарайтын болсақ, екі жақты өкілетті - міндеттеуші болып бейнеленеді. Егер де бір субъектіде субъективті құқық пайда болса, онда басқа субъектіде құқық қатынасына лайықты міндеттер пайда болады т.с.с.
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары құқықта айтылғандай, жазаны атқару кезіндегі тәртіп ережесін сақтауды көрсетеді. Кейбір жазаны орындауда түзеу ықпалы шара қолдану арқылы қаншалықты жүргізілсе, қылмыстық-атқару құқығы белгілеген нормалары ереже тәртібін сақтаудың түзеу ықпалын шара қолдану арқылы соншалықты орындайды.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары қоғамдық қатынастар процесінде және жазаны атқарудың (өткеру) реттеу үшін қолданылады, ал бұл орын алған кезде процесте пайда болған қоғамдық қатынастарды және түзеуге әсер ету шарасының жайын реттеу болады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары жазаны атқару себебі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқын тәжірибеде реттейді. Бұл қатынастар қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттеле отырып, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болады.
Қарастырылып отырған нормалар маңызын түсіну үшін қандай да болмасын жаза түрін өтеуге байланысты құқығы мен міндеттерін білдіретін құқықтың, басқа салалары нормаларымен олардың арақатынасын айыра білу керек.
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары сотталғандардың тәртібін кең көлемде реттеген сайын оның нормаларының қимыл өрісі, құқықтың басқа салаларынан тарырақ болып тұр. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен бас бостандығынан айыру тәртібі және жағдайлары жан-жақты белгіленгені мәлім.
Сотталғандарды бас бостандығынан айырған кезде олар түзеу мекемелері әкімшілігімен қарым-қатынасқа кіреді, ал дағдылы өмір-жағдайында азаматтар үкіметті басқару орындары және сот органдарымен қатынаста болады. Бас бостандығынан айыруды орындайтын, жағдайы мен тәртібін белгілейтін қылмыстық-атқару құқығы нормалары қоғамдық-қатынастар саласында едәуір басым келеді. Олар, әдетте конституциялык еңбек, азаматтық және отбасы құқығы нормаларымен реттеледі. Қылмыстық-атқару құқығы нормалары маңызын бостандықтан айыру жазасын атқару жағдайларын анықтап алуда мысалы, оларды отбасылық, азаматтық құқық нормаларымен салыстыру үшін керек.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары азаматтық, отбасылық құқық саласымен өзара байланыста болады. Бұл нормалар сотталғандарды тұратын мекенін тандап алу мүмкіндігінен айырады да көптеген басқа да азаматтық пен отбасылық құқығы мен міндеттерін іске асыруға шектеулер қоя алады. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларына сотталғандардың жеке меншік құқығы едәуір шектелген, өйткені олар ие болу, пайдалану иелік ету немесе тек кейбір мүлік игілігін пайдалану немесе ие болу құқығынан айырылады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары және міндетті құқығына көптеген шектеулер енеді. Сотталғандар әр түрлі келісім жасау құқығынан айырылады, мысалы, сату, сатып алу немесе басқа сотталғандармен айырбас жасау.
Жаза өтеу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқы, соның ішінде түзеу ықпалына байланысты қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттелмейтін жазалар бар. Мысалы, түзеу мекемелерін басқару, оларды ұйымдастыру, қаржылау мен жабдықтау, басқарушылар құрамы қызметкерлерінің еңбек ету тәртібі әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Түзеу мекемелерінің сотталғандардың өндірісте өнім шығарудағы еңбегін пайдалану туралы басқа ұйымдар мен шарттық қатынасы азаматтық құқық нормаларына сәйкес белгіленеді. Түзеу мекемелеріндегі жұмысшылар мен қызметшілердің, соның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі еңбек құқығы нормаларымен реттеледі. Сотталғандардың мүліктік және мүліктік емес жеке игілігі жөніндегі құқығы мен міндеттері олардың азаматтық құқығы нормаларымен, ал отбасылық қарым-қатынастары от-басылық құқығы нормаларымен реттеледі. Сотталғандардың жаза өтеу кезіндегі жаңадан істеген қылмысы үшін жауапкершілігі қылмыс пен қылмыстық іс жүргізу құқықтары нормаларында көрсетілген.